Қ.Жұбанов
атындағы
Ақтөбе
өңірлік
университеті
Реферат
Тақырыбы: Мемлекет және құқық
Орындаған: Оразмұқанбет А.К.
Топ: ПжБбм – 101
Тексерген: Бердибаев Е.М
2023-2024 оқу жылдары
Мемлекет және құқық - араларында үйлесімді байланыс бар әлеуметтік институттар.
Шын мәнінде, құқық жалпыға міндетті, мемлекет ресми түрде кепілдендірген
ережелер, яғни, қоғамдық қатынастарды реттеушілік қызметінің жалпы сипаттағы
ережелері болып табылады.
Мемлекеттің пайда болуы.
1.Алғашқы қауымдық құрылыстағы әлеуметтік билік.
2.Мемлекеттің пайда болуының шығыстық жолы.
3.Европалық мемлекеттердің пайда болуы.
4.Мемлекеттің шығуы туралы теориялар.
Мыңдаған жылдар бойы адамдар мемлекеттік-құқықтық жағдайда өмір сүруде.
Барлық азаматтар белгілі бір мемлекетке жатады, мемлекеттік билікке көтеріледі,
өздерінің іс-әрекеттерімен құқықтық жазбаларға және талаптарға әсер етеді.
Ежелгі дәуірде-ақ адамдар мемлекет пен құқықтың пайда болу себептері мен
жолдары туралы ойлана бастаған. Әртүрлі жақтармен сипатталған көптеген
теориялар жасалған.
Алғашқы қауымдық құрылысқа тән этникалық ортақтық формасы - тайпа болды.
Мұның мүшелері ру мүшелері сияқты қандас-туыстық байланыстармен бірікті. Бұл
кезеңде өте күрделі құрылым: екі дуальдық-экзогамдық ру жаңа әлеуметтік
қауымдық-тайпаның өркенін құрады. Ру - алғашқы тұрмыстық қауымдық
демократия принциптері негізінде басқарылды.
Тайпаның әрбір ересек мүшесі рулық кеңесте, сондай-ақ тайпалық кеңесте де өз
пікірін еркін айтуға мүмкіндігі болды. Ақсақалдар мен әскери көсемдер өз қызметіне
сайлану құқығы бойынша келді.
Осы демократиялық ру-тайпалық өзін-өзі басқару әйелдерге де тиісті болды.
Алғашқы қауымдық құрылыста әлеуметтік билік өмір сүрді. Бұл дәуірді потестарлық
билік (латын сөзінде «potestus»-билік,күш) дәуірі деп те атаймыз. Адамдар өз
міндеттерін ешкімнің мәжбүрлеуінсіз өздері орындап отырды. Рулық қоғамда негізгі
билік ру көсемінің, ақсақалдар кеңесінің және рудың ересек мүшелерінің жалпы
жиналысында болды. Мұнда ру өміріндегі маңызды мәселелер шешілді. Сайланған
көсемдер рудың беделді мұшелері болды. Біртіндеп, жасы үлкен беделді
ақсақалдардың орнына күш-қуаты мол әскери көсемдер келді. Ру ақсақалдары және
әскери көсемдер ешқандай жеңілдіктерге ие болмады.
Әскери демократия тұсында халық жиналысы,ақсақалдар кеңесі,тайпалық көсем
сақталды. Рулық қоғамның ыдырау формалары қандай да болсын дәуірдің негізгі
Достарыңызбен бөлісу: |