Денверклассификациясы Денвер классификациясы бойынша хромосомаларды үлкенінен кішкентайына қарай орналастырып, олардың идиограммасын құрастырады да әрқайсысын нөмірлейді, хромосома морфологиясына қарай бірнеше топқа бөледі: мұнда негізгі көрсеткіш ретінде центромералық индексті (ЦИ) пайдаланады.
Центромералық индексдегеніміз- хромосоманың қысқа иіні ұзындығының бүкіл хромосома ұзындығына арақатынасы болып табылады:
А тобы: 1-2-3 хромосомалар; ең ірі метацентрлі хромосомалар, (ЦИ 38-49)
В тобы: 4-5; ірі субметацентрлі хромосомалар, (ЦИ 24-30)
С тобы:6-12; орташа субметацентрлі хромосомалар, (ЦИ 27-35)
Д тобы: 13-15; орташа акроцентрлі хромосомалар, (ЦИ 15)
Е тобы: 16-18; ұсақ субметацентрлі хромосомалар, (ЦИ 26-40)
F тобы: 19-20; ең ұсақ метацентрлі хромосомалар, (ЦИ 36-46)
G тобы: 21-22; ең ұсақ акроцентрлі хромосомалар, (ЦИ 13-23)
Х хромосома- орташа субметацентрлі (С тобы) хромосома. У хромосома – ең ұсақ акроцентрлі (G тобы) хромосомалары болып табылады.
Денвер жіктеуінің кемшілігіне бір топқа жататын хромосомаларды ажыратудың қиындығы жатады.
Париж классификациясы Хромосомалардың таңдамалы боялуына байланысты жүргізіледі. Ол үшін хромосомаларды түрліше бояулармен (G,R,S) бояйды. Сонда әр түрлі (гомологтік емес) хромосомалар түрліше боялады, ал гомологтік хромосомамалар бірдей боялады, сондықтан хромосомалардың гомологтік жұптарын табу жеңілдейді. Сонымен қатар, бұл классификация бойынша хромосомалардағы нақтылы локустарды ажыратып белгілеуге, хромосома картасын жасауға болады. Ол үшін кейбір символдарды пайдаланады. Мысалы: хромосоманың қысқа иінін р, ұзын иінін q әрпімен белгілейді. Боялу интенсивтігіне қарай хромосоманың әрбір иінін центромерадан теломераға қарай аударғанда, ал аудандарды сегменттерге бөледі де араб сандарымен белгілейді. Мысалы, 22 хромосоманың қысқа иінінің 2 ауданындағы 2 сегмент дегенді білдіреді.
Қорытынды Хромосомалар жасушада өте күрделі құрылымға ие және олар өте маңызды қызметтер атқарады. Хромосомалар құрылымын және қызметін зерттеу қазіргі заманғы биологияның өзекті мәселелерінің біріне жатады. Әсіресе, 20 ғасырдың жылдары хромосомалар құрылымының молекула негізін түсінуге молекулалық генетиканың дамуына байланысты қол жетті. Бұл жаңалықтар тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясындағы негізгі заңдылықтарды дәлелдеп, онан әрі дамытуға мүмкіндік береді.