Реферат Тақырыбы: Фармацевтикалық өндірістегі кептіру. Кептіру тәсілдері. Кептіргіштер


Инфрақызыл сәулелермен (радиациялық) кептіру



бет6/6
Дата29.09.2023
өлшемі3,25 Mb.
#111781
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Маулет 402 Рефараті

Инфрақызыл сәулелермен (радиациялық) кептіру кезінде ылғалды буландыруға қажетті жылу жылулық сәуле шығару әсерімен беріледі. Инфрақызыл сәулелер шығаратын энергия көзге көрінер сәулелер шығаратын энергиядан әлдеқайда жоғары, сондықтан, бұл кептіру тәсілі тиімді. Инфрақызыл сәуле таратушы ретінде шағылыстырушы рефлекторлары бар электр лампалары немесе газбен қыздырылатын экрандар немесе панельдер қолданылады.

8-сурет
Лампалы радиациялық кептіргіштің схемасы 8-суретте берілген. Транспортермен (1) тасымалданатын кептірілітін материал үстіне шағылыстырғыштары (2) бар жарық бергіш лампалар орналастырылған. Осы лампалар материал бетіне қарқынды сәуле шоғын жібереді. Инфрақызыл сәуленің жылулық әсері ылғалды тез кептіреді.


Тәсілдің артықшылығы – жылу шығыны төмен; материалдың жұқа қабатынан ылғалды тез кептіреді; қондырғылардығ құрылысы қарапайым. Кемшілігі – кептірілуші материалдың біркелкі қызбауы; энергия шығыны жоғары.

Қорытынды


Кептіру-химия, фармацевтика және тамақ өнеркәсібінде қолданылатын ең көп таралған технологиялық процестердің бірі. Қандай да бір затты немесе препаратты кептіру операциялары болмайтын химиялық және фармацевтикалық өндірісті табу қиын.
Кептіру-бұл материалға жүргізілген жылу есебінен ондағы сұйықтықты буландыру арқылы қатты немесе паста тәрізді материалдан ылғалды жою процесі. Ол технологиялық процестің әртүрлі сатыларында қолданылады: шикізатты дайындау және жартылай фабрикаттарды алу үшін; жиі кептіру дайын дәрілік заттың сапасын анықтайтын өндірістің соңғы кезеңі болып табылады.
Жалпы бұл тақырыпта фармацевтикалық өндірістегі кептіру, кептіру тәсілдері және құрылғылармен толық таныстым.

Пайдаланылған әдебиеттер



    1. Б.А. Сағындықова. Дәрілердің өндірістік технологиясы. - Шымкент, 2008. - 346 б.

    2. Технология лекарственных форм. (Под ред. Ивановой Л.А.).– М.,Медицина.– 1991. – 2-й том.– 544 с.

  1. Меньшутина Н.В., Мишина Ю.В., Алвес С.В. Инновационные технологии и оборудование фармацевтического производства. - Т.1. – М.: Издательство БИНОМ, 2016.- 328 с., ил.

  2. Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм.– (Под ред. Тенцовой А.И.).– М., 1986.– 271 с.

  3. Б.А. Сағындықова. Дәрілердің өндірістік технологиясы. -Алматы, 2011. - 346 б.

  4. Муравьев И.А. Технология лекарственных форм. Издание 3-е, перераб. и доп. «Медицина», 1980г, 740стр





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет