Реферат тақырыбы: Еңбек шарты. Жұмыс уақыты. Тынығу уақыты. Тексерген: Смагулов Ж. К. Орындаған: Жақсылық Н. Ж. МазмұНЫ


-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы



бет3/13
Дата05.11.2022
өлшемі38,53 Kb.
#47640
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
2-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы


  1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекстен, Қазақстан Республикасының заңдарынан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

  2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа заңдарына еңбек қатынастарын, әлеуметтік әріптестік пен еңбекті қорғау қатынастарын реттейтін нормаларды енгізуге тыйым салынады.

  3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегі ережелерден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар халықаралық шарттан оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайларды қоспағанда, еңбек қатынастарына тікелей қолданылады.
3-бап. Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының мақсаты мен міндеттері

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының мақсаты еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға, еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтардың ең төменгі кепілдіктерін белгілеуге бағытталған еңбек қатынастарын және еңбекпен тікелей байланысты өзге де қатынастарды құқықтық реттеу болып табылады.

  2. Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының міндеттері еңбек қатынастары тараптарының мүдделерінің теңгеріміне, әлеуметтік тұрақтылыққа, қоғамдық келісімге қол жеткізуге бағытталған қажетті құқықтық жағдайлар жасау болып табылады.

4-бап. Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының қағидаттары
Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының қағидаттары:

  1. адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарын шектеуге жол бермеу;

  2. еңбек бостандығы

  3. еңбек, мәжбүрлі еңбек және балалар еңбегінің ең нашар нысандары саласындағы кемсітушілікке тыйым салу;

  4. Қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету;

  5. қызметкердің өмірі мен денсаулығының басымдығы;

  6. еңбегі үшін ең төменгі жалақы мөлшерінен төмен емес сыйақы алу құқығын қамтамасыз ету;

  7. демалу құқығын қамтамасыз ету;

  8. қызметкерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі;

  9. жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін бірлестікке құқығын қамтамасыз ету;

  10. мемлекеттің әлеуметтік әріптестікті нығайтуға және дамытуға жәрдемдесуі;

  11. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет