2.2 ОРТА ҒАСЫР ТҮРКІ ШЕШЕНДІГІ
«Диуани лұғат ат- түрк» сөздігінде халық ауыз әдбиетіндегі үлкен орны бар мақал- мәтелдер, қанатты сөздер мен афаризмдердің алатын орны ерекше.
«Диуанда» халықтың сол кезге дейінгі және сол дәуірдегі айтылған мақал- мәтел сөздері барынша мол қамтылған және солардың дені қазір қолданып жүрген мақал- мәтелдер мен қанатты сөздер. «Тау тауымен қауышпас, адам адаммен әрқашан қауышар», «Түйенің үлкені көпірден таяқ жейді», «Айтылған сөз- атылған оқ», «Көрікті кісіге сөз ерер», «Ақылмен арыстан ұстауға болады, ал күшпен тышқан да ұстай алмайсың», «Атын аямаған жаяу қалар», «Басқаға ор қазба оған өзің түсесің», «Құс қанатымен, ер атымен», «Аш не жемес, тоқ не демес», «Кісі аласы ішінде, мал аласы сыртында», «Қонақ келсе құт келер», «Бейнет жерде қалмас», «Қанша ақымақ болса да серік жақсы», «Қанша ирек болса да жол жақсы», «Күздің келісі жаздан білінер», «Екі бура үй кесер ортасында көк шыбын жаншылар».Тағы сол сияқты сөздікте кездесетін мақал- мәтелдердің мағынасы сақталып, сөздері өзгеріп келгендері де жоқ емес: «Ол көпірді су алып кетті», «Болар іс болды, бояуы сіңді» деген мақалмен мағыналас келеді.
«Батыр майдан шебінде, дана жиында сыналады ». Бұл мақалға «Болат қойнауда шынығады, батыр майданда шынығды» деген мақалдың тура келуін айтуымызға болады. Тағы сол сияқты «Болар бұзау өгіз арасынан белгілі» деген сияқты мақалдар.
Орта ғасырдан бергі жалғасын тапқан, қзіргі таңға асыл қазына болып жеткені бәрімізге аян.Яғни мақал- мәтелдедің, қанатты сөздердің, сонымен қатар тұрақты тіркестердің сонау ІХ-ХІ ғасырдан бүгінге дейін жалғасқан тарихи жолыө- сайрап жатыр.
Мақал- халық поэзиясының жанрлық түрі, түйінді ойды білдіретін, тура мағынасына орай астарлы мағына да бере алатын ықшамды нақыл сөз» [1.356].
Ежелгі түркі жазбаларындағы жиі- жиі ойға шақыратын адамшылдық белгілерін мазмұн жағынан шартты түрде жүйелеп, саралаған ғалым А.Егеубий былай бөледі:
Кісілік, имандылық, дінге беріктік.
Тілге, білімге, дінге беріктік.
Ақыл- прасат, рухани саулық, еркіндік.
Іскерлік, ұлағатты ұлық.
Ел қорғау, намысшылдық, жүректілік.
Ұрпақ тәрбиелеу, ұлды- ұяға, қызды- қияға қондыру.
Досқа- мейірімділік, жауға- қаталдық.
Қанағат- рақым, адалдық.
Ұсталық пен ұстаздық, кәсіпті білу сияқты тағысын тағылар.
«Түрік сөздігіндегі» кездесетін мақал- мәтелдер мен өсиетті сөздер соның айғағы.Сөздіктегі ғылым- білім, әдеп, тәлім- тәрбие, моралдық- психологиялық сипаттағы ой- пікірлер әл Фатаби, Жүсіп Баласағұн идеяларымен астастырылып жатады.Онда адамның кейбір жекелеген жаман қасиеттері (дүниеқорлық, қорқақтық, мансапқорлық, опасыздық, ездік т.б.) айыпталық, ерлік, ізгілік, әділдік, ақ ниеттілік секілді кісінің әр түрлі жақсы қасиеттері дәріптеледі, автор жастарды батыр болып, ержүрек, отансүйгіш болып өсуге шақырады.[11.40].
Сөздікте адамгершіліктің ережелерін түзеді.Адамның басқадан айырмашылығы оның бойындағы ең ізгі қасиеттерінде: ақылында, білімінде, әділділігінде, ізгілігінде деп түйеді.Дүниеқоңыздыққа салынып, ішпей- жемей, бермей- келмей жинаған мал- мүліктің еш қайырымы жоқ дей келіп, білімді, парасатты адам ізгі, қайрымды болады, ал қайырымдылық елде көп болса, ел- жұрт тату- тәтті өмір сүреді, жоқ- жетікке жәрдем береді- деп уағыздай, еңбекшіл болуға, бейнет жасауға үндейді.Мысалы:
Зиян болар, адамзат, артық бұйыш,
Білімді адам не қылсын дүние жиып.
Дүние мүлік ерлердің пейілін алады,
Дүниеқор адам естерінен танып қалады.
Ақылды адам тәкәппар болмас,
Ақылсызды мақтасаң есінен жаңылар.
Білімдіден ақыл ал, асыл сөзді ұғып ал, бойыңа сіңір.
Ізгілік қанша керек болса,
Өз қолыңмен де оны істей біл.
Жарлы- ғарып келсе, ықыласпен күтіп ал,
Тойғызып, ризалап шығарып сал.
Туғандардан мәңгі өмір сүрген жоқ,
Дүние, әлем, жұлдыздар да күнде туып, сөнеді.
Адамдарға дәулет пен даңқ дұшпан бопты деседі,
Бұндай жаудан білімді адам жырағырақ өседі.
Адамгершілік тақырыбы аясында білімге шақыру идеясы бой көтерген.
Өнер- білім ізде, үйренуден өркөкірек болма, жиренбе,
Өнер- білімсіз білімдісінсе, сынақта дейді. Білімділікке мастанып, өзгенің бәрін наданға балап, өркөкірекке салынба, үйренуден жиренбе де!Және бір ескеретін жайт, ол- ақылсыз, ілімі жоқ жанның өтірік білімдісуі, өтірік қашанда өрге баспақ емес, ондай жандар сүрлеуінен жақтап, сынақта сүрінеді дегенді айтады.
Бейнет жерде қалмас.
Іскердің ерні- май, еріншектің басы- қан.
Қысқа дайындал, келсе егерде құтты жаз, түн- күн өтіп, түгесілер мерзімін.
Еріншекке есік асу болар- деген мақалдар еңбекті дәріптеп, еріншектік қасиеттен жирендіреді. Жинақта кісілік келбетті, қасиетті кемелдендіретін қасиеттер әлсін-әлсін қайталанып отырады. «Су ішірмеске сүт бер», «Түзумен-ұрыс, -бұзықпен ұстаспа,»» «Қырық жылға дейін бай мен кедей-теңесер», «Сынамаса-алданар, сақтанбаса-алдырар»,»Заман өтер,кісі тоймас, адам ұлы мәңгі қалмас», «түлкі өз ініне үрсе қор болар», «Аш не жемес,тоқ не демес», « Қонақ келсе құт келер», «Әдеп басы-тіл». «Сусағанға сағымның бәрі су көрінер», «Інген аңыраса бота боздар» тағы басқа да інжу-маржаннан өрілген сөздер тізбегі қаншама.
Еңбектегі мәтел сөздердің де тобы жоқ емес. Айтылатын ойдың ұшығы,тұспалын ғана көрсететін сөйлемшелерден орта ғасыр көшпенділерінің салт-санасы, тұрмыс-тіршілігін,сана-сезімі,кәсіптері айқын көрініп тұрады. Пікіріміз дәлелді болу мысалдар келтіре кетелік.
«Ет тырнақтан айырылмас»,»Қос қылыш қынға сыймас», «Итке ұят келсе ұятай жемес», «Тасты шайнай алмаса сүю керек»,»Отты жалынмен өшірмес», «Қарға қазға еліктесе аяғы сынар», «Құл-дұшпан,ит-бөрі», «Мәжнүн талға-нәзіктік, қайыңға қаттылық жарасар», «Бар-мыс, жоқ-алтын», «Құдықта су бар ит мұрны тимес, «Пышақ қашаса өткір болса да өз сабын жонбас, « Тілімен дастарханға жетер» , « Атан жүгі ас болса, ашқа аз көрінеді», «Қаз тұрса үйрек көлді жағалар» , «Андыз болса ат өлмес», «Ауыз жесе көз ұялар», «Аман болса тірі таңды көп көрер», «Күнде жарық жоқ, бекте қалық жоқ», «Аушы қанша айла білсе, аңшы сонша жол біледі», «Өгіздің аяғы болғанша, бұзаудың басы болса игі», «Көзден кетсе көңілденде кетеді», «Құс қанатымен, ер-атымен», «Басқа түскен қайғы қатып қалмайды», «ердің басын мұң шалар, таудың басын жел шалар».
Сонымен «Диуани лұғат-ит түрк» сөздігіндегі бой көрсеткен алуан нақылдар тізбегі тек ақыл сөз, өсиет қана емес, орта ғасырдағы терең ой түйіндері де.
Мақал, мәтел, қанатты сөз, нақыл сөздер жанға жақын санаға таныс ІХ-Х! Ғасырдан бізге «Диуани» сияқты асыл қазыналарымыз арқылы бүлінбей жеткен ауыз әдебиетіміздің бұлағы іспеттес.
Достарыңызбен бөлісу: |