Реферат Тақырыбы: Қоғамның әлеуметтік құрылымы Орындаған : Әлиасқарқызы т тобы : 1701-22



бет1/4
Дата06.04.2023
өлшемі28,97 Kb.
#80024
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
реферат Әлиасқарқызы Т


Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті
Филология факультеті
Реферат
Тақырыбы: Қоғамның әлеуметтік құрылымы

Орындаған: Әлиасқарқызы Т
Тобы: 1701-22
Қабылдаған: Сағындықова Б.Е

Шымкент 2022-жыл
Негізгі түсініктер: қоғам, қоғамдық сана, қоғам құрылымы, ашық қоғам, құндылықтық аспект.
Қоғам дегеніміз – адамдардың жиынтығы , олардың бірігуі, бір- біріне қатынасы.
Қоғам, адам және қоғамдық қатынастар туралы ой – пікірлер, идеялар мен ұғымдар алғашқы қауымдық қоғам дәуірінде- ақ қалыптаса бастаған. Адамдардың алдында қоғам деген не, ол қалай пайда болады, ол қалай дамиды, дамудың көздері мен қозғаушы күштері неде, қоғамды құбылыстар мен процестердің байланысы қандай, өзара әсері, себебі, қарым – қатынастар заңдылықтары бар ма деген және басқа да көптеген сұрақтар, ой – пікірлермен идеялар туады.

Қоғамдық құбылыстарды процестерді, тарихты танып білуге, өзгертуде философия тарихында материализм мен идеолизмнің арасында ұдайы қарама – қарсы күрес болып келді.

Қоғамның ілгерлеп дамуы, таптардың пайда болуы, ой еңбегімен дене еңбегінің бөлінуі, еңбекші бұқараны қанаудың күшейюі қоғам туралы ой пікірлерді, идеяларды одан әрі дамыта, тереңдете түсті. Қоғамдық өмірге, оның дамуына байланысты көз қарастар да бұрын идеолизм үстемдік етіп келді. Оның үш түрлі себебтері бар тарихты ғылыми тұрғыдан түсіндіру белгілі бір нақтылы объективтік жағдайлар талабына байланысты туындаған соның рухани нәтижесі еді. Ол қоғамның, философияның, ғылымның жаңа практикалық талабына сәйкес өмірге ойдың жетістіктеріне сүйену арқылы, соның жалғасы ретінде және ғылым, практика жаңалықтарына сүйене отырып, солардың талабына сай қалыптаса бастады.

Қоғам – әлеуметтік жүйе. Ал, әлеуметтік жүйе деп, негізгі элементтері адамдар арасындағы өзара байланыстар мен қарым- қатынастардан, өзара ықпалдасудан тұратын күрделі тұтастықты айтамыз. Жекелеген адамдар және адам топтарының арасында болатын байланыстар, қарым- қатынастар және өзара ықпалдасу тұрақты сипатта болды және тарихи дамып, бір ұрпақтан екінші бір ұрпаққа ауысып отырады.


Әлеуметтік байланыстар – фактілердің жиынтығы. Ол белгілі бір адамдар немесе адамдар тобының арасында нақты бір уақытта бірлесе қызмет ету нәтижесінде пайда болады. Ол байланыстар объективті қажеттіліктен туындайды және белгілі бір мақсатты көздейді.
I.«Қоғам» деген ұғымның мәні мен түсінігі, анықтамалары

«Қоғам» деген ұғым әлеуметтану ғылымының басты категориясы болып табылады.

Қоғам - жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Бұл ұғым әлеуметтанудағы ең маңызды ұғымдардын бірі болып табылатындығына қарамастан, оны қолдану әсіресе оның екінші өзіндік отбасылық, экономикалық және саяси институттары мен анық шеқаралары бар әйгілі ұлттық мемлекеттерге қолданыла алатын мағынасында пайдалану біркатар қиындықтар мен кикілжіндер туғызып отыр.

Белгілі социолог П.Сорокиннің атап көрсеткеніндей, қоғам деген – ол бір адам емес, ең кемінде бір- бірімен байланысты екі адам.



К.Маркс «Қоғам» дегеніміз – адамдардың өзара әрекеттесуінің нәтижесі деп есептеді. Қоғамды бар деп тану үшін адамдардың бірігуіне мынандай жағдайлар қажет:
1. Адамдардың өмір сүруі үшін тұрақтылықты жер территориясының ортақтығы. Әдетте ол мемлекет территориясымен сәйкес келеді.
2. Қауымдастықтың бүтіндігі мен тұрақтылығы;
3. Өздігінен ұдайы өндіру, өзін- өзі қамтамасыз ету және өзін- өзі басқару;
4. Халықтың дамуына қажетті белгілі бір мәдени деңгейдің болуы.
Қоғамның анықтамасы: ол өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында өзара байланысты және өзара әрекет ететін тарихи қалыптасқан формалар арқылы біріккен, тұрақтылығымен, бүтіндігімен, өздігінен ұдайы өндірілетіндігімен, өзін- өзі реттеуімен, қажетті мәдениет деңгейіне жеткен жетістігімен ерекшеленіп, сипатталатын адамдардың жиынтығы.
Күнделікті өмірде бұл ұғым кең түрде және әр түрлі мағынада қолданылады. Мәселен, 1) таңдаулы адамдардың қоғамы; 2) театр өнерін сүюшілер қоғамы; 3) Ресей немесе Қазақстан қоғамы; 4) адамзат қоғамы, т.б. мағынада қолдануы бар. Әлеуметтану ғылымы осы аталғандардың ішіндегі үшінші топтағы «қоғам» ұғымын зерттейді.
Көп уақытқа дейін «мемлекет» және «қоғам» ұғымдарын мазмұн және терминологиялық жағынан айырып көрсету болмады. Бұл ұғымдардың мазмұнын айыруда алғаш қадам жасаған ғалым Н. Макиавелли болды. Ол мемлекет ұғымын «қоғам» ұғымынан айырып қарау үшін «stato» деген арнайы термин енгізді.
«Мемлекет», «қоғам», «ел» деген ұғымдарды синоним ретінде түсіну әлі де кездеседі. Әрине, бұл атаулардың арасында жақындық болғанымен, оларда айырмашылық бар. Егер біз оларға жеке тоқталсақ, қоғам – бір- бірімен өзара байланыста, қарым- қатынаста болатын адамдардың үлкен қоғамдасуы; мемлекет – сол қоғамды басқаратын билік органы; ел – әлгі аталған қоғам қалыптасып, мекендейтін белгілі бір территория.
Ғылыми әдебиеттерде «қоғамның» мәнін түсіндіруге бағытталған анықтамалардың саны 150-ден астам. Әрине, олардың бәрі бірдей «қоғам» деген ұғымның мәні мен мазмұнын толық аша алмағанмен, бұл анықтамаларда ортақ сипатты белгілер бар.
Мәселен, әлеуметтанудың негізін қалаушы француз ғалымы Огюст Конт қоғамды белгілі бір қызмет атқаратын, ынтымақтастық пен қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделген жүйе деп тұжырымдай келе қоғамның негізін отбасы, таптар және мемлекет құрайды деген анықтама береді.
Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм қоғамды коллективтік санаға негізделген, жеке индивидке қарағанда жоғары, бастапқылық сипаты бар рухани нақтылық деп түсіндіреді. Яғни, қоғамның тұтастығының негізі – коллективтік, жалпыға тән сана деген тұжырымды айтады.
Көрнекті неміс ғалымы М.Вебер: «қоғам – адамдардың бір- біріне ықпал, әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байланыстардың жиынтығы» дейді.
Американдық әлеуметтанушы Парсонстың пікірінше, қоғам – адамдар арасындағы қарым- қатынастардың жүйесі, ал, ол қарым- қатынастардың негізі – ережелер мен құндылықтар болып табылады деген.
Ал, К. Маркс қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің нәтижесінде пайда болып, тарихи дамып отыратын қатынастардың жиынтығы ретінде түсіндіреді.
Бұл анықтамалардың бәріне тән ортақ сипатты белгі- қоғамды өзара тығыз байланыста болатын элементтердің тұтас жүйесі ретінде қарастыру тән. Бұл – қоғам өміріне жүйелік тұрғыдан қарау деп аталады.Қоғамға жүйелік тұрғыдан қараудың негізгі принцептеріне көшпес бұрын, алдымен жүйе дегенге анықтама беру керек.

Жүйе – өзара байланыста болып, белгілі бір тәртіпке келтірілген элементтерден тұратын, өздігінен дамитын және өзін- өзі реттеп отыратын күрделі тұтастық. Кез келген тұтас жүйенің ішкі табиғатын, мазмұнын, оны құрайтын элементтердің құрамы айқындайды.

Ғылыми және әлеуметтік-саяси әдебиеттерде әлеуметтік құрылым түсінігінің бірнеше мағынасы бар. Кең мағынада бұл – қоғамның жалпы құрылысы, оның бүкіл негізгі элементтері арасындағы байланыстар жүйесі. Сондай-ақ, бұл ұғым әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың түрлері және олардың арасындағы қарым-қатынастың: әлеуметтік-таптық, әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-этникалық сияқты түрлерін сипаттайды. Әлеуметтануда “әлеуметтік құрылым” ұғымы “әлеуметтік жүйе” ұғымымен тығыз байланысты. “Әлеуметтік құрылым” түсінігі “әлеуметтік жүйе” түсінігінің бір бөлігі болып табылады және 2 компоненттен тұрады — әлеуметтік құрам және әлеуметтік байланыстар. “Әлеуметтік құрам” – бұл осы құрылым қамтитын элементтер жиынтығы. Екінші компонент – осы элементтер байланысының жиынтығын білдіреді. Осылайша, “әлеуметтік құрылым” ұғымы бір жағынан қоғамның әлеуметтік құрылымын немесе ондағы әлеуметтік қауымдастықтардың түрлерінің жиынтығын қамтиды, екінші жағынан – мәні мен сипаттамасы бойынша іс-әрекеттінің үлестірілуі көлемімен ерекшеленетін бүкіл құрамдас бөліктердің әлеуметтік байланыстары болып табылады.

қоғамның құрылымында бекітілуіне және 6 статустық белгілерге қарсы тұруына мүмкіндік береді: билік, меншік, кәсіби, білім, т.б.


Батыс германиялық социолог Р. Дарендорф әлеуметтік стратификация негізіне “бедел” саяси ұғымын қоюды ұсынды. Оның ойынша бедел билікке қатынас пен әлеуметтік топтар арасындағы билік үшін күресті нақты сипаттайды. Осы ұғым негізінде Р. Дерендорф бүкіл қазіргі қоғамды басқарушылар мен бағынушыларға бөледі. Өз кезегінде басқарушыларды да екіге бөледі: жеке меншігі бар басқарушылар және жеке меншігі жоқ басқарушылар, яғни бюрократ-менеджерлер. Ал бағынушы топ та әртектес болып табылады: онда да кем дегенде екі топты бөлуге болады – жоғарғы – «жұмысшы аристократиясы», төменгі – төмен квалификациялы жұмысшылар. Осы екі әлеуметтік топтың арасында аралық «жаңа орта тап» болады – жұмысшы аристократиясы мен қызметкерлер және басым тап – басқарушылардың ассимиляциясы өнімі.

Әлеуметтік стратификация теориясының негізгі принциптерін бөлейік:


1) үлкен немесе кіші, тұрақты немесе тұрақсыз, қоғамда басты немесе қосымша рөль атқарса да, қоғамның барлық қабаттарын түгелімен зерттеу;
2) топтарды бірдей критерийлер бойынша өлшеу және салыстыру;
3) бұл критерийлер әр қабатты толығымен және терең суреттеу
үшін жеткілікті болуы қажет.
Нақты қоғамның әлеуметтік құрылымы әрқашан эволюция нәтижесінде пайда болған, әртүрлі әлеуметтік рөльдермен, позициялармен ерекшеленетін стратификациялық жүйе болып табылады. Бұл жүйе еңбек бөлінісі мен осы қоғамдағы құндылықтар мен мәдени стандарттар жүйесімен анықталады.
Әлеуметтік стратификация теориясында реттелген белгілер (критерийлер) болады. Мұнда олардың әрқайсысының әлеуметтік маңызы ескеріледі. Оның қатарына жеке меншік формасы, табыс мөлшері, билік көлемі, бедел, ұлттық белгілер, білім, мәдениет түрлері және т.б. кіреді.

Қазіргі Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік құрылымның дамуы кездейсоқтылығымен, анықсыздығымен, аморфтілігімен сипатталады. Алғы шетке меншіктік және әлеуметтік теңсіздік мәселесі қойылады. Ол кластық қарама-қайшылық және қақтығыстармен сипатталады.


Экономиканың тұрақтануы және экономикалық заңдылықтар еркіндігін заңдастыру, әлемдік нарыққа өту негізгі әлеуметтік қауымдастар арасындағы қатынастар құрамы мен сипатына маңызды өзгерістер әкеледі. Қазіргі қоғамның негізгі сипаттамасы болып оның әлеуметтік поляризациясы, кедейлер мен байларға бөлінуі табылады.
Дәстүрлі әлеуметтік топтардың жойылуы, меншік, табыс, билік құрылымына ену, перспектива сезімі, топтық әлеуметтік мобильділік формаларына байланысты жаңа топшылык интеграция жүріп жатыр. Жаңа әлеуметтік құрылымды қалыптастыру үрдісі үш жол бойынша жүргізілуде:
Жеке меншік формаларының плюрализациясы негізінде жаңа әлеуметтік қауымдастықтардың қалыптасуы;
Мемлекеттік меншік формаларының трансформациясы және дәстүрлі кластық-топтық қауымдастықтардың жағдайының, шекараларының, сандық-сапалық сипаттамаларының өзгеруі мен шекаралық, маргианалдық қабаттардың қалыптасуы;
Әртүрлі жеке меншік формаларының өзара қатынасы негізінде қабаттар мен страталардың қалыптасуы.
Қазір жаңа қабаттар өзінің құрамы, іс-әрекет түрлері, даму перспективасы тұрғысынан әртүрлі. Олардың болашақтағы дамуы, мінез-құлқы, өмір сүру салты меншіктің жаңа формаларын заңдастыруға байланысты болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет