Реферат Тақырыбы: Өнімнің және шикізаттың зерттеу әдістерінің классификациясы



бет2/7
Дата05.03.2023
өлшемі45,85 Kb.
#71608
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Реферат методы

Стандарттау ұғымы
Стандарттау - нақты қойылып отырған және ықтимал міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілетін қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет.
Стандарттау объектілеріне көп мәрте ұдайы өндірілу және пайдалану перспективалары бар өнімдер, процестер, қызмет көрсетулер жатады, ал өзара байланыстағы стандарттау объектілерінің жиынтығы стандарттау аумағы деп аталады. Мысалы, тамақ өндірісі стандарттау аумағына, ал ондағы шығарылатын өнімдер, қолданылатын технологиялық үдерістер ж.б. стандарттау объектілеріне жатады. Стандарттау саласындағы негізгі нәтижелер - өнімнің, көрсетілетін қызметтің және процестің функционалдық міндетіне сәйкестік деңгейін жоғарылату, халықаралық тауар айналымында болатын техникалық кедергілерді жою, ғылыми-техникалық дамуға көмектесу және сала аралық ынтымақтастықты нығайту.
Стандарттаудың негізі еуропаның дамыған едерінде ХІХ-ғасырдың басындағы өнеркәсіп революциясы кезінде қаланған. Үлкен фабрикалар мен зауыттардың пайда болуы және олардың көп көлемде тауарлар шығаруы дайын өнімді белгілі бір өлшемдік ретке келтіруді, тауарлардың бір нұсқамен шығаруды, тауарлардың өзара алмастырушылық қасиеттерге ие болуын талап етті. Ресейде 1715 жылы Туланың қару шығаратын зауытында өлшемдік тұрақтандыруды енгізу жұмыстары жүргізілген болатын (өзара алмастырушылық).1856жылы Лондонда өткен халықаралық өндіріс қызметкерлерінің съезінде қатысушылардың бірі кез келген шам әрдайым шам қойғышқа тура келетіндей етіп жасау туралы ұсыныс жасаған. 
КСРО елдерінде бірінші азық-түлік тауарларының стадарты 1926жылы бекітілген. Отызыншы жылдары көптеген азық-түлік тауарларының стандартты бекітілді, соның ішінде ет, ет және сүт консервлері, тауық өнімдері және т.б. Олар тұтынушыға өнім құрамында судың, қанттың, тұздың, майдың, белгіленген үлесінің бар екенін кепілдейтін. Бірінші мемлекеттік-стандарттар өнім сапасын жақсартуда үлкен рөл атқарды. Ұлы Отан соғысы жылдары азық-түлік тауарларының жаңа түрлеріне стандарттар енгізілді. Қолданыстағы стандарттардың көбісі соғыс уақытына бейімделіп өзгертілді. Ал соғыстан кейінгі жылдары өнім сапасына көп көңіл бөліне бастады. Соған байланысты 1955 жылдан бастап 1960 жылға дейін 200-ден астам стандарт қайта қаралды. Ал 1975 жылдан бастап халықаралық Экономикалық Өзара Көмек Кеңесінің (оның құрамына КСРО-нан басқа социалистік лагерь елдері Румыния, Польша, Дания, Болгария, Венгрия, Чехославакия, Монголия, Куба кірген) стандарттары енгізіле бастады, олар халықаралық ИСО стандарттарына сәйкестендірілген.
Ауыр өнеркәсіптің дамуы стандарттауды жаһандандыруды қажет етті және кез келген мемлекеттің экономикасын дамытудың негізгі элементі болып саналады. Мысал ретінде ТМД, Еуроодақ пен Қытайдың теміржол стандарттарының сәйкессіздігін көрсетуге болады. ТМД теміржол бөлшегінің ені – 1520мм, ал Еуропа мен Қытайда – 1435мм. Осы стандарттардың сәйкессіздігі қазіргі халықаралық сауданың дамыған уақытында көптеген қиыншылықтар тудырып, артық шығындарға әкеліп жатыр, сонымен қатар тасымалдаудағы түрлі кедергілер мен поездің шекаралық бекеттерде көп уақыт тұруының себепкері. Қытаймен шекаралас Достық бекетінде жылына 13млн. Тоннадан астам жүк өтеді және жыл сайын олардың көлемі арта бермек. Бөтен рельстермен жүре алмағандықтан жүктерді басқа вагондарға көшіру немесе вагон жүретін рельстерді ауыстыру керек болады. Жақын уақытта Трансқазақстандық теміржол салу жоспарлануда, ол еуропалық бөлшек 1435мм-ге сәйкес келеді, теміржол Қазақстанды Шығыстан Батысқа қарай кесіп өтеді және Еуразиялық Қытай Батыс Еуропа теміржол магистралінің бөлігі болмақ.
Стандарттау термині ғылыммен техниканың ұзақ уақыттағы эволюиялық даму процесін нәтижесінде қалыптасты. Ұлттық және халықаралық деңгейдегі экономиканың қарым-қатынастың кеңейтілуі мен бұл терминмен қатар стандартау процесі дамып отырды. Мысалы: ежелгі Египетте құрылыс жұмыстарына тұрақты стандарты өлшемде кірпіштер қолданылған. Ол үшін тайпа көсемдер арнайы кірпіш бақылаумен айналысқан. Орта ғасырларда мұнайда тәсілдер кеңінен қолданыла бастады.XIX ғ. II жартысынан бастап, стандартау барлық өндіріс орындарында кеңінен қолдануға мүмкіншілік алды. Мұнда стандарттау процесі негізінде өндірістің өз ішінде жүргізіледі. Бұл жеке кәсіпкерлердің немесе өндіріс иелерінің кең көлемдегі табыс табуына әкелді. Мемлекеттік стандарттау ұйымы алғаш рет 1901 жылы Англияда құрылды. Бұл комитеттің мақсаты Британия мемлекетін экономикалық күшейтуге бағытталады. Мұндай мемлекеттік ұйымдар 1916 жылы Голландияда, 1917 жылы Германияда, 1918 жылы Швецария және АҚШ-та құрылды. Бірінші дүниежүзілік соғыстн кейін стандатауға экономикалық қажеттілік арта түсті. Осының салдарынан 1919 жылы Канада да, 1920 жылы Италияда, Жапонияда және т.б. мемлекеттер өздерінің мемлекеттік стандартау комитеттерін құрды. Тұрақты тауар алмасудың кеңейтілуі мен және ғылыммен техникалық әріптестіктің дамуына байланысты. Мемлекеттер арасындағы стандартау ұйымы қажет болды. Осының нәтижесінде халықаралық стандарттау ассоциациясы құрылды. Бұл ассоциация II дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін, өз жұмысын тоқтатты. II дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін, құлдыраған мемлекеттерді тез арада экономикалық жетістіктерге жеткізу үшін 1946 жылы Лондонда стандарттаудың халықаралық ұйымы (ИСО) құрылды. Бұның құрамы 33 мемлекет кірді. Ал қазіргі кезде бұл ұйым техникалық ұйымдардың ең үлкенінің бірі оның құрамында 100 аса мемлекет бар. ИСО 1952 жылы стандарттаудың ғылыми принциптерін оқып зерттеудің комитетін құрды (СТАКО). Бұл комитеттің негізгі міндеті стандартауға тиісті негізгі терминдерді анықтау болатын. СТАКО өте қажетті терминдер ретін анықтап, әзірледі. Мысалға: стандарт, стандарттау мамандандыру, унификация, өлшемдердің өзара алмасылымдығы және т.б. Бұл ұсынылған терминдерді ИСО кеңесі қабылданды. ИСО-ң терминдер құжатында стандартауға мынандай анықтама беріледі.
Страндарттау деген - ғылыммен техника және экономика саласындағы үйлесімділік деңгейіне бағытталған шешімді табу.
Ескерту: стандартауі жұмысындағы негізгі қорытынды болып өнімнің жарамдылығы немесе қызметің тағайындалуы табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет