Реферат Тақырыбы: Фармацевтикалық өндірістегі кептіру. Кептіру тәсілдері. Кептіргіштер



бет3/6
Дата29.09.2023
өлшемі3,25 Mb.
#111781
түріРеферат
1   2   3   4   5   6

Аэрофонтанды кептіргіштер. Қатты заттарды қайнау қабатында кептіру аэрофонтанды кептіру деп аталады. Кептірудің бұл әдісін қолданған кезқатты бөлшектердің және кептіруші агенттің температуралары тез тураланып, қатты және газды фазалар арасында күшті жылу және масса алмасу жүреді, кептіру тез аяқталады (15-20 минут). Қайнау қабатында кептіру кезінде кептіруші агенттер ретінде жағар газдар мен ауа қолданылады.


Жалған қайнау қабатында жұмыс істейтін кептіргіштер ірі крситалды заттар мен майда ұнтақталған заттардф кептіру үшін ыңғайлы. Кептіргіштердің бір түрі 3-суретте көрсетілген.

3-сурет
Ылғалды материал шнекпен (2) бункерден (3) кептіру камерасына (1) газ тарату торына (4) келіп түседі. Кептіргіш камераның жоғарғы жағына қарай аздап кеңейетін корпусы бар. Камераға ауа төменнен вентилятормен (5) калорифер (6) арқылы газ таратушы ордың астына беріліп, материалды жалған қайнау қабаты жағдайына келтіреді. Кептірілген материал қабылдағышқа (7) жиналады. Өңделген ауа циклон (8) және жеңдік фильтр арқылы (10) атмосфераға шығарылып тасталады. Ылғалды ауаның ағымымен ілесіп алынып кеткен майда бөлшектер жинағыштарда (9) бөлініп алынады.
Шашырата кептіргіштер. Сұйық материалдарды кептіру үшін материалды шашырату принципі бойынша жұмыс істейтін кептіргіштер қолданылады. Шашырата кептіргіштерде кептірудің соншалықты тез жүретіндігі, материал керекті мөлшерден жоғары шектен қызып кетуге үлгермейді.
Кептірілген материал ұнтақ түрінде болады және оны әрі қарай ұнтақтаудың қажеті жоқ. Шашырата кептірудің қарқыны сұйықтықтың және кептіргіш агенттің әрекеттесу беті ұлғая түсуіне қарай күшейе түседі.
Сұйықтықты шашырату үшін шашыратқыш қондырғылардың үш түрі қолданылады:

  1. Центрден тепкіш – кептірілетін сұйықтық берілетін тез айналатын дискінің (табақшаның) көмегімен. Бұл дискілер суспензиялар мен қою ерітінділерді шашырата алады.

  2. Механикалық – сұйықтықты 200 атм. дейінгі қысымда форсункаларға айдамалау арқылы. Бұл әдіс суспензиялар мен қою ерітінділерге жарамайды.

  3. Пневматикалық – сұйықтық қысылған ауамен 1,5-5 атм қысыммен айдамаланатын форсункалардың көмегімен шашыратылады.

Шашырата кептіргіштердің бір түрі 4-суретте көрсетілген.

Кептірілген материал (сұйықтық) жинақтағыштан (1) айналамалы дискінің немесе механикалық форсунканың (2) көмегімен кептіру камерасында (3) шашыратылады. Өте жұқа аэрозоль тамшыларының диаметрі 10-50 мкм болады. Калорифер (4) арқылы өткен ауа, вентилятордың көмегімен кептіру камерасына жіберіледі. Сұйықтықтың өте майда тамшылары жан-жақстан ыстық ауамен (150-200°C) үрленіп, бірнеше секунд арасында ылғалын жоғалтады және камераның түбіне жұқа ұнтақ тәріздес бөлшектер түрінде шөгеді. Құрғақ ұнтақ кептіру камерасынан қалақшалар мен щеткалар (7) көмегімен шығарылып, шнекке (8) жіберіледі, одан әрі қарай дайын өнім жинағышқа (9) түседі. Өңделген ауа, ілеспе кепкен материал майда бөлшектермен бірге, жеңілдік фильтрде (6) жиналып, тазартылып, атмосфераға тасталады. Ал ілеспе ұнтақты жеңдік фильтрді қағып, камераға қайтарады. Шашырата кептіру фармацевтік өдндірісте кең қолданылады (мысалы, құрғақ экстракт, түйіршік алу, микрокапсулалау, т.б.)
Шашырата кептіргіштердің артықшылығы – кептіру тез жүреді, төмен температурада, материал әрі қарай ұнтақтауды талап етпейді және жақсы ериді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет