1.2 ТҮРІК СӨЗДІГІНІҢ СИПАТЫ, ТАНЫМДЫҚ МӘНІ.
М.Қашқари өз еңбегін классикалық араб тілінде жазып, араб филологиясының лингвистикалық терминдерін қолдаған.
Автордың «Диуануды» жазудағы ең басты мақсаты – көптеген зерттеулер мен мамандардың пікірі бойынша Бағдат билеушілердің Селжүктердің оғыздардың, жалпылай алғанда түркілердің тілімен таныстыру қажеттілігінен туған деп санайды. Бұл еңбекте сонымен қатар тек тілге ғана байланысты емес, біздің объектімізге айналып отырған ауыз әдебиетінің өрнектері, мақал- мәтел маржандары, түркі халықтарының орналасқан аймақтары олардың әдет ғұрпы, салт-саналарына байланысты мәлімет беру көзделген сияқты.
Еңбектің автор жазған данасы жоғалып кеткен, кейінрек жасалған оның бір ғана көшірмесі 1915 жылы Стамбулда көше кезіп, ескі құсқа заттар сатып жүрген саудагердің арабасынан табылған. Түркияның «Стамбул» кітапханасында сақтаулы тур. «Диуани лұғат-ит түркі (3 томнан тұрады). Мазмұнына қарай екі бөлімге бөлінеді: Кіріспе және Түсіндірме сөздік. Бірінше бөлім тарихи-филологиялық мәселелерге арналған, екінші бөлім фонетика мен графика туралы мәліметтер береді де, сөздің лексикалық және грамматикалық аспектілерін зерттейді. М.Қашқари өз еңбегін лингвистикалық ізденіс түрінде жазған, сөздік іспеттес етіп құрастырған. Ол былай деп жазған: «Бұл кітапта мен сөздерді буын құрамындағы әріптердің өзара орналасу тәртібіне қарай түздім, ақыл айтатын айшықты сөздермен өрнектедім, ұйқасын тапқан жолдармен, мақал-мәтелдермен, өлеңдермен және кәдімгі қара сөздермен нақыштадым….
Ол бұл еңбегін сегіз кітапқа жіктеген. Алғашқы кітапты Тәңірінің жөнімен әліптен бастадым дейді. Әліптен басталатын кітабын «Хамза» кітабы деп атаған. Екінші «Сәлім кітабы» үшінші «Музоаф кітабы» яғни бір әріпті қайталанған сөздер кітабы; төртінші «мысал кітабы»; Бесінші «Үш әріпті кіпат», Алтыншы «төрт әріпті кітап», Жетінші «мұрын дыбысты әріптер кітабы», «ғунналылар» деп аталады, сегізіншісі «екі сүкіндікпен қатар келген сөздер кітабы» Бұл кітаптарда әуелі есімдерді саны етістіктерді түзіп отырады.
ХІ ғасырдағы түркі тайпаларының тарихы мен этнографиясы, территориясы мен географиялқ жағдайы, тілі мен әдебиеті жайында жазылған М.Қашқаридың жалғыз дана еңбегі осы күнгі түркі тілдас халықтарының әр алуан тарихи мәселелерін оқып-біліп, зерттеп тану үшін қазір ғылыми жұртшылықтың назарын өзіне қатты аударып отыр.
Сөздіктің зерттелу тарихы жүзілік түріктану ғылымында өте қысқа болғанымен ол туралы жазылған еңбектердің библиографиялық көрсеткіші өте көп.
Соңғы жылдары қазақ әдебиетінің көне тарихы негізделіп, орта ғасыр түркі әдеби ескерткіштері шұғыл зерттеле бастады.
«Диуани лұғат-ит түркті» зерттер насихаттаған белгілі ғалымдар көп. Олардың ішінде В.В.Бартольд, АН. Кононов, Н.А.Баскаков, А.Н.Самойлович, К.Броккельман, Б.Аталай, С.Е.Малов, И.В.Стеблева сияқты шетел ғылымдарымен қатар Н.Т.Сауранбаев, С.А.аманжолов, А.Н.Ысқаков, Ә.Құрышжанов, Ә.Ибатов, Н.Келімбетов сияқты қазақ ғалымдары.
Неміс ғылымы К.Броккельман 1919 жылдан бастап зерттеу мақалалалын жазып, жүйелі жариялайды. Ал, 1928 жылы жинақтың әліпбесінің ретімен түзілген немісше индекс сөздігін жариялайды.
М.Қашқаридың ұлы қызметі мен еңбегінің жемісін танып, болашақ ұрпақ игілігіне айналдыруда түрік ғалымын Б.Атайладың да сіңірген еңбегі зор.
Бұл шығарманың кейбір тұстарын қазақ тілінде сөйлетуге ақын Ф.Оңғарсыноватың да еңбегі атап айтқан жөн.
1990 жылдардан бастап ғасырлық ескерткіштерді кәзіргі қазақ тіліне аудару мәселесімен шұғылданушылар көбейіп келеді. Солардың бірі-Асқар Егеубай.
Асқар Егеубайдың «Құлабыз» атты еңбегінің мәні «Құлабыз» ежелгі түркі сөзі. Қарахандар әулеті дәуірлеп тұрған кездегі ұлы әдеби мұраларда кездеседі. Мағынасы кәдімгі құбыланамаға, компосқа саяды. Жол сілтеуші, бағдаршы мәнін де білдіреді. Яғни «Құлабыз» ІХ-Х ғасырдан жаткен жәдігер.
Қайдан шақтық, қайда барамыз?
Біздің ата-бабаларымыздың қандай болғанын, түрік жұртының мінез-құлқы, қасиеті баяндап беретін баға жетпес асыл құлабыздың бірі «Түрк сөздігі»
Жинақта автор арнайы тәртіппен 6800 түркі сөздерін топтастырған М.Қашқари «ең таза тіл-тек қана бір тілді біліп, парсылармен араласпайтын, жат-жұртқа барып келіп қарым-қатынас жасамайтын адамдардың тілі»- деп бағалай отырып, түркі тілдерде шұбарлық жоқтығын жоғары бағалаған. «Диуани» сөзі «кітап» деген мағананы білдіріп, басқа да жинақтарға қолданылған. «Диуани»- түркі тілдерінің салыстырмалы сөздегі-филологиялық зерттеу.Онда түркі елдердің тілдері тұңғыш рет ғылыми жүйеге түседі. Жеке сөздердің мағынасы мен этимологиясы түсіндіріледі. Бұл кітап үлкен көлемді үш том.І томы 436 бет. ІІ томы 294 бет, ІІІ томы 333 беттен тұрады. (А.Егеубайдың аудармасы бойынша)
Ең маңыздысы – біздің жыл санауымыздан бұрын қадым замандарға жасалған сақтар мен ғұндар дәуірінде және түркі қағанаты тұсында өмірге келген тұрмыс- салт жырларының үлгілерін, мақал-мәтелдерді шешендік сөздерді М.Қашқари өз «Сөздігіне» мысал ретінде енгізген. Жинақта 238 өлең –жыр, 270 шақты мақал-мәтел, жүздеген қанатты сөздер, афоризмдер, әңгімелер келтірілген. Әр түрлі тайпалардың тілдеріне арабша түсінік берген, дәл фактілермен айқын көрсеткен.
«Бұл кітапты тек сөздік деп қана ұғыну жеткіліксіз «Диуани»-сөздік қана емес, ол сонымен бірге ХІ ғасырдағы Орта Азия тайпалар жайлаған өлке халықтарының тарихы мен ол халықтарының әдебиет үлгілерінен мәлімет беріліп тұңғыш әдеби жинақ. [2.12]
М.Қашқаридың «Үш томдық сөздігін» қазіргі қазақ тілінде сөйлескен ғалым Асқар Егеубай бұл еңбектің мәдениетіміздің тіліміздің, әдебиет пен өнеріміздің, қала берді ұлт, ұлыс ретіндегі талысу жолдарымыздың бедерлі белгілерін тума қасиеттерін сақтаған рухани қазына өзегі екенін орынды атап көрсетті. «Мен бұл кітапты хикмат сөздер, сежілер, мақал-мәтелдер, өлең-жырлар, режез және несір, көркем қара сөз, секілді әдеби сөздермен безендіріп, мақсус әліппесі ретімен түзіп шықтым»,- деген пікірін келтіреді де «сежі,режез» деген араб әдебиетінің теориясынан алынған атауларға түсінік береді: «сеже»- ішкі ырғаққа, бай ұйқасқа негізделген қарасөз, қысқа хикаялар екен де, «режез»- ішкі бітімі жағынан сежеден туындап күрделене түскен өлең түзілімі екен. Қашқаридың осы айтқандарына қарап, оны сөздері-тізіп беруді ғана мақсат етпей, көркем туынды жасауды мақсат еткенін аңғарамыз. Осыдан мынандай ой туюге болады: М.Қашқаридың қазақ тарихындағы басқа би- шешендер сияқты тіл мен қаруды қатар меңгерген, жауынгер әрі өзі шешен деп таныған қызыл сөз иесі екенін мойындаймыз.
Қашқари еңбегін қазіргі заманда тек қана тіл мамандары оқып, зерттеп қоймай, сонымен қатар, әдебиетші, тарихшы, этнографтар мен географтардың да үңіле қарап, жете зерттеп жүргені кездейсоқ жай емес.
Қашқари еңбегінің әдеби маңызы жайлы неміс оқымысты М.Хартман: «Диуани лұғат-ит түрк»- халықтық әдебиеттің үлгісі, соның негізінде құрылған» дейді де, содан екі жыл бұрын жазылған «Құдатғу білікті» (Бақыттылық жайлы ілім) сарай әдебиетінің нұсқасы деп табады. Бұл «Диуани лұғат-ит түрк» түркі халықтарының ескі әдебиетінің тарихында аса сирек кездесетін әдебиет үлгісі екендігін анық танытатын ғалымның пікірі.
М.Қашқари еңбегінде жоғарыда көрсетілгендей, сол заманғы түркі тайпалары жайында мәлімет беріледі. Ол мәліметтер қай халықтың қандай тілде сөйлейтіні жайында ғана емес, орналасу тәртібі, қай тайпаның қандай келгендігі, қандай территорияны мекендейтіні, әдет ғұрыптық ерекшіліктері және т.б. болып келеді. Осыған байланысты Қашқари өмір сүрген дәуірдің кейбір тарихи жағдайларын еске түсіре кеткен жөн.
Махмұт Қашқари ХІ ғасырда өмір сүріп, еңбек етті. Бұл дәуір тарихта Қараханидтер мемлекеті деген атпен белгілі.
М.Қашқаридың өзі де осы Қараханид патшалығы әмірілерінің біріне жақындығы барын айтады. Х ғасырда басқа тайпалар арасында үстемділік алған Қарлұқ тайпалары ондағы Жетісу өңірінде негізгі түрік халықтарынан шыққан қараханидтер, яғни Илекхан династиясының бастауымен өздерінің қуатты мемлекетін құрады. Қараханидтер мемлекеті тарихта түрік халықтары арасындағы алғашқы мұсылман династиясының бірі еді. Мемлекеттің орталығы әуелі Баласағұнда (қырғыстанның Тоқтақ қаласы) кейін Қашқари қаласына ауысады. Қараханидтер мемлекеттің нағыз дәуірлеген кезі Х-ХІ ғасырлар болса керек.
«Түрік тілдері сөздерінің сөздігі» ең алдымен лексикографиялық мұра есебінде көңіл аударады. Қашқари сөздерді реттеп беруде өзіне тән тәсіл қолданады. Ол ең әуелі аз әріптерден құралатын сөздерді береді де, одан әрі әріптің соңына қарай дамытып отырады. Онда антоним мен синоним сөздер, ононим сөздер мен метафоралар, диалектілік сөздер бас- басына ажыратылып, түсіндіріліп отырады. Ал, мұндай жүйеге келтіру байқампаздық Қашқари заманындағы лингвистика үшін аса бір ірі табыс еді.
Махмұт Қашқари еңбегінің мазмұнына зер сала отырып оның тек жетік лексикограф қана болмай, түрік тілдерінің фонетикалық заңдылықтарын де жетік білгендігін байқаймыз. Сонымен бірге грамматикаға да үлкен мәні берген.
Автор бұл еңбегінде түркі тілдерінің алғашқы классификациясын береді. Түрік тайпаларын екі топқа (солтүстік және оңтүстік) бөліп қарауы- түркология тарихындағы алғашқы класификация еді. Бұл классификацияда Қашқари қолданған географилық принцип біздің заманымыздағы басқа да классификацияларды қолдау тапты. Сондай-ақ Қашқари көрсетіп кеткен кейбір диалектік айырмашылықтар да кейін түркі тілдерін топқа бөлуде басты принцип болып қалды.
М.Қашқари еңбегін өзбек тіліне аударған түрколог С.М.Муталибов аудармашының алғы сөзі: «мен бұл еңбекте қыпшақ тіліне табан тіредім. Өйткені түркі тайпалары арасында ерте қолданылған тілдің бірі сол қыпшақ тілі болған. Қыпшақтардың өте кәрі тайпа екендігі, олардың алғашқы түркі тайпалардың құрылуына уйытқы болғандығы түркі тілдер тарихынан жақсы байқалады»-деп жазған.
М.Қашқари еңбегін соңғы кезде дейін зерттеушілер тек сөздік деп қарап келді. Бұл бір жақты баға. Ол тек сөздік қана емес, соған қоса әдеби мәні бар шығарма. Онда түркі елінің ауыз әдебиет үлгілері, эпос жырлары бойынша мол жинақталған. «М.Қашқаридың «Түрік тілдер диуаны»- халық сөздерінің (өлеңдерінің) мол қоймасы…. Онда үш жүзге тарта халық өлеңдерінің төрт жолды шумағы, көптеген мақал-мәтелдер бар. Бұларды автор араб тілінде дәлелдеп аударған, кейбірін кеңінен түсіндірген деп С.Е.Малов әлдеқашан орында ескерген.
Ұйғыр халқының зиялылары ежелгі түрік жазбаларының қай-қайсына да ізгі құштарлықпен қарап түсінуге болатын жақсы қасиет. Ұйғыр тіліндегі аудармасы қытайда 1981 жылы жарық көрді, үш том. Онда ұйғыр аудармашылары Б.Аталай мен С.Муталлибов аудармаларына ғылыми сыни көзқараспен қарап, дұрыс тұстарын қолдап, қателіктерін түзете отырып жазыпты. Мұндай сүйекті ірі дүниелерді игергенде түрлі көзқарастардың болуы заңды.
Достарыңызбен бөлісу: |