БҰҰ Халықаралық Сотыбас сот органы ретінде құрылған, БҰҰ құрылымындағы бас органдардың бірі. БҰҰ Халықаралық Соты БҰҰ Жарғысының ажырамас белігі болып табылатын Халықаралық Сот Статутына сәйкес өз қызметін жүзеге асырады. БҰҰ Жарғысының XIV тарауының 92-96-баптары Халықаралық Соттың қызметі туралы мәселелерді қарастырады. 92-бапта Ұлттар Лигасының аясында әрекет еткен Халықаралық Статут «Халықаралық әділ соттың Тұрақты Палатасының Статутына негізделген» деп белгіленген.
БҰҰ Жарғысының 93-бабына сәйкес, «Ұйымның барлық мүшелері Халықаралық Сот Статутының қатысушылары іpso facto болып табылады». Ұйымның мүшесі болып табылмайтын мемлекет қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысы бойынша Бас Ассамблея әрбір жағдайда жеке-жеке айқындайтын талаптарда Халықаралық Сот Статутының қатысушысы бола алады. Халықаралық Сот азаматтыққа тәуелсіз сайланатын тәуелсіз судьялар алқасынан тұрады. Судьялар өз елдерінде жоғары сот лауазымдарына қойылатын талаптарға жауап беретін тұлғалар ішінен немесе халықаралық құқық саласында беделді, танылған заңгерлердің ішінен сайланады. Халықаралық Сот Бас Ассамблея және Қауіпсіздік Кеңесі 9 жылға қайта сайлану құқығымен сайлайтын 15 мүшеден тұрады. Әрбір үш жыл сайын Соттың 5 мүшесі қайта сайланады. Бір мемлекеттің екі азаматы Халықаралық Соттың мүшесі бола алмайды. Халықаралық Сот төрағаны, вице-төрағаны және хатшыны үш жыл мерзімге сайлайды. Соттың құрамын басты өркениет нысандарының өкілдері мен әлемнің негізгі құқықтық жүйелерінің өкілдері қамтамасыз ету керек деген Халықаралық Сот Статутының 9-бабы ережелерінің маңызы зор. Сот – Гаагада орналасқан. Судьялар қызметтік міндеттерін орындау кезінде дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады.
Хатшылықтың қызметкерлері мамандарға, дала қызметіндегі қызметкерлерге, жалпы қызмет көрсету қызметкерлеріне және шаруашылық-техникалық қызметкерлерге бөлінеді. Мамандарға лауазымды тұлғалар жатады, техникалық қызметкерлер құрамына хатшылар, машинисткалар, курьерлер және өзге де жұмысшылар кіреді.
Хатшылыққа жұмысқа қабылдау екі түрлі жалдау арқылы жүзеге асырылады: тұрақты шарт негізінде (зейнет жасына жеткенге дейін) және уақытша шарт негізінде (хатшылық қызметкерлерінің 30%-ы осы жалдау түрімен қабылданады).
Біріккен Ұлттар Ұйымы әрекет етіп келе жатқан кезеңдерден бері, мынадай тұлғалар Бас хатшы лауазымында болды: