Реферат тақырыбы: Митоздың және Мейоздың медициналық маңызы



бет4/8
Дата16.01.2023
өлшемі352,35 Kb.
#61525
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Срс цито

Анафаза - әр хромосомадағы хроматидтер толық ажырап, екі жақ полюске қарай бағытталып бөліну ұршығының жіпшелерімен полюстерге тартыла бастайды. Полюстерге жеткенде екі бірдей толық хромосомалар жиынтығын құрайды.
Телофаза – бөліну ұршығы жойылады. Әрбір бөлінген хроматидтер яғни жас хромосомалар топтары ядро қабықшасымен қоршалады, мембрана пайда болады. Хромосомалар деспиральданады. Ядрошықтар қайта түзіледі.
Жасушаның бөліну үрдісінің соңына қарай, хромосомалар жас жасушаларға бөлініп, әрбір жасушада бастапқы жасушаның генетикалық ақпаратына сай ядроның қайта қалыптасуынан бастап жасушалар арасында цитоплазманың бөлінуі – цитокинез жүреді. Жасушада митоздың басталуы мен митоздың аяқталуында ерекше айырмашылық бар. G2 кезеңінде жасушадағы бастапқы хромосомалар жұп хроматидтерден, ал түзілген жаңа хромосомалар тек генетикалық материалдың бір ғана көшірмесінен тұрады. Бұл көшірмелер жаңа жасушалар жасушалық циклдың S кезеңіне өткенге дейін еселенбейді.
Митоз үдерісі жасушалардың бөлінуінде генетикалық материалдың қалыпты еселенуімен дұрыс бөлінуін қамтамасыз ететін үдеріс.
Митоздық циклда хромосомалардың құрылысының өзгеруіне байланысты, бір түрден екінші түрге оңай өтетін, митоздық және интерфазалық хромосомалар түрлерін ажыратады. нтерфазалық хромосомалар деспиральданған күйде болады. Эукариот жасушаларындағы хромосомалардың жекеленген фрагменттерінің спиральдану дәрежесі әртүрлі болады, ядро хроматиндерінің жиынтығы біршама босаңсыған жіпше және түйнектелген түрде болады. Кариотипті анықтау үшін митоз кезінде жинақталған, конденсацияланған (метафазалық хромосома) хромосомалар белгілі бір пішінге ие болады, оларды осы сатыда зерттеу біршама жеңілдік тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет