Байланысты: Инклюзивтік білім беру тұрғысында ата-аналармен жұмыс істеу стратегиясы
«Кәдімгі» балалардың ата-аналарымен жұмыс туралы :
Инклюзивті білім беруді тәжірибе жүзінде енгізу «кәдімгі» балалардың ата-аналарымен арнайы дайындық жұмысын жүргізу қажеттігін дәлелдейді. Баласын даму мүмкіндігі шектеулі (бұдан әрі – ДМШ) балалармен бірге тәрбиелеу мен оқытуға деген олардың жеке қарым-қатынастарының сипаты «ерекше» баланы балалар ұжымына енгізудің тиімділігін айтарлықтай дәрежеде айқындайды. «Кәдімгі» балалардың ата-аналарын дайындауды мақсатқа сай кеңес беру жұмысы түрінде өткізу керек, оның барысында инклюзивті білім берудің мәні түсіндіріледі, олармен ілесе жүретін жұмыстың барлық жағымды жақтары ашылады, үлкендердің олардың балаларын ДМШ құрдастарымен бірге бірлесе тәрбиелеу мен оқыту алдындағы қорқынышы жойылады. Дайындық әртүрлі нысанда жүргізіледі. Мұндай жұмысты мақсатқа сай арнайы ата-аналар жиналысы топтамасы түрінде ұйымдастыру керек, оның мақсаты сөйлеу, есту, көру қабілеттері, зердесі мен тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, инклюзивті білім берудің идеологиясы мен философиясы және әлеуметтік әділ қоғамды дамытудағы оның мәні және т.б. туралы ата-аналардың барынша толық және шынайы ақпарат алуы болып табылады.