Реферат тақырыбы: Жер қыртысының тектоникалық қозғалыстары қандай түрлерге бөлінеді? Орындаған: Сақариянов Е.Қ. Жер қыртысы


Жер қыртысының негізгі даму заңдылықтары



бет3/3
Дата23.04.2022
өлшемі233,14 Kb.
#31983
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
реферат

Жер қыртысының негізгі даму заңдылықтары. Табиғатта кездесетін барлық заттар әруақытта да өзгеріп, дамып отырады. Өзгеріссіз және мәңгілік ешнәрсе болмайды.

“Мәңгілік” деп, тек “материяны” ғана айта аламыз. “Материя” токтаусыз козғалыста болып, біртүрден екінші түрге ауысып өзінің пішінін ылғи да өзгертіп отырады. Бірақ, бұл процестер қалай болса солай ретсіз жүріп жатпайды. Материя қозғалысы, оның өзгеріп, дамуы белгілі бір заңдылықтарға негізделген.

Қазіргі кездегі түсінік бойынша, Жер шарының жалпы дамуы жерді құрайтын мантиялық алғашқы заттардың біртіндеп жіктелуімен (дифференциация) түсіндіріледі: массасы ауыр заттар, меншікті салмарының ауырлығына байланысты төмен шөгіп, жердін, ядро қабатын құрайды, ал жеңіл заттар жоғары көтеріліп, мантия қабатын және жер қыртысын құрайды.

Геологиялық, геофизикалық және геохимиялық зерттеулердің негізінде жер қыртысының континенттік (материктік) жәие мұхиттық тектері ажыратылады. Бұлардан басқа, қосымша, субмұхиттық және субконтиненттік шекараның ауыспалы тектерін ажыратура болады.

Жер қыртысының материктік тегінің пайда болу тарихын геосинклиналдық теория арқылы түсіндіруге болады.
Жерді құрайтын алғашқы заттардың дифференциадиясы негізінде пайда болған жер қабығы геосинклиналдық даму процестерінің нәтижесінде Жер қыртысының континенттік тегін қүрайды.

Геосинклиналды аймақтар мен белдеулердін, геологиялық тарихын зерттеу жұмыстарының негізінде, олардың алғашқыда иіліп майысу сатысынан өтіп, қатпарлану әрекеттеріне байланысты қатпарлы тау жоталары пайда болатындыры дәлелденді.

Жер қыртысының негізгі даму заңдылықтары. Тектоникалық қозралыстардың тарихын зерттеу жұмыстары, олардың даму қарқыны әруақытта әр түрлі болатындығын көрсетеді.

Тектоникалық зерттеу жұмыстарына сүйене отырып, жердің бүкіл тарихын әр түрлі сатыларға, геотектоникалық кезеңдерге ажыратамыз. Жер қыртысының материктік тегінің даму теориясында’ геотектогендік кезендер туралы ұғым ең негізгі түсінікі болып саналады. Геотектогендік кезеңдердің әрбір сатысы өзіндік ерекшеліктерімен ажыратылады. Оларі шөгінді қабаттардың құрылымы мен құрамына және магмалық процестердің ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болып келеді.

Геосинклиналды аймақтардың негізінде қатпарлы тау жоталары-ның пайда болуы өте күрделі процесс және өте ұзақ уақытқа, мысалы, ондаған, жүздеген, миллион жылдарға созылады. Геосинклиналдық кезең мен орогендік кезеңдердің даму қарқыны әр аймақта әр түрлі болып келеді. Сөзіміз дәлелді болу үшін, төменгі палеозойлық және кайнозойлық геосинклиналды аймақтардың даму тарихын салыстырып көрейік. Каледондық (төменгі палеозойлық) геосинклиналды аймақтарда алғашқы даму сатысы жақсы жетілгені толық түрде байқалады, мұнда құрамы негізді жыныстардан тұратын магмалық денелер қалыптасқан, геосинклиналдық дамудың соңғы сатысы нашар жетілген, орогендік кезең ұзаққа созылған, шеткі иілістер жоқ деуге болады.

Кайнозойлық Жерорта теңіздік геосинклиналды белдеуді алатын болсақ, оның құрылысы өте күрделі: орталық массивтер мен теңіздік терең ойпаттар мол кездеседі. Олардың құрамында гранитті-гнейстер қабаты болмайды. Орогендік кезең өте жақсы байқалады; шеткі иілістер мен тауаралық ойыстар моласстар мен вулканиттерге толы болып кездеседі.

Соңғы жылдары жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, біздің планетамыздың Атлантикалық және Тынық мұхиттық бөліктерінің даму заңдылықтарының өзіндік ерекшеліктері анықталып, Жердің дисимметриялық құрылысы дәлелденіп отыр. Жер планетасының, бұл екі сегментінің шекарасы меридиандық бағытта Сібір платформасының ортасы арқылы өтеді.

Жер шарының дисимметриялық құрылысы туралы ойды алғаш рет А. Д. Архангельский айтқан еді, кейінірек, бұл пікірді


Н. С. Шатский ары қарай дамытып, дұрыс түсіндіре білді.

Жердің Атлантикалық бөлігінде ескі платформалар, байкалидтер, каледонидтер, герцинидтер және екінші рет пайда болған мұхиттар кең дамыған, ал Тынықмұхиттық бөлігінде мезозойлық және кайнозойлық кұрыльщдар ғана кездеседі. Олар көбінесе қозғалмалы болып, магмалық процестер жиі байқалады. Тынық мұхиттың батыс және шығыс жағалауларынын, құрылысы бір-бірімен салыстырғанда өзгеше болып келеді.

Сол тәрізді ғарыштық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Айдың, Марстың, Меркурийдің асиметриялық тектоникалық құрылысы анықталып отыр. Осы зерттеулерге сүйене отырып, Жер тектес планеталардың құрылысында байқалған тектоникалық асиметрия басты заңдылық болып саналады.

Жердің геологиялық даму тарихында геосинклиналдық аймақтардың эволюциялық дамуымен қатар, платформалардың да эволюциялық дамуы заңды түрде байқалады. Әрбір жеке платформа бұрынғы геосинклиналдық қатпарлы аймақтарда пайда болады.

Бір кездегі геосинклиналдық туындылар платформаның іргетасыи қалайды.

Денудациялық процёстердің нәтижесінде тегістелген тау-жота-лары өзінің белгілі бір даму сатысында тектоникалық қозғалыстар-дың нәтижесінде қалқандар (щиттер), плиталар, синеклиздер және ойпаттар мен ойыстар пайда болады.

Плиталарда платформалық жамылғылар қалыптасады. Фундаменттің кейбір блоктарының орын ауыстыруы жамылғы қабатын құрайтын шөгінді жыныстардың аздап қатпарлануына және амшштудасы әр түрлі жарылыстар мен жылжымалардың пайда болуына әсерін тигізеді. Платформалардың эволюциялық дамуы кейде платформаның бөлшектенуіне әкеліп соғады. Олардың орнына мұхит ойпаттары пайда болады. Мұндай жерлерде Гондвана және Лавразия материктері мезозой кезінде бөлшектенгеніндей) жер қыртысының бұрынғы құрылысы өзгеріп, мұхиттық түрі қалыптасады, басқаша айтқанда “мұхиттану” (немесе “мұхит пайда болу”) байқалады.

Кейде платформалардың кейбір бөліктерінде (блоктарында) тектоникалық қозғалыстардың қүшейіп, карқынды дамуы байқалады. Бұл процестердің нәтижесінде жақпарлы таулар-платолар (жайпақ таулар) құралады. Мысалға алатын болсақ Тянь-Шань, Алтай, Саж тауларын атауға болады.

Неотектоникалық қозғалыстардың күшеюіне байланысты эпиплатформалық орогендік процестер, қазіргі. кездің өзінде-ақ жас платформалардын, құрылысында жиі байқалады. Мұндай жағдайларды платформалардың шеткі бөліктерінде шеткі иілістер қалыптасуы кезінде де байқауға болады.
Платформалық құрылымда кейде авлакогендер қалыптасады. Олар эффузивтік вулкандардьщ дамуымен және геотектоникалық процестердің күшеюімен сипат талады. Мысал ретінде Шығыс Европа платформасында құралған палеозойлық Днепр-Донецк авлакогенін айтуға болады.

Платформалар өзінің, даму барысында көрші орналасқан геосинклиналды аймақтармен тығыз байланыста болып келеді.

Геосинклиналды аймақтардың қатпарлануы және олардың көтерілуі платформалардың көтерілуімен және теңіздік регрессиямен қатар жүреді. Сол сияқты, геосинклиналды аймақтардын, иіліп, майысуы көрші платформалық құрылымның майысып төмен түсуімен сипатталады. Мұндай заңдылықтар барлық платформаларға ортақ. Бірақ, Жердін. өткен тарихында әрбір жеке платформанын, белгілі бір дәуірдегі даму тарихын салыстырып қарастырсақ, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар екендігін және жас платформалардың құрылысы, құрамы және дамуы жарынан ескі платформалардан айырмашылығы бар екендігін көруге болады.
Жүргізілген салыстырулардың нәтижесінде Жер қыртысының даму барысында тек геосинклиналдық процестердің ғана емес, платформанын, да эволюциялық дамуын байқауға болады. Жалпы геотектоникалық процестердің эволюциялық даму барысында жер қыртысының құрылысы мен құрамы одан сайын күрделене түседі.

Ғалымдар арасында геотектоникалық өзгерістердің бағыты мен мазмұны туралы әр түрлі пікірлер айтылып жүр. Мысалға:


1. Жер қыртысының дамуы туралы алғашқы көзқарастар бойынша геосинклиналдық режим біртіндеп платформаға ауысып отырады деп түсіндіріледі. Қейбір жағдайларда платформалық аймақтарда (кейбір аудандарыньщ иіліп-майысуынын, нәтижесінде) екінші рет геосинклиналды қүрылымның қайталанатындығын ай-туға болады (мысалы, Донбасс). Бірақ, кейінірек олар қатпарлану-дың нәтижесінде қайтадан қатайып, платформалық құрылымдарға келіп қосылады.

2. Кейінірек жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде геосинклиналдық-қатпарлы тау жоталарынын. кейбір аудандарында геосинклиналды кезеңге дейінгі ескі платформалардың қалдықтары сақталғандыры анықталып отыр.

Казіргі кездегі түсінік бойынша Донбасс авлакогенді құрылым қатарына жатады шектенуінен кейін пайда болады деген қорытынды жасауға болады.

3. Мұхиттарды зерттеу жүмыстарынын, нәтижесінде жер қыртысының мұхиттық тегі өзіндік ерекшеліктерімен ажыратылатын-дығы дәлелденді.


Тынық мұхит жағалауларында кездесетін мұхиттыи шұңғымалар мен аралдық доғалар қазіргі кездегі геосинклиналдарға мысал бола алады. Сонымен, жер қыртысының мұхиттық түрі континенттік түрге ауысып отырады деген ой туады.

Көп ғалымдардың пікірі бойынша, жер қыртысының даму тарихында “континенттелу” процесі басымырақ. Толығырақ айтсақ, алғашқы мұхиттық ортада шөгінді және вулканогенді-шөгінді жыныстардың қалың қабаттары біртіндеп жиналып, тығыздалып, кейінірек қатпарлану әрекеттеріне ұшырайды, магмалық және мета-морфтық процестердің нәтижесінде гранитті-гнейстерден құралған қатпарлы және кристалды фундамент пайда болады. Кейінірек фундамент қабатын жауып жатқан шөгінді жыныстардан құралған жамылғы қабаты пайда болады. Осындай жолмен континенттік платформала түзіледі.

4. Кейбір ғалымдардың пікірлері бойынша, жоғарыда айтылған “континенттелу” процесіне карама-қарсы “мұхитталу” процесі де жүріп жатады. Оның дәлелі ретінде Гондвана мен Лавразияның жарылып-бөлшектенуі (ыдырауы) нәтижесінде Үнді, Атлантика және Солтүстік мұзды мұхиттардың пайда болуын айтуға болады. Сондықтан да, жер қыртысының жалпы даму тарихында; “континенттелу” және “мұхитталу” процестері қатар байқалады деген қорытынды жасауға болады.

Осы айтылған пікірлердің негізінде жер қыртысының даму процесін төмендегі схема арқылы түсіндіруге болады.

Алғашқыда жер қыртысы барлық касиеттері жағынан алғанда мүхиттық платформаға жақынырақ болды Бедер пішіндері вулкандық пішіндердің дамуымен сипатталды.

А. П. Павлов бұл стадияны Айдың құрылымымені салыстырады. Вулкандық процестер қарқынды түрде дамыған жерлерде, суыну орталықтары пайда болды. Соған байланысты ондай жерлерде эвгеосинклиналдарі мен компенсациялық көтерілімдер қалыптасты. Соның нәтижесінде жер қыртысының континенттік тегі пайда болып, басқаша айтқанда “континенттелу” процесі байқалады. Бұл жағдайда, В. Е. Хаинның пікірі бойынша архей эрасының соңына қарай материктік ірі платформалар құралады. Олар кейінірек бөлшектене келе (протерозойдың содында) Жердің қазіргі кездегі құрылымдық. көрінісі қалыптаса бастайды (ескі платформалар және оларды бөліп тұрған Атлантикалық, Орал — Монғол т. б. геосинклиналды белдеулер түрінде). Ары қарай геосинклиналдық аймақтардың негізінде платформалар ұлғаяды. Кейінірек осы платформалардың орнына субокеандық ойыстар (Қара теңіз), жылжымалы майысулар (Донбасс), және терең шұңғымалар, басқаша айтқанда рифтты блоктар (Қызыл теңіз) пайда болады.

Қысқаша айтқанда жер қыртысының континенттік тегі мұхиттық текке ауысады.

5. Сонымен, қазіргі кезде жер қыртысының даму тарихын бірнеше кезеңдерге ажыратуға болады: геосинклиналға дейінгі, геосинклиналды және геосинклиналдан кейінгі кезеңдер.

Геосинклиналға дейінгі кезең архей эрасын қамтиды. Ол кезде жер қыртысы (қазіргі кездегі түсініктер деңгейінде) геосинклиналдарға және платформаларға ажыратылған жоқ еді.

Геосинклиналдық кезең екі сатыға, яғни бастапқы және соңғы геосинклиналдық, немесе геосинклиналды платформалық болып ажыратылады.



Бастапқы немесе алғашқы геосинклиналдық саты төменгі протерозойдан басталып, карелиялық қатпарлануға дейінгі уақытты қамтиды. Бұл сатыда тектоникалық терең жарылыстар және геосинклиналдар мек платформалар пайда болып, олар өзіндік (специфика-лық) ерекшеліктерімен ажыратылады. Соңғы геосинклиналдық саты жоғарғы протерозойда (рифей) басталып, неогенге дейін созылады. Бұл саты геосинкли-налдық аймақтардьщ азайып, платформалардың көбеюімен сипатталады.

Геосинклиналдан кейінгі кезең неогеннен басталып, қазіргі кезге дейін созылады. Кейбір геологтар бұл кезеңді жер қыртысының даму тарихындағы өзіндік жаңа кезең — неотектоникалық қозғалыстардың даму кезеңі Деп санайды. Басқаша айтқанда, қатпарлы-жақпарлы горст-антиклиналдар мен грабень-синклиналдар пайда болады. Олар жүздеген, мыңдаған км-ге созылып жатады. Тектоникалық ірі жарылыстармен байланысты магмалық процестер қатар байқалады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет