мазмұны жеке меншіктің, таптың және мемлекеттің тууы болып қала берді.Көптеген тайпаларда құпия одақдар пайда болды. Ол байлығы мол адамдардың одақтары еді. Олар біртіндеп ру-тайпалық билік тұтқаларын өз қолдарына алды. Құпия одақтар ру-тайпалық органдарды билеп қана қоймай, қоғамдық тәртіпті сақтау, сот істерін жүргізу, соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешу істерін де өздері иемденіп, қуатты руаралық және тайпааралық ұйымдарға айналды. Әскери демократияның ашық таптық демократияға айналуы мемлекеттік саяси құрылымның қалыптасуына алып келді. Халықтар территориялық принцип бойынша бөліне бастады. Біртіндеп мемлекет пайда болды. Мемлекеттің пайда болуы ұзаққа созылған процесс болды. Мемлекет ру-тайпалық құрылыс ыдырап, қоғам ішінен көсемдер мен оның айналасындағылар бөлініп шағып, қоғамның әлеуметтік жіктелісі тереңдеп, шаруашылық байланыстар кеңейген кезде пайда болды. Таптық қоғамдар бұдан 5 мың жылдан астам бұрын қалыптаса бастады. Бұл алғашқы мемлекеттерге б.д.д. IV мыңжылдықтағы Мессопотания және Ніл аңғарында, III мыңжылдықтың орта шенінде - Инда бассейнінде, II мыңжылдықта – Эгей теңізі бассейнінде, Кіші Азияда,Финикияда,Оңтүстік Аравияда,Хуанхэ бассейнінде, б.д.д. Iмыңжылдықта және б.д. I мыңжылдығында Көне Дүние мен
Орталық Американың территориясының үлкен бөлігінде пайда болған мемлекеттер жатты. Мемлекеттің шығыстық жолының қалыптасуының ерекшілігі саяси билік иелері қандай да бір қоғамдық қызметті атқарады.Қауымның ішінде қоғамдық өнімнен алынған қор болды. Бұл қауым ішіндегі ерекше лауазымды тұлғалар тобын қалыптастырды. Олар қауымның әкімшілік, қазыналық, бақылаушы қызметтерін