Реферат Тақырыбы: Көліктегі ақпараттық нысандарды(стансалар, вагондар, поездар мен жүктер) идентификациялау



бет1/4
Дата14.10.2023
өлшемі78,92 Kb.
#114391
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
Абдінағиев Ерсұлтан реферат 4дарис .doc (1)


Реферат


Тақырыбы: Көліктегі ақпараттық нысандарды(стансалар, вагондар, поездар мен жүктер) идентификациялау
Орындаған: Абдінағиев.Е
Группа: В-20-1к
Тексерген: Доштаев:К
АЛМАТЫ 2023 жыл
Жоспар:
Кіріспе
1)Аралық станция
2)Темір жол станциясы
3. Ақпараттық фразалар

КІРІСПЕ
Көлік жүйесі қазіргі таңда сапалық өзгерістерге ұшырауда. Бір жағынан оның құрылымы өзгеруде: көліктің жекелеген түрлері бірегей басқарылу үшін бірігуде, ірі көлік тораптары мен əкімшілік орталықтарда тəуелсіз көліктік логистикалық ор та - лықтар ашылуда жəне олар халықаралық көлік дəліздері арқылы əлемдік көлік жүйесінде үйлесімді орын тапқан бірегей логистикалық конвейерді біртіндеп құру үстінде. Дамып келе жатқан нарықтық қатынастар жағдайында көлік жұмысының тиім ділігін арттыру, шығындарды азайту, тасымалдау құнын азайту, жүктерді жеткізу мерзімдерін қадағалау жəне олардың мүл тіксіз сақталуын қамтамасыз ету мəселесі алға қойылады. Бұл жағдайлар тасымалдауларды басқару жүйесіне түбегейлі жаңа талаптар қояды. Көлік саласын дамытудың аса маңызды бағыты Қазақстан ау мағы арқылы өтетін халықаралық көлік дəліздерін дамыту болып отыр. Бұл бағыттың дамуын анықтайтын элементтердің бірі клиенттерге нақты уақыттағы жүктің орналасқан орны мен оны жеткізу болжамы туралы ақпаратты ұсыну болып табылады. Көлік күрделі инфрақұрылымға жəне оның шеңберінде туындайтын орасан зор ақпарат көлеміне ие «өндіруші – көлік – тұтынушы» логистикалық тізбегінің аса маңызды бөлігі болып табылады. Жүктерді тасымалдауды басқару процесін ақпараттық қамтамасыз ету автоматтандырылған басқару жүйесі (АБЖ) кешенімен жүзеге асырылады. Жүк тасымалдаушылармен ақпараттық өзара əрекеттестік, тасымалдау процесінің нақты үлгісін құру жəне келіп түскен ақпаратты өңдеуге негізделген тасымалдау процесін оперативті басқару АБЖ-де маңызды рөл атқарады. Теміржол көлігінде тасымалдауларды басқару тиімділігіне қойылатын талаптардың жоғары деңгейі оны жоғары деңгейде ақпараттандыру қажеттігін анықтайды. Бүгінде ақпараттық технологиялар басқаруды қолдау құралдары болып қана қоймай, 4 көлік инфрақұрылымының аса маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Ақпараттық технологиялар АБЖ құруда негізгі тех нологияларға жатады жəне тасымалдауды басқаруды жетілдірудің анықтаушы шарты болып табылады. Көлік қозғаласын ұйымдастыруда электрондық деректер алмасу негізінде коммерциялық жəне пайдаланушылық процедураларды орындауға мүмкіндік беретін көпмақсатты ақпараттық технологиялар кешені жасақталды жəне табысты түрде қолданысқа енгізілді. Ол салалық ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұ ры лымға, соның ішінде, көліктік байланыстардың барлық негізгі порттар мен кеден терминалдарына шығатын талшықтыоп тикалық магистральдық сандық желісіне негізделеді. Бұл ақ па раттық деңгейде көліктің алуан түрлерінің интеграциясы на нақты мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Қазақстанның көлік байланысының жоғары жылдамдыққа ие сандық желісі оның шекаралық өтпе жолдар пунктерінде шектесетін көршілес ел дердің көлік желілері арқылы əлемдік телекоммуникация желілеріне шығу міндетін шешеді. Көлік тасымалын ұйымдастырудың ақпараттық жүйелері мүмкіндіктерін оңтайлы түрде қолдану елдің бүкіл көлік кешенінің мүддесіне сай түрлі көліктер арқылы ішкі жəне халықаралық тасымалдауларды ұйымдастыру барысында басқару мен байланыс шығындарын айтарлықтай төмендету мүмкіндігін береді, көліктік жəне логистикалық қызметтердің сапасының едəуір артуын қамтамасыз етеді. Ақпараттық технологияларды енгізудің басым бағыттары: - жүктердің қозғалысын ғаламдық қадағалаумен қамтамасыз ету мақсатында желілік технологиялар негізіндегі көлік пен логистикадағы ақпараттық интеграция; - Интранет-Экстранет технологиялары негізінде көлік-логистикалық компанияларда жəне орталықтарда ішкі жəне сыртқы құжат айналымын жетілдіру; - логистикалық қызметтер тұтынушылары мен жеткізушілері арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыру үшін виртуалды көлік-экспедиторлық агенттіктер желісін құру; - келісім-шарттардың, тасымалдау құжаттарының жəне төлемдердің электрондық нұсқаларын ендіру; 5 - электрондық құжат айналымына негізделген технологияларды белсенді түрде енгізу жолымен шекаралық өтпе жолдарда жылжымалы құрамның тұрып қалуын болдырмау мəселесін шешу; - тауар өндіруші жəне қызмет көрсетуші компаниялардың тұты нушылармен IP-технологиялар платформасындағы ақпарат тық интеграциясы. Кезеңді түрде дамитын көлік қызметін автоматтандыру жұмысшылардың еңбек өнімділігін жəне тасымалдау процесінің сапасын арттырудың аса маңызды əлеуметтік-экономикалық міндеттерін орындауға, уақыт шығындарына жол бермеуге, еңбек жəне материалдық ресурстарды əлдеқайда ұтымды қолдануға септігін тигізеді. Оқулықтың мақсаты – студенттерге көліктік тасымалдаулар- ды басқару жүйелерінің барлық деңгейлерін ақпараттық қамтамасыз етуді автоматтандыру, қазіргі заманғы ақпараттық тех- но логиялар қызметтері жағдайында компьютерлік техникада басқару міндеттерінің шешімдерін (тасымалдау процесін норма лаудан бастап диспетчерлік жүйенің барлық деңгейлерінде опе ративті басқаруға дейін) жасақтау, жасау жəне олардың нəтижелерін қолдану əдістері туралы, сонымен қатар, қазіргі заманғы та лаптарға сай тасымалдауларды басқаруды автоматтандыру ісшараларының пайдаланушылық жəне экономикалық тиімділігін бағалау əдістері туралы кəсіби білім алуға көмектесу



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет