Реферат тақырыбы: «Полимер материалдардың негізгі өндірісі. Полимер материалдардың жіктелуі»



бет2/4
Дата24.11.2022
өлшемі33,27 Kb.
#52317
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Ðåôåðàò òà?ûðûáû «Ïîëèìåð ìàòåðèàëäàðäû? íåã³çã³ ?íä³ð³ñ³. Ïîëè

Гомополимер – бұл бір ғана мономердің молекуласынан түзілген полимер. Мысалы, полиэтилен – этиленнің гомополимері.
Сополимер – молекуласы екі немесе одан да көп мономерлердің буындарынан құрылған біріккен полимер. Егер мономер үшеу болса, өнімді терполимер деп атайды. Сопоплимерлерді гомополимерлердің қоспасымен немесе балқымасымен шатастыруға болмайды.
Олигомер – полимер мен мономер арасында жатыр. Олигомердің молекуласы мономер молекуласына қарағанда 10-100 есе ұзын, бірақ белгілі жағдайда олар бір бірімен полимер түзіп қосылуға қабілетті. Әдетте олигомерлер сұйық, бірақ қатты да бола алады.
Олигомеризация – олигомерлердi синтездеу реакциясы.
Полимеризация – мономердiң не мономерлер қоспасының полимерге айналу процесi, яғни полимерлер алудың жалпы әдiсi, мұнда реакцияласатын заттардың қарапайым құрамы өзгермейтiн және қосымша өнiмдер бөлiнбейтiн бiрнеше молекулалардың полимер түзе жүретiн қосылу реакциясы.
Радикалдық полимеризация - химиялық байланыстардың гомолитикалық үзiлуi арқылы түзiлген, жұпталмаған электроны бар белсендi бөлшектер – бос радикалдардың қатысуымен iске асатын мономер молекулаларының қосылуының тiзбектi реакциясы. Радикалдық механизм бойынша негiзiнен көмiртек – көмiртек еселi байланыстары бар мономерлер полимерленедi. Сонымен бiрге радикалдық полимерлену мүмкiндiгi мономердiң құрылысына және процестi жүргiзу жағдайына байланысты.
Радикалдық полимеризациясының негiзгi сатылары: инициирлеу, өсу және үзiлу реакциялары.
Иондық полимерелену радикалды полимерлену сияқты тізбекті реакция, бірақ мұнда өсуші тізбек бос радикал емес, ол анион немесе катион болып табылады. Иондық полимерлену катализаторлар қатысында өтеді. Олар инициаторлар сияқты полимерлену процесі кезінде шығындалмайды және полимер құрамына енбейді. Катализатор сипатынан тәуелді және түзілетін ионның зарядына байланысты иондық полимерлену анионды және катионды болып бөлінеді.
Поликонденсация – жоғары молекулалық қосылыстар түзiлуiмен қатар процесс кезiнде қарапайым заттар /су, спирт, аммиак, т.б./ бөлiну арқылы жүретiн және полимердiң қайталанатын буынының құрамы бастапқы заттардың құрамынан айрықшаланатын көптеген молекулалардың қосылу реакциясы.
Сополимеризация және сополиконденсация – екі немесе одан да көп мономерлердің полимеризациялану және поликонденсациялану реакциялары.
Балқытылған полимерлер қарағай шайыры сияқты ағады. Балқытылған полимер стақанды төңкермесе ақпайды. Сұйық олигомер су сияқты ағады. Бұлармен салыстырғанда биополимер термині жаңа болып табылады. Барлық тірі ағзалар биополимерлерден құрылған. Ағаш, мақта, жүн, былғары – бұлардың барлығы биополимерлер.
Кейбір қатты полимерлер қыздырғанда металдарға ұқсас. Осындай полимерді қыздырса ол әуелі жұмсарады, резенке сияқты созылатын эластикалы болады. Мұндай полимер су сияқты ақпайды, бірақ оны сығуға болады. Суытқанда ол қайта қатаяды. 
Мұндай полимерлер термопластикалық немесе термопласттар деп аталады. Бұл полимерлер ұзын жіп тәрізді макромолекулалардан құрылған. Термопласттардың жұмсару температурасы химиялық құрамынан тәуелді 100 және 250 0С аралығында. Бұл көптеген металлдар мен балқымаларға қарағанда біршама төмен.
Жіп тәрізді макромолекулаларды сызықты макромолекулалар деп атайды. Ал егер макромолекулада бүйір жалғаулар болса, олар тармақталған деп аталады.
Белгілі жағдайларда бөлек макромалекулалар қосыла алады. Мұндай молекулалардан түзілген полимер тігілген, торлы немесе үш өлшемді деп аталады. Мұндай полимер қыздырғанда балқымайды, тек жұмсарады. 
Құрылысы әртүрлі полимерлердің қасиетерінің өзгерісінде белгілі заңдылық болады. Аз тігілген полимерлер сызықтыларға қарағанда жоғары температураның әсеріне тұрақты болуы керек. Тығыз тігілген полимер қатты және балқымайды. Мұндай балқымайтын полимерлер термореактивті немесе реактопласттар деп аталады.
Синтетикалық полимерлерді термопласттар мен реактопласттарға бөлу бұйымдарды қалыптау ерекшеліктеріне және осы полимерлерге негізделген. Термопласттарды қыздырғанда балқытуға болады, ал сұйық балқымадан банкалар, шөлмектер, қораптар, түтіктер, жабындар, сияқты бұйымдарды құюға болады. 
Реактопласттарды торлы құрылысына байланысты басқа жолмен өңдеу қажет. Қалыпқа жартылай фабрикат – сызықты полимер немесе олигомер, қажетті компоненттерді салады. Содан кейін қыздыруда және жоғарғы қысымда (кей жағдайларда ауада қалыпты температурада) макромолекулалардың тігілуі өтеді, мұны қатаю деп атайды. Осылайша ректопласт қалыпта түзіледі. Бұл үрдіс бірнеше минуттан көптеген сағатқа дейін жүруі мүмкін.
Техникада және күнделікті өмірде полимерлермен байланысты әртүрлі атауларды кездестіреміз: пластик, пластмасса, шайыр, резене, эластик, эластомер, полимерлі жабын, компаунд, алмастырғыш, суррогат, былғары, былғары алмастырғыш, жасанды және синтетикалық талшық, вискоза, найлон, лавсан, фенопласт, аминопласт, шыны пластик, полиэтилен, полистирол және т.б. Оларды әдетте табиғи материалдарға қарама қарсы синтетикалық деп атайды.
Айналаңызға қараңыз: сіздер синтеика киесіздер, пластикалық автоқаламмен жазасыздар, пластикпен жабылған үстелде, жасанды былғарыдан жасалған орындықта отырсыз.
Жоғарыда келтірілген кейбір сөздердің мағынасын ашайық.
Шайыр – бұл ескі сөз. Пластик сөзі пайда болғанға дейін барлық синтетикалық полимерлерді жасанды шайыр деп атады. Ағылшын тілінде және барлық өндірістік полимерлі материалдар шайырлар деп аталады. Бұл термин біздің өнеркәсіпте де қалды. Бұлай реактопласттар алынатын көптеген полимерлерді атайды. Мысалы, эпоксидті шайыр, полиэфирлі шайыр т.б.
Резенке – латынша бұл шайыр. Орыс тілінде бұлай каучуктің қоспасын күкіртпен немесе басқа қосындылармен вулкандағанда алынған полимерлі материалдың нақты түрін айтады.
Суррогат – бұл сөз де латын тілінен енген. Бұл бір нәрсені алмастыру деген түсінік береді. Егер, сурогатты кофе десе, эквивалентті емес алмастыруды береді. Синтетикалық полимерлер табиғи материалдарды алмастырғыштар болып табылатындықтан, суррогат сөзі полимердің төменгі сапасын көрсетеді.
Пластикалық  масса (пластмасса), пластик – бұл сөз ертеден келе жатқан түсінік. Пластикалық техникада сыртқы әсерден материалдың формасын өзгерту қасиеті, ал пластик, пластмасса - әртүрлі қоспалы синтетикалық полимерлер, олардан әртүрлі күш түсіргенде формасын сақтауға қабілетті бұйымдарды қалыптайды.
Сонымен полимер ұғымы пластик ұғымына сәйкес емес. Толықтырылған пластмассалар деп аталатын заттарда 50-80 % әртүрлі минералды заттар болады, ал полимер байланыстырушының рөлін атқарады.
Пенопласт – газ көпіршіктері бар пластмасса. Бұл атау әртүрлі көпіршіктенген пластмассаларды біріктіреді. Олардың ішінде қатты да, эластикалығы да болады. Мысалы, жасанды былғарыны көпіршіктенген полиуретаннан жасайды. Барлық пенопласттар өте жеңіл материалдар.
Шыны пластик – бұл материалда шыны болады. Оны талшық түрінде пластмассаларды берік ету үшін қолданады. Бұл үлкен топ, себебі байланыстырушы полимер эпоксидті және полиэфирлі шайыр, полиамидтер, полипропилен және басқалары да болуы мүмкін. 
Қазір техникада күштендіруші элемент шыны талшықтардың орынына көміртекті, борлы талшықтар қолданылған пластмассалар пайда болды. Оларды көміртектіпластиктар, борпластиктар деп атайды. 
Синтетикалық және жасанды терминдарының айырмашылығы қандай?
Химиялық талшықтар мамандарының ұсынысы бойынша жасанды терминін химиялық өңдеуге түсірілген табиғи талшықтарға қолданылады, ал синтетикалық дегеніміз синтетикалық полимерлерден алынған талшықтар. Сонда жүн, жібек, мақта – табиғи талшықтар, вискоза – жасанды талшық, ал найлон, лавсан (полиакрилонитрил) – синтетикалық болып табылады.
Эластомер – бұл жеңіл созылатын, содан кейін бастапқы күйіне қайтып келетін, яғни эластикалыққа ие синтетикалық және табиғи полимерелер тобының жалпы химиялық атауы. Бұл топқа каучуктарды және көптеген басқа полимерлерді жатқызады. Өндірісте барлық полимерлерді үш топқа бөледі – эластомерлер, пластиктар және талшықтар, бірақ бір полимер материалдардың бұл үш түрін де түзе алады. 
Эластик – жақсы эластикалыққа ие синтетикалық талшықтардан алынған текстильді атериалдың фирмалық атауы.
Компаунд – ағылшын сөзі, құрамдас, күрделі деген мағынаны білдіреді. Техниканың әр түрлі саласында қолданылады, бұл бу машинасы, динамо-машина, электротехникадағы изоляциялаушы материал. Полимерлер технологиясында бұлай екі немесе одан да көп полимерлердің балқытылған қоспасын, балқымасын айтады. 
Найлон (немесе нейлон) – барлығы біледі. Бұл америкалық фирма «Дюпонның» тауарлық маркасы. Бұлай тұңғыш рет осы фирмамен жасалынған полиамидтер тобының талшық түзгіш полимерлерін атаған. 
Лавсан – бұл талшық түзгіш полиэфир-полиэтилентерефталаттың тауарлық атауы. Импорттық фирмалық атауы – терилен. 
Фторопласт – Оның молекуласының құрамына фтор енеді, ол полимерге үлкен тұрақтылық береді. Ол толық фторланған полиэтилен. Оның басқаша атауы тефлон.
Қазіргі кезде норпласт – деген жаңа сөз кең тараған. Оны пластмассалардың жаңа түрін белгілеу үшін академик Н.С. Ениколопов ойлап тапқан. Мұнда минералды толықтырғыштардың бөлшектері полимерлену сатысында, яғни полимерлер түзілу кезінде енгізіледі. Ертеректе құрамында толықтырғыштары бар пластмассаларды толықтырылған пластмассалар деп атаған. Қазір, толықтырылған пластмассалардың мәні және рөлі жылдам дами бастағандықтан, жаңа жинақталған термин пайда болды: полимерлі композитті материалдар, композиттар. Бұған шыны пластиктар, пенопласттар, қабатты пластиктер және норпласттар жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет