Реферат Тақырыбы: "Сүйек қосылыстарының жіктелуі."



бет6/8
Дата27.09.2023
өлшемі106,87 Kb.
#110375
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Сүйек қосылыстарының жіктелуі

Буындар биомеханикасы.
Тірі адам организмінде буындар үш түрлі рөл атқарады:

    1. олар дене қалпының сақталуына жәрдемдеседі;

    2. дене бөліктерінің өзара орын ауыстыруына қатысады;

    3. дененің кеңістіктегі локомоция (орын алмастыру) мүшесі болып табылады.

Эволюция барысында бұлшықет қызметі үшін жағдайлар әртүрлі болғандықтан, түрлі пішіндер мен қызметтердің буындасуы пайда болады. Пішіні жағынан буындық беттерін геометриялық айналу денелерінің кесінділері деп қарастыруға болады: бір білікті айнала қозғалатын цилиндр ретінде, екі білікті айнала қозғалатын эллипс ретінде және үш немесе одан да көп біліктерді айнала қозғалатын шар ретінде. Буындарда қозғалыс үш негізгі білікті айнала жүреді.
Буындарда мынадай қозғалыс түрлерін ажыратады:
1. Фронталды (горизонталды) білікті айнала қозғалу-бүгілу (flexio), яғни буындасатын сүйектер арасындағы бұрыштың кішіреюі және жазылуы (extensio), яғни осы бұрыштың үлкеюі.
2. Сагитталды (горизонталды) білікті айнала қозғалу-келтіру
(adductio), орта жазықтыққа жақындау және әкету (abductio), яғни одан қашықтау.
3. Вертикалды білікті айнала қозғалу, яғни айналу (rotatio): ішке қарай (pronatio) және сыртқа қарай (supinatio).
4. Шеңбер бойымен қозғалу (circumductio), бұл кезде бір біліктен екінші білікке ауысу іске асады, соның өзінде сүйектің бір шеті шеңбер сызады, ал бүкіл сүйек - конус пішінін сызып шығады.
Буындық беттердің сырғанай қозғалуы мүмкін, сондай-ақ олар бір-бірінен алыстауы мүмкін, мысалы, саусақтарды созғанда. Буындардағы қозғалыс көлемі буындасатын беттер шамасының айырмасына тәуелді. Егер, мысалы, буын шұңқыры ұзына бойы° доға болса, ал басы 210° болса, онда қозғалыс доғасы 70°-қа тең болады. Буындық беттер аумақтарының айырмасы неғұрлым көп болса, қозғалыс доғасы (көлемі) соғұрлым үлкен болады және керісінше. Буындасқан беттер аумақтары айырмасының кішіреюінен басқа буындардағы қозғалысты кейбір байлам, бұлшықеттер, сүйек өсінділері сияқты т.б. тежеуіштер шектеуі мүмкін. Сүйек және бұлшықеттердің жұмыс гипертрофиясын тудыратын күшті дене (күш) жүктемесі осы түзілістердің өсуін тудырып, жылжымалықты шектейтіндіктен, түрлі спортшыларда спорт түріне қарай буындарда түрліше иілгіштік (икемділік) байқалады. Мәселен, жеңіл атлетшілерде ауыр атлетшілерге қарағанда иық белдеуінің қозғалыс көлемі көптеу болады. Егер буындарда тежегіш тетіктер өте күшті дамыса, онда олардағы қозғалыс тым шектелген болады. Ондай буындар қатаң буын деп аталады. Қозғалыс шамасына қозғалыстардың көп түрлілігін арттыратын буынішіндегі шеміршектер әсер етеді. Мәселен, буындық беттер пішіні жағынан екі білікті буындарға жататын шықшыт буынында буынішіндегі дисктің болуынан үш түрлі қозғалыс мүмкін болады.


Байламдардың орналасу заңдылықтары.
Буынның жұмысын бағыттап, ұстап отыратын бекітуші бөлігі байламдар, ligamenta, болып табылады; осыдан келіп оларды бағыттаушы және ұстап тұрушы деп бөледі. Адам денесінде байламдар саны өте көп, сондықтан оларды жақсы зерттеп, есте сақтау үшін, олардың ортақ орналасу заңдылықтарын білу қажет.
Байламдар буындық беттердің қозғалысын берілген буынның белгілі бір айналу білігі айналасында бағыттайды да, сондықтан әрбір буында оның біліктерінің саны мен орналасу жағдайына қарай таралады.
Байламдар:
а) берілген айналу білігіне перпендикуляр және
ә) негізінен оның шеттері бойынша орналасады.
Олар буынның берілген қозғалыс жазықтығында жатады. Мәселен, саусақаралық бір фронталды айналу білігі бар буында, бағыттаушы байламдар, оның бүйірлерінде (ligg. collateralia) вертикалды орналасады. Екі білікті шынтақ буынында, ligg. collateralia вертикалды, фронталды білікке перпендикуляр бойымен жүреді, ал ligg. anulare горизонталды, вертикалды білікке перпендикуляр орналасады. Ақырында, көп білікті ұршық буынында байламдар түрлі бағыттарда орналасады.


Бұрын сүйек қосылыстарының үш түрге жіктелген болатын. Жартылай буындар немесе симфиздер (Hemiarthrosis) үздіксіз (Synarthrosis) және үзіліссіз (Diarthrosis) қосылыстардың тәуелсіз түріне бөлінді. Қазіргі уақытта (ТА) симфиздер үздіксіз шеміршек қосылыстарына жатады.
Синартроздар (BNA, PNA) синдесмоз, синостоз және синхондрозға бөлінді. Синдесмоздарға байламдар (лигамента (қазіргі терминологияда буынның қосалқы элементтері ретінде қарастырылады), мембраналар (membranae interosseae) және тігістер (suturae) (тісті, қабыршақты және үйлесімді немесе тегіс). Синхондроздар уақытша және тұрақты болып бөлінді. BNA-дағы диартроздар (буындар) қозғалыс осьтері бойынша бір осьті, екі осьті және көп осьті болып бөлінді. B NA (Лондон, 1985; Нью-Йорк, 1989) үздіксіз сүйек қосылыстары арасында талшықты қосылыстар; шеміршек қосылыстары немесе синхондроздар; сүйек қосылыстары. Талшықты қосылыстарға байламдар мен мембраналарды қамтитын синдесмоздар кірді; тігістер; инкапсуляциялар. СИНОСТОЗ синхондроздарының BNA/PNA-мен салыстырғанда түсінігі мен бөлінуі өзгерген жоқ. Буындардың жіктелуі тұтастай алғанда ТА-ға сәйкес келді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет