2.3 ЖИНАҚТАҒЫ АҢЫЗ-ӘҢГІМЕЛЕР.
«Аңыз- фольклорлық проза жанры. Онда тарихи шындыққа негізделген, халықтың тарихи жанында сақталған, әйтсе де уақыт өте оңделіп, көркемдік сипат алған оқығалар баяндалады. Тарихи тұлғалар қатысқан тарихи оқығалардың баяндалуы, оқиға өткен уақытшегі, жер атауының нақтылығы көрсетілуі-аңыздың жанр ретіндегі ерекшеліктері»
Түрік жердің аумағы, онда мекендеген үл-ұлыстардың сипаты,тарихы, соған қатысты тарихи деректер мен аңых эпсаналар арқылы сөздікті жақсы көрсетілген. Яғни сөздіктің кейбір беттерінде аңыздар да орын алған. Әсіресе тарихи тұлғалар жайлы аңыздар өз алдына бір ғалым десе болады. Әйгілі ұлы тұлға Ескендір Зұлқарнайын туралы соны деректер бер. «Түрік сөздігінде» Зұлқарнайдың түрік даласына, шынға қарай жарығына қатысты бірнеше тарихи аңыз әңгімені кірістереді. Алтысқан оқиғасы Тутмаш деген тағамды ойлап табуы, ұйғыр атауына қатысты ойлары тікелей Ескендір Зұлқарнайын есіміне байланысты дәлелденеді. «Шегіл» сөзін түсіндіргенде М.Қашқари бұл тұрасында «Тараз жағындағы шаһарларда тұратындар «Шігіл» деп аталады. Зұлқарнайын арғулар шаһарына жеткенде қатты жаңбыр жауып, батпақ, лайсаң болып, Ескендір жүре алмай қалған. «Бұл қандай, батпақ, лайсаң деп қиналыпты» (арабша Ин чи гил аст» деген сөз екен) Сол жерге қонады. Сол жердегі түріктер содан бері «Шегіл» аталып кетіпті. Жайхуннан шынға дейінгі түріктер «Шегіл» аталған»-деп жазады.
«Ұйғыр»- сөзін түсіндіргенде Зұлқарнайын туралы мынандай аңыз береді. Сөздікке көңіл аударсақ М.Қашқариға мұны баяндаған Мухаммед Шәкір Тоңқахан ұлы Низаметдин Исрафил Тоған Текін бабасынан білгендерін былай хикаялаған екен: «Зұлқарнайын ұйғыр еліне жақындап келгенде түрк халқы оған төрт мың адам жіберген екен. Олар оқты алдынға қарай атса, арқасына қарай да сондай шеберлікпен ататын еді. Зұлқарнайын бұларға қарап қалып: Шан Һудзһурәнд- бұлар басқаларға керіптар болмай, өз азығын өздері тауып жейтіндер екен; бұлардан аң қашып құтыла алмайды; қашан қаласа сол кезде атып жейді»- депті. Содан бері бұл ел «һузһир-һудзһур( деп аталған екен – деп баяндайды. Кейін ъ әріпі «і-әліпке» ауысқан.
Сөздікте түрлі топонимика мен этнонимдер аттары кездеседі дедік, сонымен бірге тамақ атауының шығуына байланысты аңыздарда жоқ. Емес. Солардың бірі Зұлқарнайын мен қатысты «тутмаш» сөзін түсіндіргенде «тутмаш» атауының шығуына байланысты аңыз. «Тутмаш-түріктердің әйгілі тамақтарының бірі. Бұл Ескендір Зұлқарнайын заманында пайда болған тағам екен. Зұдқарнайын зұлмат қаранғылықтан шыққанда әскерінен азығы түгесіліп, азайып қалған екен, олар аштықтан қорқып Зұлқарнайынға бізді «али қойма» деген мәнде аш: бізні тутма аш» дет зарланған екен. Зұлқарнайын білгірлермен кеңісеп ақыры даналар осы тамақты ойлап тапқан, әзірлеген Түріктер осы тамақты көріп «титаш»-тутмаш» деп атаған.
Ал, жыл қайыруда байланысты аңыз «Түрік сөздігінде» мүлде басқаша баяндалады. Оқыға Іле өзенінің бойында өткендігі туралы айтылады. Түрік қағаны өзінен бірнеше жыл ілгері өткен ұрысты талдап үйренбекші болған, сөйтіп сол ұрыс жылды анықтаған кезде жаңылысқан. Жыл-санауды ретке түсіруді ойлайды. Ол үшін жылдары он екі хайуан атымен атауы ұсынады. Содан кейін аңға шыққанда аң, хайуан атаулыны үлге қарай қуалайды. Сонда іленің арғы бетіне ең бірінші болып тышқан шыққан екен. Сөздікте кездесетін қызықты аңдардың бірі Үыз (Оғыз) ханның аты қалай қойылған туралы дерек. Аңыз жемісі мынандай: Қараханның әйелі үш үл табады, бірақ баласы анасын ембейді. Баласы бір жасқа толысымен, хан ел-жұртын жиып, той жасайды. Баласына ат қоюды сұрайды. Ешкім тіл қатпай тұрғанда жас нәрестенің өзі сөйлейді. Меніі атымды «Уыз» қой дейді. Бір жасар баланың сөйлегеніне таңданып, жиылған жұрт бала тілегін қабылдайды. Осыдан Уыз хан тұқымы өсіпті…. деп түсіндіреді.
Бұл аңыздардан ғалым М.Қашқари түрік танымына тән ерекшеліктер, ел-жер аттары, этнологиялық таным-түсініктерге, этнографиялық, топонимдік ерекшеліктерге қатысты мұқият жүйелікке ұмтылғанын байқаймыз. Тағы бір айта кететін нәрсе ежелгі түрк әдебиетінің қазынасы саналатын «Диуани лұғат-ит түрк» сөздігінің Құран қағидаларымен үндесіп жатуды.
А.Егеубай зерттеуінде: Ескендір Зұлқарнайын жөнінде Құранда да сөздер, әңгімелер кездеседі- дейді. Зұлқарнайын Құранда үш жерде аталатындығы сөз етілген. Ол 18-кеһф сүресінде (82-3,84,85) Онда былай делінген: Олар сенен Зұлқарнайынды сұрады: «Сендерге оның жайын түсіндіргенде бұл Зұлқарнайын екі мүйізді деген ұғымда. Екі тұлымы немесе тажында екі мүйізді болғандықтан атанған. Аты-Ескендір, пайғамбар емес. Батыс, шығыста кезген, Рүм, Фарсы деген тағы басқа рауаяттар бар).
«Негізінде Зұлқарнайынды жер жүзінде күшке ие қылдық.Өзіне әр істе қолайлық бердік. Ол да бір шара қолданды. Тіпті күн бататын жерге жеткен сәтте, оны қара балшықты бұлаққа батқан түрде көрді. Сондай-ақ сол маңнан бір ел тапты.«Әй, Зұлқарнайын, не азаптарсың, немесе оларға жақсылық істерсің»,- дедік. (Құран карим,18-Кеһф сүресі.303-бет). Одан әрі Зұлқарнайынның Шығысқа барғаны, үн астындағы елге жеткені, одан екі таудың арасына жеткенде сөзді түсіне алмайтын елге кездескенін айтады» [12.193.] Міне,бұдан жоғарыдағы Ескендір Зұлқарнайын туралы аңыз-әңгімелердің Құран кәріммен байланысып жатқанын байқаймыз.
Түркі халықтарының тұрмыс тіршілігін танытатын бұл еңбекте аңыз әдебиетінің жанрларының бірі аңыз әңгімелер мен, әпсаналармен сусындалғанын, солар арқылы түркі жұртының табиғатына тән дүниелерді танытқанына күә боламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |