Реферат тақырыбы: «Жоңышқа, оның ботаникалық сипаттамасы, биологиялық ерекшеліктері, өсіру технологиясы»



бет3/4
Дата08.12.2022
өлшемі33,22 Kb.
#55945
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Жоңышқа (реферат)

Өсіру технологиясы

Аудандастырылған сорттары. БҚО-да аудандастырылған сорты- Орал көкбас жоңышқасы. Ал Қазақстанда аудандастырылған жоңышқа сорттары: Ертіс жоңышқасы, Қарабалық жоңышқасы, “Дархан 90”, Карабалыкская 18, Көше, Шортандинская 2, т.б. 
Карагандинская 1- Қарағанды МАТС-да шығарылған. Еуропалық жоңышқаға жатады, көкбуданды сортотип. Орташа мерзімде піседі, баяу өседі. Қыстың суығына төзімді.
Көше- Көкшетау АҒЗИ-да шығарылған. Орташа мерзімде піседі, қыстың суығына, қуаншылыққа төзімді келеді. Солтүстік Қазақстан, Торғай, Қарағанды және Республиканың бірқатар облыстарында аудандастырылған.
Алдыңғы дақылдар. Жақсы алдыңғы дақылдары - күздік дақылдар, жаздық ақ бидай, жүгері.
Топырақты өңдеу. Сүдігерлік жырту соқамен 25-27 см тереңдікті жыртудан тұрады. Көктемгі өңдеу ерте тырмалаудан тұрады. Қажет болған жағдайда 6-7 см тереңдікке қопсытулар жүргізіледі.
Тыңайту. Органикалық тыңайтқыштар парға сүдігерлік жыртумен енгізіледі. Жоңышқа алдынан жыртынды қабатқа 20-40 т/га көң енгізіледі. Минералдық тыңайтқыштардан жоңышқаға ең қажетісі – фосфор. Егіс кезінде топыраққа 60-90 кг/га гранулалық суперфосфат енгізіледі. Суармалы жағдайда оның мөлшерін 120 кг/гектарға көбейтеді.
Азот тыңайтқыштары жоңышқаның өнімділігін (жыл сайын 3-5 ц/га) тек нитрат азоты аз (5 мг/кг) жаңа суармалы топырақта ғана көбейте алады. Бірақ мұнда да оларды қолданудан жасыл массасы 300-400 ц немесе 70-80 ц/га шөп алынады. Азот тыңайтқыштарын екінші және одан кейінгі шабулар кезінде 30 кг/га мөлшерімен енгізген тиімді.
Егіс. Жоңышқа жемшөп және жартылай жамылғы үшін қолданылады. Бүркемелі дақыл ретінде жаздық ақ бидай мен қыша, тары қолданылады. Олар егістікті арамшөптің басып кетуінен сақтайды. Жоңышқаны СЗТ-3,6, СТС-2,1, СЗС-2,1 дән-шөпсепкіштермен 3-4 см тереңдікке сепкен жақсы. Тұқымдық мақсатта жамылғысыз кең қатарлы тәсілмен себіледі. Мал азығы үшін ерте көктемде- сәуірдің екінші жартысында әр гектарға 4-6 млн өнгіш тұқым немесе 8-12 кг. Ал тұқымға өсіргенде ең қолайлы себу мерзімі- ерте көктемде, көктемде және жаздың басында, 1 гектарға 1 млн өнгіш тұқым себеді.
Оңтайлы нормасы жасыл масса мен шөп үшін - 18-20 кг/га, жартылай жамылғылық егісте 5-8 кг-ға төмендейді. Жоңышқаны суармалы жерге сепкен жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет