Реферат Тақырыбы: Фармацевтикалық өндірістегі кептіру. Кептіру тәсілдері. Кептіргіштер



бет5/6
Дата29.09.2023
өлшемі3,25 Mb.
#111781
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Кептірудің арнайы тәсілдері.
Сублимациялық кептіру. Бұл тәсіл өз сапасын толық сақтаған және сақтау мерзімі ұзақ болатын материалдар алуға мүмкіндік береді. Сублимациялық кептіру қыздыруға шыдамсыз препараттар, антибиотиктер, қан препараттары, жануарлар органдарынан дайындалатын препараттар, гормондар, витаминдер және т.б. үшін пайдаланылады.
Сублимациялық кептіру тоңазытылған материалдан, яғни, қатты фазадан булы фазаға, сұйықтық күйін айналып өтіп, жүргізіледі.
Сублимациялық кептіру кезінде үш кезең орын алады:
1) дайындық кезеңі – кептірілетін материалды бөлшектенген күйде (флакондарда, ампулаларда) тоңазыту. Мұнда процестің температурасы, жылдамдығы, тоңазыған қабаттың көлемі мен қалыңдығы, ыдыстың формасы мен көлемдері бақылауға алынады.
2) терең вакуум астында сублимация кезінде кептіру ұзақтығы, өнімнің температурасы экспериментальды анықталады. Вакуум астында тоңазыған материалдан су буы молекуласы, содан кейін ұшқыш заттар аластатылады. Су буын кенденсациялау камерасында температура тоңазыту температурасынан 5-10°С төмен болуы керек және қысым кептіру камерасына қарағанда төмен болуы тиіс.
3) материалдан барлық мұз аласталған соң, вакуум астында 0°С температурадан жоғары жағдайда байланысқан суды аластату үшін 6-7 сағат бойына жылулық кептіру жүргізіледі.
Камералы тоңазытқыш қондырғысы бар сублимациялық кептіргіштің схемасы 7-суретте көрсетілген.



7-сурет
Кептіргіштің камерасы (1) конденсатормен (2) қосылған, оған вакуум-насос (3) және насосы (5) бар тоңазытқыш қондырғы (4) бекітілген. Конденсатордан, одан пайда болатын мұзды шығарып тастап отыру үшін, әдетте, кезектесіп жұмыс істейтін екі конденсатор қосылады.
Жоғарғы толқынды токтармен кептіру. Бұл кептіру пластикалық массаларды, шайырларды (смолаларды), ағаштарды кептіру үшін қолданылады.
Тәсіл химия – фармацевтік өндірісте түйіршіктерді (гранулаларды) кептіру үшін қолданылады. Кептіру материалдың бүкіл қалыңдығы бойымен тез, біркелкі және бірдей уақытта жүреді. Бұл әдістің принципі электр өрісінің әсерімен диэлектрик молекулаларының поляризациялануы қасиетінде. Молекулалардың поляризациясы олардың арасындағы үйкеліспен қабаттаса жүреді, оған жылуға айналатын электр энергиясы өрісінің біраз бөлігі жұмсалады. Кептіру жылдамдығы ылғалдың материалдың төмен қабатынан жоғарғы бетіне қарай ұмтылуы есебінен жоғарылайды, себебі, материалдың жоғарғы бетіндегі температура оның ішкі қабатына қарағанда төмен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет