Реферат тақырыбы: Митоздың және Мейоздың медициналық маңызы


Содан кейін метафаза І, анафаза І, телофаза І, цитокинез І жүреді



бет7/8
Дата16.01.2023
өлшемі352,35 Kb.
#61525
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Содан кейін метафаза І, анафаза І, телофаза І, цитокинез І жүреді. Мейоздың бұл сатылары митоздың фазасына ұқсас. Негізгі ерекшелігі: пайда болған жаңа жасушаларға жеке хроматидтер ажырамайды, орнына жұп кроссоверлі центомерлерімен байланыста болатын хроматидтер ажырайды. Бірінші мейоздың нәтижесінде хоромосоамалырының гаплоидты жиынтығы бар екі жас жасуша түзіледі, әр хромосома екі хромотидтен тұрады (n2c).
Бірінші мейоздық бөлінуден кейін интерфаза II (интеркинез) бірден басталып өте қысқа уақытта өтіп кетеді. Бұл кезеңде ДНК-ның екі еселенуі (хроматидтердің еселенуі) жүрмейді.
Мейоз І кейін м ейоз II (эквациялық бөліну) жүреді. Бұл бөліну митозға ұқсас өтеді, бірақ бөлінуге хромосомалардың гаплоидты жиынтығы бар жасуша түседі. Бұл бөліну үдерісінде екі хроматидтен тұратын аналық жасуша хромосомалары жас жеке хроматидтерге ажырайды. Екі мейоздық бөлінудің нәтижесінде хромосомалардың диплоидты жиынтығы бар бір жасушадан гаплоидты жиынтықты жасушалар пайда болады.
Мейоз сонымен қатар гаметаларда жүретін кроссинговердің нәтижесінен және гомологты хромосомалардың кездейсоқ ажырауынан генетикалық материалдың рекомбинациясының пайда болуына, яғни мейоз (және ұрықтану) кезінде ата-ананың аллельдерінің кездейсоқ қайта топтасуы Мендель заңдылығына сай генетикалық өзгергіштіктің пайда болуына және генетикалық пропорцияның ықтималдық теориясын пайдалануына мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет