қайтыс болу, үйлену т.б. құқықтары. 3.Құқықтың тарихи мектебі. Бұл теориялар бойынша құқықтың ұлттық ерекшілікке байланысты тарихи түрде пайда болып, дамуы. 4.Құқықтың нормативті мектебі. Құқық нормаларының жоғары тұрған құқық нормаларына бағынуы. 5.Құқықтың психологиялық теориясы. Құқықтың адамдардың психологиялық қажеттілігінен пайда болуы.
6.Құқықтың маркстік теориясы. Бұл теория негізіне құқықтың экономика мен эконимикалық базистің қажеттілігенен пайда болуы жатты. Құқықтың пайда болуына әртүрлі құбылыстар әсер етіп отырды. Дүние жүзілік құқықтың дамуының екі негізгі жолы бар: 1) құқықтың пайда болуының шығыстық жолы. Ежелгі Шығыс елдерінде құқықтың пайда болып, дамып, қалыптасуына күшті әсерін тигізген салт-дәстүрлер болды. Қазіргі күнге дейін кейбір елдерде құқықтың қайнар көзі ретінде дін нормаларын пайдаланады. 2) құқықтың пайда болуының европалық жолы ( Англия ). Бұл елдерде құқық кәдімгі құқықтан бөлек заң шығару және прецеденттік құқық түрінде қалыптасты. Жалпы алғанда әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттеу қажеттілігіне байланысты құқық пайда болды. Мемлекет ұғымына түсінік және оның белгілері: 1.Мемлекет ұғымы. 2.Мемлекет белгілері. 3.Мемлекеттік билікті іске асыру тәсілдері. 4.Мемлекеттің мәні. Мемлекет – ру-тайпалық құрылыс ыдырап, қоғам ішінен көсемдер мен оның