Реферат Тақырыбы: Өнімнің және шикізаттың зерттеу әдістерінің классификациясы


Стандарттау саласындағы нормативтік құжаттар



бет3/7
Дата05.03.2023
өлшемі45,85 Kb.
#71608
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Стандарттау саласындағы нормативтік құжаттар
Стандарттау саласындағы нормативтік құжаттар - стандарттау жөніндегі қызметтің әр түріне немесе оның нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принциптерді белгілейтін құжаттар. Стандарт - уәкілетті орган көздеген тәртіппен бекітілген, көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектілеріне ережелерді, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін құжат. Қолдану өрісіне байланысты стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар әр түрлі санаттарға бөлінеді: халықаралық стандарттар, өңірлік стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, ұйымдар стандарттары, Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдары, шет мемлекеттердің ұлттық стандарттары жатады.


Ереже (ЕР) - міндетті түрде қолданылуға тиісті жұмысты жүргізудің ұйымдық-техникалық және жалпы техникалық жағдайларын, тәртібін, әдістерін белгілейтін құжат. Ұсыныстар - ерікті түрде қолданылатын жұмысты жүргізудің ұйымдық-техникалық және жалпы техникалық жағдайларын, тәртібін, әдістерін белгілейтін құжат. Норма - қамтамасыз етуге тиісті сандық және сапалық критерийлерді белгілейтін жағдай (ИСО/МЭК 2). Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіші - техникалық-экономикалық ақпарат объектілерінің жіктеу топтарының кодтары мен атауларының жүйеленген жиынтығын білдіретін құжат.

Стандарттаудың қысқаша даму тарихы
Стандарттаудың негізі Еуропаның дамыған елдерінде XIX – ғасырдың басындағы өнеркәсіп революциясы кезінде қаланған. Үлкен фабрикалар мен зауыттардың пайда болуы және олардың көп көлемде тауар шығаруы дайын өнімді белгілі бір өлшемдік ретке келтіруді, тауарларды бір нұсқамен шығаруды, тауарлардың өзара алмастырушылық қасиеттерге ие болуын талап етті. Ресейде 1715 жылы Туланың қару шығаратын зауытында өлшемдік тұрақтандыруды енгізу жұмыстары жүргізілген болатын.
1856жылы Лондонда өткен халықаралық өндіріс қызметкерлерінің съезінде өатысушылардың бірі кез – келген шам әрдайым шам қойғышқа тура келетіндей етіп жасау туралы ұсыныс жасаған.
КСРО елдерінде бірінші азық – түлік тауарларының стандарты 1926 жылы бекітілген. Отызыншы жылдары көптеген азық – түлік тауарларының стандарттары бекітілді, соның ішінде ет, ет және сүт консервілері, тауық өнімдері және т.б. Олар тұтынушыға өнім құрамында судың, қанттың, тұздың, майдың белгіленген үлгісінің бар екенін кепілдейтін. Бірінші мемлекеттік стандарттар өнәм сапасын жақсартуда үлкен роль атқарды. Ұлы отан соғысы жылдары азық – түлік тауарларының жаңа түрлеріне стандарттар енгізілді. Қолданыстағы стандарттардың көбісі соғыс уақытына бейімделіп өзгертілді. Ал соғыстан кейінгі жылдары өнім сапасына көп көніл бөліне бастады. Соған байланысты 1955 жылдан бастап 1960 жылға дейін 200 – ден астам стандарт қайта қаралды. Ал 1975 жылдан бастап халықаралық Экономикалық өзара кеңесінің (оның құрамында КСРО – ның басқа социалистік лагер елдері Румыния, Польша, Венгрия, Чехославакия, Монғолия, Куба кірген ) стандарттары енгізіле бастады, олар халықаралық ИСО стандартына сәйкестендірілген.
Ауыр өнеркәсіптің дамуы стандарттандыруды жаһандандыруды қажет етті және кез – келген мемлекеттің экономикасын дамытудың негізгі элементі болып саналады. Мысал ретінде ТМД, Еуроодақ пен Қытайдың теміржол стандарттарының сәйкессіздігін көрсетуге болады. ТМД жол теміржол бөлшегінің ені 1520 мм, ал Қытай мен Еуропада 1435 мм. Осы стандарттардың сәйкессіздігі қазіргі халықаралық сауданың дамыған уақытында көптеген қиыншылықтар тудырып, артық шығындарға әкліп жатыр. Сонымен қатар тасымалдаудағы түрлі кедергілер мен поездің шекаралық бекеттерде көп уақыт тұруының себепкері. Қытаймен шекаралас Достық бекетінде жылына 13 млн тоннадан астам жүк өтеді және жыл сайын олардың көлемі арта бермек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет