Метафазалық хромосома Хромосомалар морфологиясы әдетте митоздың метафаза кезеңі бойынша сипатталады.
Барлық 46 метафазалық хромосомалардың ұзындығы жалпы ұзындықтан шамамен 100 000 есе кіші , жалпы ұзындық құрамында ДНҚ молекулалары бар, ол 180 мкм құрайды.
Әрбір хромосомаларда мынадай бөліктер анықталған:
Центромера – хромосома иіндерін жалғап тұратын орталық керме
Иін – хромосома бөліктері
Теломера – хромосоманың ұшы
Хромосоманың мөлшеріне және центромерасының орналасуына байланысты оларды:
Метацентрлік.Бұл хромосомаларда центромерасы дәл ортасында орналасады және иіндері тең болып келеді.
Субметацентрлік – центромерасы біршетке сәл ығысып орналасады, бір иіні ұзын , бір иіні- қысқалау.
Акроцентрлікцентромерасы бірұшына жақын орналасады, бір иіні-өте ұзын, екіншісі өте қысқа.
Телоцентрлік центромерасы ұшында орналасады, хромосоманың бір ғана иіні болады.
Кейде хромосомада екінші реттік тартылыс пайда болады, иінінде қосымша бөлік – серік пайда болады. Мұндай хромосомаларды серікті хромосомалар деп атайды.
Жасуша цикліндегі хромосомалардың құрылымдық динамикасы Профазада ядро көлемі ұлғайып, хроматин жіпшелері тығыз ширатылып,жуандап, қысқарып митоздық хромосомаға айналады. Профазаның аяғында бөлінуші жасушаның екі полюсіне центромерасының центриолялары ажырап, арасында ахроматин жіпшелері пайда болады.
Метафазада хромосомалар өздерінің центромералары арқылы ахроматин жіпшелеріне бекініп бөлінуші жасушаның экваторына реттеліп орналасады. Бұл кезде әрбір хромосома хроматидаларының теломерлік бөліктері ажырап, тек центромерасы арқылы байланысып тұрады. Бұл кезде хромосомалардың пішіні анық көрініп тұрады. Сондықтан, кариотипті анықтау және жіктеу метафазада жүргізіледі.