Реферат Тақырыбы: «Рационалды тамақтану негіздері және дене салмағын бақылау.»


Рационалды тамақтанудың негізгі принциптері



бет3/13
Дата14.11.2022
өлшемі69,67 Kb.
#49884
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Рационалды тамақтанудың негізгі принциптері:
а) Тамақтану саны жағынан адекватты, яғни, рационның энергиялық құндылығы ағзаның энергия шығынын өтеп отыруы қажет.
б) Тамақтану сапасы жағынан құнды болуы қажет. Яғни, құрамында ағзаға қажетті барлық тағамдық заттар: белоктар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, минералды заттар, бәрінен бұрын, алмастырылмайтын құрам бөліктері оптималды мөлшерде болуы қажет.
в) Тамақтану балансталған болуы қажет. Яғни, құрамы, тағамдық заттардың химиялық құрам бөліктерінің мөлшері мен ара қатынастары олардың пайдаға асуын қамтамасыз ететін ағзаның ферменттік жүйелері үшін оптималды болуы қажет. Тамақтанудың балансталғандық принципі - рационалды тамақтанудың негізгі принципі. Ол тек негізгі тағамдық заттардың, белоктардың, майлардың, көмірсулардың, минералы заттардың және дәрумендердің арасындағы балансталғандықты ғана емес, сонымен қатар белоктардың, майлардың, көмірсулардың, минералды заттар мен дәрумендердің өздерінің құрамына кіретін заттардың да балансталғандығын түсіндіреді.
г) Тамақтану режимі дұрыс болуы қажет.
д) Тағам әр түрлі, яғни, құрамында жануар текті және өсімдік текті азықтар, сондай-ақ, жеткілікті мөлшерде клетчатка да болуы қажет.
ж) Тағам залалсыз, әрі органолептикалық қасиеттері адамның тәбетін тартатындай болуы қажет.
з) Тағам аз көлемде тоқтық сезімін беретін, жақсы қорытылатын және жеңіл сіңетін болуы қажет
Адам тағамының құрамында 600 ден астам заттар бар екені белгілі. Олар қалыпты организм тіршілігіне қажет. Осы әрбір зат гормонды биохимиялық процестерде ерекше орын алады, органикалық және бейорганикалық қосылыстарда алынған 96 %-ті емдік қасиетке ие.
Рационалды тамақтану кезінде, адам организмінің жеке ерекшеліктеріне байланысты оның еңбегіне, жынысына, жас ерекшеліктеріне және клеймато-географиялық тұрақтану шартына көңіл бөлу керек.
Рационалды тамақтану түсінігімен белгілі физиологиялық тамақтану нормасы тығыз байланысты. Халықтың жекеленген топтарын негізгі тағамдық заттарға және энергияға сұранысын қамтамасыз ететін орташа шамалар болып саналады.
Рационалды тамақтану үш негізгі принциптерді қарастырады:

  • Организмнің белгілі тағам өнімдерімен сұранысын қамтамасыз ету.

  • Адамның тіршілік процесіндегі күнделікті түскен тағамның энергиялық тепе-теңдігін қамтамасыз ету.

  • Тамақтану режимін қадағалау.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет