Эухроматин Гетерохроматин Эухроматин митоз кезінде тығыз ширатылып, митоздан кейін ширатылуы босайтын учаске. Бұл жерлерде орналасқан гендер экспрессияланады.
Гетерохроматин жасуша циклының барлық кезеңдерінде, яғни митоз кезінде де, митоздан кейін де ширатылып тұратын және үнемі генетикалық инертті күйде болатын учаске. Гетерехроматин учаскесіндегі генетикалық ақпарат транскрипцияланбайды.
Гетерохроматин
Конститутивтік Факультативтік Конститутивтік гетерохроматин центромера айналасында және теломерлік учаскелерде кездеседі. Ол мүлдем транскрипцияланбайды. Оның қызметі- ядроның жалпы құрылымын сақтап тұру, хроматинді ядро қабықшасына бекіндіру, мейоз кезінде гомологтік хромосомалардың өзара тануын қамтамасыз ету.
Факультативтік гетерохроматин ағза жасушаларында, әдетте гомогаметалы (ХХ) жыныстарда, жыныс хроматині күйінде кездеседі. Мысалы, ұрғашы ұрықтың дамуының 16күні екі Х хромосоманың біреуі инактивтеніп, жыныс хроматиніне айналады, оны Барра денешігі деп атайды. Факультативтік гетерохроматин гендердің активсізденуі арқылы қазіргі кезде активтенуі қажет емес гендер тобының экспрессиясын реттеу механизмдері (тетіктері) іске асады.
Политенді(алып) хромосома Хромосомалардың ұзына бойы эу және гетерохроматинді учаскелерге жіктелуі политенді немесе алып хромосомаларда айқын көрінеді. Мұндай хромосомалар қосқанатты насекомалар сілекей бездері, ішек және мальпиги түтікшелерінің жасушаларында, сонымен қатар қарапайымдар типінің өкілдерінде кездеседі. Алып хромосомалар сомалық және жыныс жасушаларындағы қалыпты хромосомалардан 100-200 есе ұзын және ондагы хромонемалар да 1000 есесге жуық артық болады. Өйткені политенияға байланысты әр 2 хромонема 9-11 рет еселеніп, жіпшелері бір бірінен ажырамай жанаса орналасқан күйде қалады. Соның нәтижесінде хромонемалар буылтықтар — дискілер түзейді. Олар жақсы боялып көлденең сызықтар тәрізді көрінеді. Дискілердің көлемі мен морфологиясы әр хромосома үшін тұрақты көрсеткіш болып табылады. Политенді хромосомаларды әдетте гендердің цитологиялық картасын жасауда, онтогенез барысында гендердің қызметін зерттеуде, сондай-ақ түрлі мутациялық өзгерістерді анықтау мақсатында пайдаланады.