Реферат Тақырыбы: "Сүйек қосылыстарының жіктелуі."


Үздікті (үзілісті) қосылыстар, буындар, диартроздар



бет3/8
Дата27.09.2023
өлшемі106,87 Kb.
#110375
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Сүйек қосылыстарының жіктелуі

Үздікті (үзілісті) қосылыстар, буындар, диартроздар
Буын дегеніміз үздікті (үзілісті), қуысты, қозғалмалы қосылу немесе буындасу, articulatio synovialis (грекше arthron - буын, осыдан arthritis - буынның қабынуы). Әрбір буында қосылатын сүйектердің буындық беттері, буын қапшығы (сүйектердің буындасатын шеттерін муфта сияқты қоршап түратын) және оның ішінде сүйек арасында жататын буын қуысы болады.


Буынның міндетті және қосымша элементтері.
Буынның міндетті элементтеріне:
1. буын беткейлері,
2. буын шеміршегі,
3. буын қапшығы,
4. буын қуысы,
5. буын сүйықтығы жатады.



  1. Буын беткейлері , facies articulares, гиалинді, кейде талшықты, қалыңдығы 0,2 - 0,5 мм буын шеміршегін, cartilago articularis, жабылған. Ұдайы үйкелу салдарынан буындық шеміршек буындық беттерінің сырғанауын жеңілдететін жылтырлыққа ие болып, ол шеміршектің серпімділігінен соққыны жүмсартып, буфер қызметін атқарады. Әдетте буындық беттер азды-көпті бір-біріне сәйкес келеді (конгруэнтті). Мәселен, бір сүйектің буындық беті дөңес (буын басы) келсе, ал басқа сүйектің буындық беті тиісінше ойыс болады (буындық шұңқыры).

  2. Буын шеміршегі көбінесе гиалинді, самай-төменгі жақ буынында-талшықты. Шеміршек тегіс емес буын беткейлерін тегістейді, үйкелістерді жүмсартады. Буын шеміршегі тегіс, синовиальді сұйықтықпен ылғалданған, буындағы қимылды жеңілдетеді. Буын шеміршегінде қан жэне лимфа тамырлары жоқ, ол синовиальді сүйықтықпен қоректенеді.

  3. Буын қапшығы, capsula articularis, буын қуысын саңылаусыз қоршай отырып, буындасатын сүйектерге олардың буындық беттерінің жиегін ала немесе олардан сәл кейіндеу өсіп-бекиді. Ол сыртқы.фиброзды жарғақ, тembrana fibrosa, мен ішкі синовиалды жарғақтан membrana sinovialis, тұрады. Синовиалды жарғақ буындық бетіне қараған жағында эндотелий жасушалары қабатымен жабылған, соның салдарынан тегіс және жылтыр болады. Ол буын қуысына жабысқақ мөлдір синовиалды сұйықтық - синовияны, synovia, бөледі де, ал ол буындық беттерінің үйкелісін азайтады. Синовиалды жарғақ буындық шеміршектердің жиектерінде аяқталады. Ол көбіне синовиалды бүрлер, vili synoviales деп аталатын кішкене өсінділер түзеді. Сонымен қатар ол буын ішіне сыртынан өсіп енетін үлкенді-кішілі синовиалды қатпарлар, plicae synoviales, түзеді. Кейде синовиалды қатпарларда оларға сыртынан өсіп енетін едәуір мөлшерде май жиналады, ондай жағдайда майлы қатпарлары, plicae adiposae, деп аталатын пайда болады, оған тізе буынының plicae alares мысал бола алады. Кейде буын қапшығы жұқарған жерлерінде дөңестер немесе сіңірлерді айнала орналасатын немесе буынға жақын бұлшықеттер астында - синовиалды қаптар, bursae synoviales, түзеді. Олар қозғалыс кезінде сіңірлер мен бұлшықеттердің үйкелісін азайтады.



  4. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет