болды. Құқықтың дамуының негізгі екі бағытын көрсетуге болады. Билеуші мемлекеттік меншіктің негізгі қайнар көзі адамгершілік-діни жағдайдағы жинақтар болды.» Ежелгі Египеттегі Птахотептің өсиеті», »Үндістандағы Ману заңы», «Мұсылман мемлекеттеріндегі Құран» т.б. Қажет кезінде оларды басқа салт- дәстүрлермен (мысалы,адат) және нақты (нормативті емес) ережелермен толықтырып отырды. Бұларды монарх немесе мемлекеттік аппараттағы өкілеттікке ие болған чиновниктер бекітті. Жеке меншікке негізделген қоғамда меншік иелерінің тең құқықты болу қажеттілігі келіп туды. Соған байланысты күрделі қоғамдық мүліктік қатынастар жүйесін реттеу үшін азаматтық заң келіп шықты. Соның бірі- Римдік жеке меншік құқығы. Бұл құқық жүйесін адамдар жүздеген ғасырлар бойы пайдалануда, қазіргі күнге дейін өз мәнін жоғалтпаған құқықтардың бірі. Мемлекеттік-ұйымдастырылған қоғамда құқық нормаларынан мемлекет қамтамасыз ететін заң келіп шықты. Құқық нормалары үш негізгі жолмен қалыптасты: 1) кәдімгі құқық нормаларында мононормалардың ( алғашқы қауымдық салттар ) дамуы және мемлекеттің күшімен оларды санкцияландыру. 2) мемлекеттің құқық шығармашылық қызметі арқылы, құқық нормаларының арнаулы құжаттарда-нормативті актілерде көрінуі. 3) прецеденттік құқық арқылы, яғни сот және әкімшілік органдардың қабылданған шешімдерінен көрінуі және басқа істерде оларды үлгі етілуі. Құқықтың пайда болуының негізгі теориялары мыналар: 1.Теологиялық теория - құқық жердегі тәртіпті реттеу үшін құдайдың қалауымен пайда болды. 2.Табиғи құқық теориясы. Адамның табиғаттан пайда болатын табиғи құқығы, туылу,