Реферат Тақырыбы: Өнімнің және шикізаттың зерттеу әдістерінің классификациясы


Стандарттаудың манызы мен мақсаты



бет4/7
Дата05.03.2023
өлшемі45,85 Kb.
#71608
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Стандарттаудың манызы мен мақсаты

Өңдірістік өнімдердің көлемінің үлкеюі және ғылыми техниканың қарқынды дамуы кезінде өнімдердің бір нұсқалы болуы, олардың бөлшектерінің өзара алмастырушылық қасиеттері жөніндегі сұрақтар күрделенуде. Осы салада жүргізіліп жатқан іс – шаралар өнімінің арзандауына, өнім сапасының көтерілуіне, өнімнің шығарылу көлеміне, сату аймағының үлкеюіне әкеліп жатыр. Жаһандану үрдісі бұл тенденцияны күшейтіп, стандарттау бұрын болмаған мәнге ие болуда. Тек өнімді, тауарды, қызметті жалпылай стандарттау арқылы жаһан елдері мен олардың экономикасын интеграциялау мүмкіндігі туады. Әлемде итеграциялау үрдістері күшеюде. Елдер одақтастық құруда, мысалы Еуропаның 27 елі бірігіп одақ құрды. Дүниежүзілік сауда ұйымы құрылды. Жақында қазақстанда сол ұйымға кіруді жоспарлап отыр.


Стандарттау жұмысының нәтижесі өнімнің, қызметтің, үрдістің функционалдық қызметіне сәйкестігі, халықаралық саудадағы техникалық кедергілерді жою, ғылыми – техникалық прогреске үлес қосу және түрлі салаларда әріптес болу.
Стандарттауды жүргізудің негізгі қағидалары: келісімдік, еріктілік, ыңғайлылық, экономикалық тиімділік.
Стандарттаудың мақсаты өнімге қойылатын талаптарды, әдістерді белгілі бір салада әрдайым кенінен қолдану арқылы туындаған немесе туындауы мүмкін мәселелерді шешіп сол саланы оптималды дәрежеде ретке келтіру. Жалпылама алғанда стандарттаудың мақсатына мыналарды жатқызуға болады:
Өнім, жұмыс және қызметтің мемлекет мүддесі мен қоршаған орта және адам денсаулығына қауәпсәздәгән қамтамасыз ету;
Техникалық және ақпараттық үйлесімділік пен өзара алмасушылық талабын жүзеге асыру;
Ғылым мен техника жетістіктеріне сәйкес өнім сапасын жоғарылату арқылы тұтынушы талабын қанағаттандыру;
Еңбек және материалдық қорларды үнемдеу, өндірістің экономикалық көрсеткіштерін жақсарту;
Өндіріс пен саудадағы техникалық кедергілерді жою және ішкі рыноктағы бәсекелестік қабілетін арттыру;
Өлшемнің біркелкілігін қамтамасыз ету;
Мемлекттің қорғаныс қабілеті мн жұмылдыру дайындығын күшейту;
Табиғи және техногендік апаттың әсерінен пайда болуы мүмкін залалдан шаруашылық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Стандарттау нысандары өнім, өндіріс, үрдіс, қызмет – осыларға арнап талаптар, мінездемелер, параметрлер, ережелер бекітіледі.
Стандарттар аумағы – өзара байланысты стандарттау нысандарының жиынтығы. Стандарттау түрлі деңгейлерде жүргізіледі: халықаралық, аймақтық, ұлттық және административті – территориялық.
Қолданыстағы стандарттау жүйесі бірінші орынға стандарттау нысанының сапасын бағалауды және бағалау әдістерін қояды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет