Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекстен, Қазақстан Республикасының заңдарынан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа заңдарына еңбек қатынастарын, әлеуметтік әріптестік пен еңбекті қорғау қатынастарын реттейтін нормаларды енгізуге тыйым салынады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегі ережелерден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар халықаралық шарттан оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайларды қоспағанда, еңбек қатынастарына тікелей қолданылады.
3-бап. Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының мақсаты мен міндеттері Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының мақсаты еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға, еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтардың ең төменгі кепілдіктерін белгілеуге бағытталған еңбек қатынастарын және еңбекпен тікелей байланысты өзге де қатынастарды құқықтық реттеу болып табылады.
Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының міндеттері еңбек қатынастары тараптарының мүдделерінің теңгеріміне, әлеуметтік тұрақтылыққа, қоғамдық келісімге қол жеткізуге бағытталған қажетті құқықтық жағдайлар жасау болып табылады.
4-бап. Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының қағидаттары Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының қағидаттары:
адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарын шектеуге жол бермеу;