Шақыруларды динамикалық түрде орындаудың интерфейсі. Бұл интерфейс объектке арналған сұраныстарды динамикалық түрде құруға рұқсат етеді. Сұранысты динамикалық түрде құрған кезде клиент барлық ақпаратты көрсету керек. Орындауға қажет операциялар мысалы ретінде мынаны айтуға болады: параметлер типтері туралы ақпарат объект сипаттамаларының қоймалары көмегімен алынады.
Программалаудың объектілі-бағытталмаған тілдері үшін программалық интерфейс клиентте бар объект-тұйықтғыштар әдістеріне қатынау үшін беріледі. Бұл тұйықтағыш сұранысты береді және әдетте, нақты ORB-дің жетекшілігімен басқару үшін оңтайландырылады. Егер бір ORB-ден артық ORB рұқсат етілсе, онда оларда тұйықтағыштардың түрлі ішкі көріністері болуы мүмкін.
C++ және Smalltalk сияқты программалаудың объектілі бағытталған тілдері мұндай интерфейсті талап етпейді.
Қарапайым типтердің қабықша кластары.Java толыққанды объектілі-бағытталған тіл болғандықтан, барлығын да объект түрінде көрсетуге болады. Әдеттегі сандар үшін орындалатын типтер үшін Java тілінде оларға сәйкес кластар - қарапайым типтердің қабықша кластары(wrapper) бар. Бұл кластар есептеу үшін емес, кластармен орындалатын үйреншікті әрекеттерге арналған, атап айтқанда – объекттерді құру, объекттерді түрлендіру, объекттердің сан түріндегі мәндерін әртүрлі пішінде алу және объекттерді сілтеме бойынша әдістерге беру.
Әрбір қарапайым типке қабықша класс сәйкес қойылады. Жалпы олар қарапайым типтің аты қандай болса сондай атқа ие болады, бірақ кішкене әріптен емес бас әріптен басталады!
Қабықша кластың атқаратын негізгі қызметі – қарапайым типтер мәніне қабықша болатын объекттерді құру. Осындай объектті жасау процесі жинақтау, ал объектті қарапайым типтің шамасына түрлендіру қайта жазбалау деп аталады. Әдістер 6 сандық қабықша кластардың ішінде қайта анықталған: Byte, Double, Float, Integer, Long, Short. Мына compareTo () әдісінің жұмысының нәтижесі келесі бүтін мәндердің бірі болады:
• 0 (нөл), егер мәндер тең болса;
• теріс сан (-1), егер берілген объекттегі сан объект-аргументтегі саннан кіші болса;
• оң сан (+1), егер берілген объекттегі сан объект-аргументтегі саннан үлкен болса.
Boolean класы. Бұл шағын класс сілтеме бойынша әдіске логикалық мәндерді беруге арналған.Boolean класының объектісін String sконструкторы арқылы құрады. Егер s жолы кез келген регистрдегі әріптер үшін «true» болса, объекттің мәні true болады және кез келген бұдан басқа жол үшін – false болады. Бұл кластың booleanValue()логикалық әдісі объекттегі сақталған логикалық мәнді қайтарады.
Character класы. Бұл класта жеке символдармен жұмыс істеуге арналған статикалық тұрақтылар мен әдістер жинақталған.
Character класының статикалық әдістері: • digit(char ch, int radix)статикалық әдісі санау жүйесінің негізгі radix болатын ch цифрын int типіндегі санға айналдырады.
• forDigit(int digit, int radix)статикалық әдіс digit бүтін санын кері қарай сәйкес санау жүйесінің негізгі radix болатын char типіндегі цифрға түрлендіреді.
• tostring()әдісі Character класының символын осы символдан тұратын жолға айналдырады.
• toLowerCase(), toUpperCase(), toTitleCase() статикалық әдістері Character класының символын көрсетілген регистрде қайтарады. toTitleCase() әдісі бір символмен кқрсетуге келмейтін төрт кодтан тұратын Unicode символын жоғарғы регистрге дұрыс аудару үшін қолданылады.
Character класының логикалық әдістері: • isDefined() – символдың Unicode кодтауында анықталған ба екенін тексереді.
• isDigit() - символдың Unicode цифры ма екенін тексереді.
• isIdentifierIgnorable() – символды идентификаторда қолдануға болмайтындығын тексерді.
•isISOControl()– басқарушы символ екенін тексереді.
•isJavaIdentifierPart() – символды идентификаторда қолдануға бола ма екенін тексереді.
•isJavaIdentifierStart() – символ иденфикатордың басында бола ма екенін тексереді.
• IsLetter() – символдың Java әрпі екенін тексереді.
• IsLetterorDigit() – символдың Unicode әрпі немесе цифры екенін тексереді.
•isLowerCase() – символдың төменгі регистрде жазылуын анықтайды.
•isSpaceChar() - символдың Unicode тұрғысынан бос орын символы екенін тексереді.
• isTitleCase()–символдың тақырыптық екенін тексереді.