Реферат тақырыбы: Манаш Қозыбаевтың отан тарихының өзекті мәселесін зерттеуде қосқан үлесі


Манаш Қозыбаевтың екі еңбегіне салыстырмалы анализ жасау



бет2/2
Дата09.05.2023
өлшемі0,95 Mb.
#91239
түріРеферат
1   2
Манаш Қозыбаевтың екі еңбегіне салыстырмалы анализ жасау.
Манаш Қабашұлының еңбегі 1970 жылы орыс тілінде Қазақстан баспасынан шыққан «Қазақстан-арсенал фронта» монографиясы
Кітапта қаралған мәселелерді негізінен үш топқа бөлуге болады. Біріншіден, автор кітаптың алғашқы үш тарауында Ұлы Отан соғысы жылдары Коммунистік партияның авангардтық рөлінің еселеп өсуін, халықпен байланысының артуын, басқаша айтқанда, партияның ішкі өмірін, оның идеологиялық, әскери-ұйымдастырушылық қызметтерін жан-жақты талқылайды.Бұл үш тарауда Қазақстан партия ұйымының әскери бөлімдерді жасақтау, тылда әскери резервтер дайындау, партия қатарының өсуі, жас коммунистерді тәрбиелеу, жұмыс әдістерін, жаңа жағдайға сай шыңдау проблемалары егжей-тегжейлі зерттелген. Республиканың тарихи әдебиетінде автор тұңғыш рет Қазақстан Компартиясының кеңес, комсомол, кәсіподақ ұйымдарына жасаған басшылығын көрсетеді. Монографияда тек қана жеңістер, табыстарғана баяндалып қоймай, соғыс кезіндегі қиыншылықтар, оны жеңу жолындағы ерліктер айтылады.Зерттеудің келесі екі тарауы Кеңес Одағы Коммунистік партиясының, оның құрамды бөлігі- Қазақстан партия ұйымының соғыс экономикасын құру, еңбекшілерді, «Бәрі де майдан үшін, бәріде жеңіс үшін!» - деген ұранмен қаруландырып, республиканы негізгі соғыс өнеркәсіп базаларының біріне айналдыруға жұмсаған басшылығын зерттеуге арнаған. Автор партияның елімізді индустрияландыру саясатының жеңісі - көмірлі Қарағаңды, мысты Балқаш, қорғасынды Шымкент, кенді Алтай, мұнайлы Эмба тағы басқа кәсіпорындарының жеңіске қосқан үлесін, жүмысшы табының патриоттық ерлігін көптеген жаңа тарихи деректермен баяндайды.
Тарих және қазіргі заман. Ал бұл еңбегінде автор 1985 жылдан кейін жүргізілген зерттеулерді қамтиды. Олар Қазақстан тарихының дәстүрлі мәселелерін жаңа көзқарастар тұрғысынан қарастырады. Айтарлықтай бөлігін Қазақстан және басқа республикалар халықтарының Ұлы Отан соғысына қатысуына арналған материалдар алады. Сондай-ақ Қазақстанның Ресейге қосылуымен байланысты мәселелер, Қазан төңкерісі, азамат соғысы, ұжымдастыру, индустрияландыру, т.б.
Бірінші бөлімде Ұлы Отан соғысы:Қазақстан соғыс қарсында, соғыс кезіндегі саяси жұмыс, халықтың патриоттық қозғалысы туралы айтылады.
Екінші бөлімде Қазақстан трагедиясы, Батыс Қазақстан тарихы, археологиясы жіне этнографиясы, Қазақстандағы қазіргі ұлттық қатынастардың ерекшеліктері туралы жазылған.
Жалпы екі еңбегіндеде соғыс жылдардағы Қазақстан жайлы, сол жылдардағы қиындықтар туралы айтылады. «Тарих және қазіргі заман» еңбегінде соғыс жылдарымен қоса қазіргі заман, яғни Қазақстандағы қазіргі ұлттық қатынастардың ерекшеліктері туралы жазылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет