Реферат Тақырыбы: «Ғылыми зерттеу ж ұмыстарын ұйымдастыру, жоспарлау ж әне жүзеге асыру»



бет1/5
Дата19.10.2023
өлшемі45,2 Kb.
#119250
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Байланысты:
реферат (1)



Реферат
Тақырыбы: «Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, жоспарлау және жүзеге асыру»


Алматы 2023
Жоспар:

Кіріспе…………………………………………………………………………….....




1. Ғылыми зерттеулердің әдісі мен әдіснамасы туралы ұғым……….……….3


2. Ғылыми-зерттеу жұмысын жоспарлау әдістемесі…….……………………6


3. Ғылыми ақпараттың негізгі көздері………………………………………….9

Қорытынды…………………………………………………………………………


Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………………...



Кіріспе
Ғылым табиғат, қоғам және ойлау туралы жаңа білім алуға бағытталған зерттеу саласы болып табылады. Ғылым – рухани мәдениеттің маңызды бөлігі. Ол келесідей өзара байланысты ерекшеліктерімен сипатталады:
- табиғат, адам, қоғам туралы объективті және дәйекті білім беру жиынтығы;
- жаңа тұрақты білім алуға бағытталған іс-шаралар;
- білімнің қалыптасуын, оның дамуын қамтамасыз ететін әлеуметтік институттардың жиынтығы.
Сонымен қатар, «Ғылым» термині ғылыми білімнің нақты салаларында да (математика, физика, биология және т.б.) сілтеме ретінде қолданылады. Ғылымның мақсаты - субъективті және объективті әлем туралы білімді алу, меңгеру болып табылады.
Ғылымның міндеттері:
- фактілерді жинау, сипаттау, талдау, сараптау және түсіндіру;
- табиғат, қоғам, ойлау және танымдық қозғалыс заңдарын ашу;
- алынған білімді жүйелеу;
- құбылыстар мен процестердің мәнін түсіндіру;
- оқиғаларды, құбылыстарды және процестерді болжау;
- алған білімдердің тәжірибелік пайдалануының бағыттары мен
формаларын белгілеу.
Ғылымның функциялары. Ғылымның ең маңызды функциясы қоғамның
өнімді күші болып табылады. Зерттеудің практикалық қызметі ғылыми әдістерді қолданып, көптеген мәселелерді шеше алу деңгейіне жеткізумен сипатталады. Қайта жандану дәуірінде ғылымның маңызы айтарлықтай өсті. ХХ ғасырда ғылым озық басқарушы өндірістік күшке айналды. Радиоэлектроника, биотехнология, ақпараттық технологиялар және т.б. салалардағы соңғы жаңалықтармен тығыз байланысты өндірістің жаңа салалары қалыптасты. Ғылым – теориялық зерттеулер немесе инженерлік- құрастырушы үлгілер түрінде көрсетілген сенімді негізделген бағдарламалар мен жоспарларды әзірлейтін және ұсынатын рухани өндіріс саласына айналды. Қайта жандану дәуірінде ғылымның дүниетанымдық функциясы іргелі дами бастады. Дінге қарсы күрес кезінде ғылым дүниетанымның қалыптасуына қатысу құқығынан шектелген. Ғылымның білім беру функциясы дүниетанымның функциясына жақын, өйткені білім берудің басты міндеті – адамдарды мәдениет құндылықтарына үйрету болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет