Реферат Тақырыбы: «Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) әмбебап халықаралық ұйым ретінде.»



бет5/5
Дата14.09.2022
өлшемі21,21 Kb.
#39084
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
4 такырыб ХКЖ

1.Трюгве Ли (Норвегия) – 1946 ж. ақпаннан 1953 ж. сәуіріне дейін. Норвегияның мемлекеттік қайраткері, дипломат, заңгер. Ол империализм саясатын жүргізді. Корея соғысы кезінде ол бет-бейнесін ашып алды, онда Трюгве Ли АҚШ пен оның Кореядағы одақтастарының интервенциясын (басқа бір елдің ішкі өміріне зорлықпен қол сұғу) ақтаған еді.
2.Даг Хаммаршельд (Швеция) 1953 ж. сәуірден 1961 ж. қыркүйегіне дейін. Швед мемлекеттік қайраткері және дипломат. Ол дарынды адам және іскер дипломат еді. Д. Хаммаршельд Африкадағы әуе апатында құпия жағдайда қайтыс болған. Ол Африкаға Конго дағдарысы кезінде катангалық сепаратистермен келіссөз жүргізу үшін барған болатын. Нью-Йорктегі Ист-Ривер көшесіндегі БҰҰ-ның бас ғимаратының алдында оған ескерткіш орнатылған. Даг Хаммаршельд 1961 ж. Нобель сыйлығына ие болды (өлгеннен кейін).
3.У Тан (Бирма) 1961 ж. қарашадан 1971 ж. қарашасына дейін. Бирмалық дипломат. Д. Хаммаршельд қайтыс болғаннан кейін 1961 ж. қарашасынан бастап уақытша міндетін атқарушы болды. У Тан қызметі халықаралық ортада кеңінен танылды, ол отар елдер мен халықтарға тәуелсіздік беруді қызу қолдап, бейбіт қатар өмір сүру қағидасын жүзеге асыруды, даулар мен жанжалдарды келіссөздер жүргізу арқылы шешуді жақтады.
4.Курт Вальдхайм 1972 ж. бастап БҰҰ-ның бас лауазымды қызметінде болып, екі рет сайланды. Австрия мемлекеттік қайраткері дипломатиялық мемлекеттің барлық сатыларынан өткен тәжірибелі дипломат. К.Вальдхайм Бас хатшы ретінде үшінші рет жұмыс істеуге дайын екендігін білдіріп, БҰҰ тарихында қызықты факті ретінде қалды. Алайда, көптеген және түрлі сайлау рәсім оған жеңіс әкелмеді. Кейінірек К. Вальдхайм Австрияның Президенті болып сайланды.
5.Перес де Куэльяр Хавьер – перуандық мемлекеттік қайраткер, 1981-1991 жж. Бас хатшы болған. Аймақтық дау-жанжалдарды шешуге, адам құқықтарын қорғауға үлкен үлес қосты.
6.Бутрос Гали Бутрос(Египет) 1991 ж. желтоқсан айында осы үлкен лауазымға сайланды. Бас хатшы ретінде бір рет сайланған.
7.Кофи Аннан (Африка, Гана мемлекеті) – 1997 ж. сайланған, 2001 жылы Нобель сыйлығына ие болды.
8.Пан Ги Мун – (Оңтүстік Корея) 2007 ж. 1 қаңтардан бері БҰҰ-ның қазіргі бас Хатшысы.
Лауазымдық қызметіне кірісер алдында, Бас Ассамблеяда ант берудің маңызы зор, оның мазмұны төмендегідей болып келеді: «Мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы міндетін бар ынта-жігеріммен, саналылығыммен атқаруға, осы міндеттерді орындауға және өзімнің тәжірибемді Біріккен Ұлттар Ұйымының мүдделеріне сай айқындауға, өз міндеттерімді орындау барысында Біріккен Ұлттар Ұйымына қатысы жоқ қандай да бір үкіметтің немесе биліктерден нұсқаулар алуға немесе қабылдауға ұмтылмауға салтанатты түрде ант етемін».

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет