БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелеріхалықаралық ұйымдардың ерекше тобына жатады және оның Біріккен Ұлттар Ұйымымен ерекше құқықтық байланысы бар. БҰҰ Жарғысының 63-бабына сәйкес, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес – 57-бапта көрсетілген мемлекеттердің кез-келгенімен тиісті мекеменің ұйымымен байланысын айқындайтын келісімдерді жасауға уәкілетті, БҰҰ-ның басты органдарының бірі.
Бүгінгі таңда БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің тобына мыналар кіреді:
1. Халықаралық Еңбек ұйымы (ХЕҰ)
2. БҰҰ-ның азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (ФАО).
3. Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі бүкіләлемдік ұйым (ЮНЕСКО).
4. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы (БДСҰ).
5. Бүкіләлемдік Банк – Халықаралық Даму және Қайта құру Банкі (ХДҚБ).
6. Халықаралық даму ассоциациясы (ХДА).
7. Халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК).
8. Халықаралық валюта қоры (ХВҚ).
9. Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО).
10. Бүкіләлемдік Пошта Одағы (БПО).
11. Халықаралық Электрбайланыс Одағы (ХЭО).
12. Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйым (БМҰ).
13. Халықаралық теңіз ұйымы (ИМО).
14. Бүкіләлемдік санаткерлік меншік ұйымы (БСМҰ).
15. Халықаралық ауылшаруашылық даму қоры (ХАДҚ).
16. Өндірістік және даму жөніндегі БҰҰ (ЮНИДО).
Жоғарыда аталған БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің тізбесі, оның қызмет ету саласының әртүрлілігін дәлелдейді.
Қамқоршылық жөніндегі Кеңес.Қамқоршылық жүйесін қадағалау үшін құрылған. Халықаралық бақылау жүйесі бұрын мандатпен басқарылған елдердің (Ұлттар Лигасының мандат жүйесі) тәуелді аумақтарын басқару үшін құрылған болатын. Қамқоршылық жөніндегі Кеңес Бас Ассамблеяның (85-бап, 87-баптың 2-тармағы) жетекшілігінде, сондай-ақ қажетті жағдайларда Қауіпсіздік Кеңесінің (83-бап) басшылығында әрекет етеді. БҰҰ Жарғысының 91-бабына сәйкес, «Қамқоршылық жөніндегі Кеңес керекті жағдайларда Экономикалық және Әлеуметтік Кеңестің көмегін және мүдделі болған жағдайларда тиісті мәселелер бойынша мамандандырылған мекемелердің көмегін пайдаланады». Бас Ассамблеяның басшылығымен әрекет ететін Қамқоршылық жөніндегі Кеңестің негізгі міндеттері мен өкілеттіктері басқарушы билік ұсынатын мәселелерді, есептерді қарастырудан, петициялар қабылдаудан және оларды қараудан, басқарушы билікпен кеңесе отырып, қамқоршылықтағы тиісті аумақтарды аралаудан, басқарушы билікпен келісілген мерзімдерде қамқоршылық жөніндегі келісім талаптарына сай әрекеттерді жүзеге асырудан тұрады (БҰҰ Жарғысының 87-бабы).