Үздіксіз қосылыстар- синартроздар Атап өтілгендей, қаңқа өз дамуында 3 кезеңнен өтеді: дәнекер тінді, шеміршекті және сүйекті. Бір кезеңнен басқа кезеңге өту сүйектер арасындағы тін өзгерісіне де байланысты болғандықтан, сүйектердің қосылуы да өз дамуында осы үш кезеңнен өтеді, сондықтан синартроздың үш түрін ажыратады :
I. Егер туғаннан кейін сүйектер арасында дәнекер тін қалса, онда сүйектер дәнекер тін арқылы қосылады - articulationes fibrosae (латынша-fibra, талшық), syndesmosis (deme - байлам) синдесмоз.
II. Егер сүйектер аралығында дәнекер тін шеміршек болса, онда сүйектер шеміршек тін арқылы байланысады - articulationes cartilagi-
III. Сүйектер арасында дәнекер тін сүйек тініне ауысса немесе алдымен шеміршек, содан кейін сүйек тініне (хондралды остеогенезде) ауысса, онда сүйектер сүйек тіні арқылы қосылады - синостоз (synostosis) (BNA).
Жеке тұлға өмірі бойында сүйектердің қосылу сипаты өзгермей қалмайды. Сүйектенудің үш кезеңіне сәйкес синдесмоздар синхондроздар мен синостоздарға айналуы мүмкін.
Синдесмоз, articulatio fibrosa, сүйектердің дәнекер тін арқылы үзіліссіз қосылуы болып табылады.
Егер дәнекер тін сүйектердің үлкен аралықтарын толтырса, онда мұндай қосылу сүйекаралық жарғақ, membrana interossea, түріне ие болады, мысалы, білекте немесе сирақтағы сияқты.
Егер аралық дәнекер тін талшықты шоғырлар құрылысына ие болса, онда фиброзды байламдар, ligamenta (омыртқа бағанасының байламдары) түзіледі. Кейбір жерлерде (мысалы, омыртқа доғаларының арасында) байламдар серпінді дәнекер тіннен (synelastosis - BNA) тұрады; олар сарғыш түсті (ligg. flava).
Бассүйек сүйектері арсында аралық дәнекер тін жұқа қабатша сипатына ие болса, онда жіктер, suturae, пайда болады. Ұзара қосылатын сүйек жиектерінің пішініне қарай жіктерді былайша бөледі:
a) тісті жік, sutura serrata, бұл жағдайда бір сүйектің жиегіндегі
тістер басқа сүйек тістері аралықтарына кіріп түрады (бассүйек
күмбезінің сүйектердің көбісінде осылай).
ә) қабыршақты, sutura squamosa, бұл жағдайда бір сүйектің жиегі басқа сүйектің жиегімен бастырылады (самай және шеке сүйектері арасында).
б) тегіс, sutura plana - жиектердің жанасуы (бет сүйектерінің
араларында).
Синхондроз, articulatio cartilaginea, - сүйектердің шеміршек тіні арқылы үзіліссіз қосылуы және шеміршектің физикалық қасиеттері арқасында серпінді қосылу болып табылады. Синхондроз кезінде қимыл аздау және серпімді сипатты болады. Олар шеміршек қабатшаларының қалыңдығына байланысты, ол соғұрлым қалың болса, көбірек қозғалғыш келеді.
Шеміршек тінінің (гиалинді немесе фиброзды) қасиеттеріне қарай:
1) гиалинді синхондроз, мысалы, 1- қабырға мен төссүйек арасында;
2) талшықты синхондроз деп бөледі.
Талшықты синхондроз механикалық әсерге кедергі көптеу жерде, мысалы омыртқа денелері арасында, пайда болады. Бұл жерде талшықты синхондроздар өздерінің серпімділігі арқасында соққы мен шайқауларды жұмсартып, буфер рөлін атқарады.
Белгілі мерзімге байланысты синхондроздар былай бөлінеді:
Уақытша синхондроздар - белгілі бір жасқа дейін ғана болып, одан кейін синостоздарға алмасады, мысалы, эпифиз бен метафиз арасындағы немесе бір жамбас сүйекке қосылатын жамбас белдеуінің үш сүйегі арасындағы синхондроздар. Уақытша синхондроздар қаңқа дамуының екінші кезеңі болып табылады.
Тұрақты синхондроздар - бүкіл өмір бойы болады, мысалы, самай сүйегі пирамидасы мен сынатәрізді сүйек, пирамида мен шүйде сүйегі арасында.
Егер синхондроздың ортасында буындық беттері мен қапшығы бар нағыз буын қуысы сипаты жоқ тар саңылау түзілсе, онда мұндай қосылулар үздіксізден үзілістегі (буындарға) өтпелі болады да, симфиз, symphysis, деп аталады (мысалы, маңдай симфизі, symphysis pubica). Симфиз буындардың редукциясы нәтижесінде үзілісті қосылудан үздіксіз қосылуға ауысу арқасында түзілуі мүмкін, мысалы, кейбір омыртқалыларда бірқатар омыртқалардың денелері арасында буын қуысынан саңылау қалады.
Симфиз (син. гемиартроз) - қаңқа сүйектері арасындағы өтпелі буын. Бұл әдетте талшықты немесе шеміршекті қосылыс, оның ішінде тар саңылау тәрізді қуыс бар. Симфиз сыртқы капсуламен, ал саңылаудың ішкі беті синовиальды қабықпен жабылмаған. Симфизді сүйек аралық байламдармен күшейтуге болады. Буын артикуляцияланған сүйектердің аздапмещысуына мүмкіндік береді .
Синхондроздардан айырмашылығы,симфиздер жасына қарай кальцинацияланбайды және шеміршек қабатын жоғалтпайды Симфиз бен буынның басты айырмашылығы-симфиздерде буын саңылауы үзіледі.