3.Қорытынды: Сонымен адамдар философиямен 2500 жылдан астам уақыт бойы айналы- сып келеді. Десек те олар философияның не екені туралы ортақ пікірге келе алмай-ақ қойды. Философия - біз өмір сүріп отырған дүниенің мәні, ондағы біздің орнымыз, өмір сүруіміздің түпкілікті мақсаты (егер де ол бар болса) туралы ғылыми, теологиялық, мистикалық және этикалық ойлардың ғажап қоспасы деуге болады. Барлық ойшылдарға және барлық философиялық жүйелерге ортақ нәрсе - «ойлау». Ежелгі философтар адам заттардың табиғатын тек терең және реттелген ойлау үдерісінің арқасында ғана танып-біліп, аша алады деп тұжырымдады. Кейінгі философтар философия тек дүние туралы ойлаумен ғана емес, сонымен қатар бақылаумен және іс жүзіндегі тәжірибелермен байланысты деп есептеді. Ал қазіргі заманға жақындау философтар философиялық талдау тілді қолданумен байланысты деп тұжырымдады. Тілдің қызметінің принциптерін зерттеу, олардың пікірінше, философиялық ойларды әрі қарай жалғастырудың шарты ретінде қажет болды. Сонан соң, мәтін оны оқырман оқып, өзіндік түсініктері мен тұжырымдарын енгізе отырып, оның бастапқы мазмұнын өзгертпейінше, ешқандай мағынаға ие емес деген пікір пайда болды. Осылайша мәтіннің мағынасы алдын ала анықталмайды, ол - потенциал, мүмкіндік қана.
4.Қолданылған әдебиеттер: 1. martebe.kz
2. stud.kz
3. Дерек Джонстон “Философияның қысқаша тарихы” оқулығы.