Реферат Тақырыбы: «Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) әмбебап халықаралық ұйым ретінде.»



бет1/5
Дата14.09.2022
өлшемі21,21 Kb.
#39084
түріРеферат
  1   2   3   4   5

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІ БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

Реферат
Тақырыбы: «Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) - әмбебап халықаралық ұйым ретінде.»

Орындаған: Туребекова Айдана Ю19-1К
Тексерген: Есенов Дастан К.

Қарағанды 2021


Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ)-құрамына 192 мемлекет кіретін әмбебап халықаралық ұйым. Құрылып қалыптасқалы бері БҰҰ ұдайы даму үстінде. Бүгінгі таңда оның мүшелерінің 2\3сі бір кезде отарлық тәуелдікте болған, қазіргі кезде даму жолындағы мемлекеттер. Дегенмен, Біріккен Ұлттар Ұйымы абсолютті мінсіз ұйым емес. Бұл ұйым 1945ж. 51 мемлекетті біріктіріп, бүгінгі күнге дейін өз құрылымын сақтап қалды, мүшелерінің үш еседей артуына қарамастан, өз жұмысында бәз баяғы рәсімін қолданып келеді. Бүкіләлемдік ұйымның барлық қызметі бір проблеманы шешуге бағытталған: ол-өзіне мүше әрбір мемлекеттің ұлттық мүдделері мен тұтастай алғандағы халықаралық бірлестік мүдделерінің арақатынасын шешу. Осы негізгі проблема шеңберіндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметін үш негізгі бағытқа бөлуге болады:
- халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау;
- БҰҰ-ның әлемді қайта қалыптастырудагы күнделікті әрекеттері
- Адамзаттың болашағын халықтар арасындағы ғаламдық ынтымақтастықты реттеу арқылы жоспарлау немесе болжау.
1945 жылы 24 қазан БҰҰның құрылған күні болып есептеледі. БҰҰға алғашында 51 мемлекет мүше болды.БҰҰға мүшелікке өтудің талаптары мынадай:
- мемлекет тәуелсіз, бейбітшілікті сүйгіш болуы тиіс
- мемлекет жарғылық талаптарға орай өзіне міңдеттемелерды жүктеуі тиіс;
- мемлекет өзіне жүктелген міндеттемелерді орындай алады және орындағысы келеді.
БҰҰның мақсаттарына мыналар жатады:
- халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау;
- бейбітшілікке қауіп келтіру мен басқыншылық актілерінің алдын алу және жою үшін тиімді шараларды қабылдау;
- халықаралық дауларды немесе оқиғаларды бейбіт құралдары арқылы шешу.
-халықтардың теңқұқылық және өзін-өзі басқару қағидасының негізінде халықтардың достық қарым-қатынасын дамыту;
-экономикалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық сипаттағы халықаралық дауларды шешу барысында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру
- осындай ортақ мақсаттарға жету жолында ұлттар әрекеттерін үйлестіру орталығы болу.
БҰҰ өз қызметін жүзеге асырғанда мынадай қағидаларды басшылыққа алады:
- Ұйымның барлық мүшелерінің дербес теңдік қағидасы;
- өздеріне жүктелген міндеттемелерді адал орындау қағидасы;
- туындаған дауларды бейбіт құралдармен шешу қағидасы;
- күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасамау қағидасы:
- БҰҰ-ның Жарғыға сәйкес атқаратын барлық әрекеттеріне барынша көмек көрсету қағидасы;
- БҰҰ-ның мүшесі болып табылмайтын мемлекеттердің БҰҰ қағидаларына сәйкес әрекет етуін қамтамасыз ету қағидасы, себебі ол бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға қажет болуы керек;
- мемлекеттердің ішкі құзіреттеріне жататын істерге БҰҰ-ның қол сұқпаушылық қағидасы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет