іс-əрекетінің салдарынан қалыптасады. Антропогендік ластануға
өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен əр түрлі улы
заттардың
қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи
нысандарды орынсыз пайдалану жатады. Семей сынақ
алаңында болған ядролық
жарылыстар, Арал өңірінің
экологиялық жағдайлары (қ. Арал экологиясы), т.б. қоршаған
ортаға нұқсан келтірудің айқын мысалы
болып саналады
Ластанудың салдарынан зиянды жəне улы заттардың мөлшері
көбейіп, қоршаған ортаның экологиялық тепе-теңдігі бұзылады.
Тіршілік ортасы мен орнына қарай: ғарыштық,
атмосфералық,
гидросфералық, т.б.; ерекшеліктеріне қарай:
•
физикалық (электрмагнитті, радиоактивті, сəулелі,
жарықты, жылулы)
•
химиялық (мұнай, ауыр металдар жəне олардың тұздары
мен тотықтары)
•
биологиялық (микробты, бактериялық, вирусты)
•
механикалық ластану (агенттердің өз арасындағы ластану,
мысалы, қоқыс) болып бөлінеді.
Ластану көздеріне қарай:
•
өндірістік
•
көліктік
•
ауыл шаруашылық
•
тұрмыстық, т.б. болып ерекшеленеді.
атмосфералық ауа, су, топырақ- қоршаған ортада көп ластанады.
Ауаны негізінен: жылу электростанциялары, түсті жəне қара
металлургия өнеркəсіптері,
зауыттар, ал ауылды жерлерде ауа
мен топырақты,
көбінесе, мал жəне құс өсіретін шаруашылықтар,
ет жəне сүт өндіретін кəсіпорындар, сондай-ақ, егістік жерлерге
қолданылатын улы химикаттар, пестицидтержəне минералды
тыңайтқыштар ластайды.
Автокөліктер- Ірі қалаларда негізгі ластану көзі болып
табылады,
себебі олар шығарған газдардың құрамында көп мөлшерде
зиянды заттар (көміртек жəне азоттың тотықтары, көмірсутектер,
қорғасынның токсиндік байланыстары, канцерогенді заттар, т.б.)
кездеседі. Мысалы, бір жеңіл автокөлік ауаға сағатына шамамен
6 — 10 м2 улы газ бөліп шығарады. Қоршаған ортаның ластану
дəрежесі əр түрлі қалыптар (стандарттармен) мен нормативті
көрсеткіштер арқылы бақыланады.
Достарыңызбен бөлісу: