Реферат Тақырыбы: Фармацевтикалық өндірістегі кептіру. Кептіру тәсілдері. Кептіргіштер


Кептіргіш аппараттардың түрлері және жұмыс істеу принциптері



бет2/6
Дата29.09.2023
өлшемі3,25 Mb.
#111781
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Кептіргіш аппараттардың түрлері және жұмыс істеу принциптері.
Кептіру жағдайларының әр түрлі болуына байланысты кептіргіштердің көп конструкциясы бар. Кептіруші агентке байланыссыз кептіргіштер 2 түрлі белгісі арқылы топталады:

  1. Кептіру жүретін қысым бойынша;

  2. Процесті ұйымдастыру әдісі бойынша.

Осы белгілеріне байланысты: 1) атмосфералық немесе ауалық кептіргіштер; 2) вакуумды кептіргіштер болып бөлінеді.
Соңғы кездерде арнаулы кептіргіштер пайда болды: сублимациялық, радиациялық, жоғарғы толқынды, ультрадыбысты.
1. Конвективтік немесе ауалық кептіргіштер. Камералық кептіргіштер.
Ауалық кептіргіштердің ең қарапайым түрі кептіргіш шкаф болып табылады. Бірақ, оларда кептіру бірқалыпты жүрмейді. Төменгі сөредегі материал кепкен кезде, жоғарғы сөредегі материал әлі ылғал болады. Жоғарғы сөредегі материал кепкенге дейін, төменгі сөредегісі қатты кеуіп кетеді. Сондықтан, сөрелерді материалдармен қоса әлсін-әлсін орын ауыстырып тұру керек болады.
Неғұрлым тиімді болып жылу тасымалдағышты – ауаны – күшпен айналдыратын кептіргіштер табылады, мысалы, көп камералы кептіргіш шкаф (1-сурет).

1-сурет
Шкафтың ішінде жылжымалы сөрелері бар екі тіреу (1) болады. Шкафтың ішіндегі бүйір қабырғаларында калорифирлер (3,5) орнатылған. Кептіргішке ауа вентилятордың (4) көмегімен айдаланады. Калорифер (3) арқылы жылынып өтіп, ауа төменгі сөрелермен қалқамен (6) бөлінген, жоғарғы сөрелердің қатарын жағалай жүріп өтеді, қарама-қарсы қабырғаға жеткен сон, ауа ондағы екінші калорифермен жылытылып, қайтадан кері қайтады. Жылыған ауа төменгі сөрелерге жеткенге дейін осылай қозғалып отырады. Су буларымен қаныққан ауа шахта арқылы сыртқа шығарылады.
Ленталы кептіргіштер. Кептірілетін материалдың кептіргіште үздіксіз араласып тұруы үшін жиі ленталық транспортерлар қолданылады. Ленталық кептіргіштер бір қабатты (ярусты) және көп қабатты болып бөлінеді. Бір қабатты кептіргіштерде материал қалындығы бойымен бір қалыпты кеппейді.
Көп қабатты кептіргіштерде материал бір лентадан екінші лентаға аударылып салынып тұрады және жақсы араласады. Көп қабатты (ярусты) кептіргіш тік бұрышты камерадан, барабанға керілген бірнеше торлы ленталық транспортерлардан тұрады. Ауа төменнен жоғарыға қарай барлық зоналарды дәйекті түрде аралап өтеді.
Ылғалды материал тиеуші бункер (1) арқылы жоғарғы ленталы транспортерге (2) түседі. Камера бойымен жылжи отырып, метриал екінші ярусқа түседі және т.с. Ауа кептіргіш камераға вентилятор (4) көмегімен айдалады, калорифермен (5) жылынады және қарама-қарсы ағымда қозғалады. Өңделген ауа кептіргіш камераның жоғапғы жағында орналсқан щтуцер (3) арқылы шығарылады. Төменгі ярустың транспортерінен кептірілген материал қабылдағыш бункерге (6) түседі. (2-сурет)



2-сурет



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет