3.2 СӨЗДІКТЕГІ ӘДЕБИЕТ ҮЛГІЛЕРІНДЕ СОПЫЛЫҚ ДӘСТҮРДІҢ ОРЫН АЛУЫ
«Түрік сөздігіндегі» әдеби үлгілерден исламдық мазмұн аясын айқын байқаймыз. Дін мәселесі Махмұт Қашқаридың «Түрік сөздігі» әрдайым қозғалып отыратын тақырып. Қашқари оған арнайы тоқталып өтпейді, бірақ сөздікте діни пайышдаулар жеткілікті екендігі парақтай бастағаннан-ақ көз жеткіземіз. ХІ ғасырдағы ислам діні көрінісін сопылық сарынөлеңдерін танимыз.
Сопылық поэзия қазақ топырағында Қожа Ахмет Иасауи есімімен байланыстырылады. «Түрк сөздігінде» сопылық сарын жоқ емес.
Қазақ зерттеулерінің бір тобы «Исламның жері сөздікте кездеспейді» десе, а:Қыраубаева «Түрік сөздігінің сопылық дәстүрден тыс қалмасын дәйектейді.[10.17]
Сопылық поэзияның астарин сырлары көп, бір оқығанда басқаша ой айтады, ал үңіле түссең құпиясы ашылып, өзгеше ой сәулесі көңіліне үялайды. Сопылық әдебиетке метафоралық,. Символдық, аллегориялық мәтіндер тән. Мәселен махаббат лирикасында сүлуға асық болу мен жарыққа ұмтылған көбелек бейнесі. Жаратқанға жол жаратқан сопы сезімін бейнелейді. өлеңдердің ішкі мағынасына үңілер болсақ, ақындар ғашықтық туралы сөз қозғағанда қызға ғашық болып, өмірден боз келіп жүрген жоқ, қыз бейнесі метафоралық тәсілмен алланы алмастырады. Шарапты шарапаттағанда, ішіп мас болуды аңсамайды, ол тәнірге деген махабаттан туған мастық.
Сонымен қатар інжу, маржан, жар, шырақ, мұхит, таңғалу, салауаттылық, соқыр болу секілді символдық-метафоралық мәні бар сөздер де сопылық сарындағы жырлардың өзіндік лексиконын құрайды. Бұл туралы ғалым С.м Демедов төмендегідей символдық ұғымдарды, метафоралық көркем құрамдарды алға тартады: «Символы суфизма-любовь, желание, страсть, встреча, разлука, почелуй, объятие, вино, бокал, кувшин, опьянение, отрезвление, мотылек, свеча, океан и.т.д» Орта ғасырларда дүниеге келген қандайда бір шығарма жайлы сөз қозғамайық, суфизмге тоқтамай өту қателікке ұрындырары анық. Бұл туралы зерттеуші Е. Бертельс «Суфитік әдебиетті қарастырмайынша, шығыстың орта ғасырдағы мәдени өмірін түсіну мүмкін емес» дейді.[10.26]
М.Қашқари Иасауи сияқты сопылығымен тарих бетінен орын алмаса да, сөздік арқылы ұрпағына сопылық сарын өлеңдерін мұра еткен ғұлама. «Түрік сөздігіндегі» бәйіттерді оқи отырып көпшілігі сопылық сарында жырланған жұмақтар екендігіне көз жеткіземіз. Сопылық ағым жырлары түрлі сарында келеді, дүниетанымның күрделілігімен ерекшеленеді. өзгеше танымды өлеңдердің өзегіне айналдырған сопы ақындар өмірдің өткіншілігін еске алу негізінде адамгершілікке үндейді. Адам баласы ерен туғанменен мәңгілік жасай алмайды деген ой түйінді өлеңдерде өріледі. Күйкі тірліктің көзді ашып жұмғанша өте шығатынын, өмірдің қамшының сабындай ғана қысқалығын жыр жолдары жеткізеді. Өмірдің өткіншілігін айтумен қатар қамтылатын негізгі ой- «жалғандық», адамдар үшін тұрақсыз болып келетін «жалған дүние» қазіргі заман поэзиясына дейін дәстүрлі жалғасым құрайды. Сөздік өлеңдерінде байлыққа адамның ниетін бұзушы құрал ретінде қарау кездеседі.
Сопы сырларының бір ұштығы қайғы-муңға, шерге бөлінуде жатыр. Сопы соншалықты қайғыға батырған не нәрсе сауалға жауаптынеоплатонизм өкілі Плотиннің пікірін табамыз: «Құдайды тану мүмкін емес, ол таза, қайырымды, алғашқы күш. Дүние оның құдіретімен жаралған, бірақ ол дүниені өзі үшін емес, қажеттілік үшін, мәңгілік шектеусіз жасайды. Адамның мақсаты- физикалық дененің зұлымдылығынан босанып, құдайшыл өмірге жақындасу» дейді. Сопы құдайдың әділдігіне, тазалығына қол созады, бірігуді мұрат тутады. Осы жолдың қиындығынан көңілге мұң ұялап, қайғы өлеңге көшеді.
Алла жолында көз жасын колғып төккен сопының көңіліне уа салған мұнның сырына үңілелік. Менде сүйініш дауасы бар, қайғы содан тарайды. Сопының бар өмірін мұраты бір мұшақ өлеңде өріледі.
Ақиқатқа жету-сүйініш, қуаныш оған ұмтылыс кезіндегі қайғы-адам жанының дауысын, жаралы жүректің емін іздеп аласуруп еді. Аллаға асықтық, оның бейнесін көруге талпыныс махабатпен сипаттала келе, қол жеткізбес арманның артын қайғыға ұласатындығын байқаймыз.
Алланың жүзін көру тек періштелерге ғана жазған дейді, таза кейіптілігінен болар. Ал құдайдың ақ жолын таныған сопы өзіне жетімсіз бір ғана жайтты-жақындасып жүзін көру мәселесін қайғыға әкеп тірейді. «Жанымды жар күйігі жабырқатты, басқаны менің тдертім таңырқатты» Сопы олеңдерінде Алла атаулы жар сөзімен астарлы түрде алмастырылады: «Қауышып жардың өзімен, нәр алып нәзік сөзінен, мөлдір қара көзінен, Қуат алғаш жаныма. Сопы ізгілікті сөзі арқылы оның жүзін көруге ынтық, «нәр алатын нәзік сөз», біздің білуімізше, сопы жанының жалауы болған Құран сөзі. Жанына құат берген де сол «Құран қағидалары, Алланың «әр бір сөзі» адам бойына нәр болып қуйылып, нұр болып төгіледі.
Сөздікте «оның түзулігіне өзім ауландым, оның тазалығына көзім емделеді» деп әлем жаратушының түзу жолын мойындап, оған көнілі аударады. Оның «Тозаңының» өзі-ақ көзін емдегенін-көңіл көзінің соқырлығын жойып, жүрегіне жарық нұр сәулесінің төққенін айтады.
Көз жасының тамшылы болып теңізге құйылуы құдіретті Алланың алыптылығын дәріптеу, онымен бірігу-тамшы болып жанасу ойын өрнектейді. Ұлан-ғайыр теңіз-жаратушының кеңдігінің символы, — жаратушыға жалғасыға мақсат тұтқан сопының астарин бейнесі. Суфизм арнасының метафоралық көркемдеушінің бірі-от жалыны. Алладан тараған нұр шуағы от ретінде беріледі: «Менің өзім бөдене, оның аты…», «өзек атытұтанып, өкпе-жүрек қабынар».[16.56,57]
Достарыңызбен бөлісу: |