Реферат Тақырыбы: Танымның түрлері мен деңгейлері, таным әдістерінің классификациясын жасау. Орындаған: Амантай Майра



бет5/6
Дата19.03.2023
өлшемі63,55 Kb.
#75500
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
2.3.Таным үдерісінің түрлері
1.Мифологиялық түрлері ББББББББББББББББББББББББББББББ
2.Күнделікті практикалық таным ББББББББББББББББББББББББББББББББ
3.Көркем тануЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖ
4.Діни тануЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭ
5.Ғылыми танымЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭ
Таным өте күрделі процесс, ол ұдайы даму үстінде болып отырады. Ол адамға зат пен құбылыстардың сыртқы, көзге түсер қасиеттері мен қатынастарынан бастап, оның тереңде жатқан ішкі салыстырмалы тұрақты байланыстарына дейін бойлауға мүмкіндік береді, яғни заттың мәнін, ішкі құпиясын меңгеруге жағдай жасайды. Таным процесі екі сатыдан тұрады: сезімдік таным және рационалдық таным. Бұл екі саты бірінен кейін бірі болатын жекелеген деңгейлер емес, олар біртұтас таным процесінің екі қарама-қарсы жағы‚ бір-бірімен өте тығыз байланысты, бірақ әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Оны көрнекті етіп көрсету үшін мынандай жіктелуді жасауға болады.
Сезімдік таным – танымның төменгі деңгейі. Адамдар өзінің өмірлік іс - әрекетінде қоршаған ортамен тікелей қатынасқа түседі. Олар заттар мен құбылыстар және адами қатынастар әлемінде өмір сүреді, өзін қоршаған ортада еркін сезіну үшін осы ортаның қисынын түсінуі қажет. Практикалық іс - әрекет процесінде адамдарда түйсіктер, қабылдаулар, елестер қалыптасады. Бірақ сезімдік тәжірибенің аясы тар. Қоршаған ортаны өзгерте отырып, субъект заттың тұңғиығына үңіледі. Оның іс - әрекеті тиімді болуы

үшін нысанның сыртқы ерекшеліктерін білуі жеткіліксіз, оған оның ішкі қатынастарын, қасиеттерін, заңдылықтарын да тануы қажет. Сөйтіп, сезімдік тәжірибеге сүйене отырып, оны талдап, жинақтап, соның негізінде абстрактілі ұғымдарды, ғылыми көзқарастарды тудырады.Сезімдік таным – адамды сыртқы дүниемен байланыстыратын бестүрлі сезім мүшесі арқылы ақпарат алумен жүзеге асырылады.


Рационализм немесе ұтымды таным - бұл ақылдың көмегімен алынған ақпарат негізінде ақпарат алу тәсілі. Бұл сезімталдықтың айырмашылығы, ол сезімге ерекше назар аударады. Атауы латын тілінің коэффициентінен шыққан. Енді әлемге танылған, ұтымды және сенсационализм осы үдерістің қажетті бөлігі болып табылатын көзқарас қабылданады. Философиядағы ұтымды білім - зерттеушінің жеке көзқарасына қарамастан, зерттеу объектісін зерттеу процесін неғұрлым бейтараптандыру әдісін жасау тәсілі, Рационализмді ұстаушы Декарт, Спиноза, Кант, Гегель және басқа да философтар. Олар сенсорлық қабылдау тек қана нақты шындықты көрсетпейтін бастапқы ақпаратты ғана бере алатынын, сондықтан тек ақыл-ойды танымның жоғары деңгейінде қолдану керек екенін айтты.

ҚОРЫТЫНДЫ
Таным барысында болмыстың түрлі қырлары ашылады, қоршаған дүниедегі заттардың, құбылыстардың сыртқы жақтары мен мәні ашылады, сонымен қоса таным қызметінің субъектісі — адам адамды, демек, өзін-өзі зерттейді. Таным — адам қызметінің қоршаған дүниені және ондағы өзін тануға бағытталған арнайы түрі. Адам таным бойынша әрекеттің екі негізгі түрін жүзеге асырады: — қоршаған дүниені өзге ұрпақтардың танымдық қызметінің нәтижелері арқылы таниды (кітаптар оқиды, білім алады, материалдық және рухани мәдениеттің; барлық түрлерімен қауышады); — қоршаған дүниені тікелей таниды (өзі немесе адамзат үмітін бір жаңалық ашады). Таным — білім алу және дамыту үдерісі үнемі тереңдетіліп және кеңейтіліп отыратын, нәтижесінде, жаңа білім алынатын таным объектісі мен субъектісінің әрекеттесуі. 
Таным теориясы немесе гносеология философияның алғашқы даму кезендерiнен келе жатыр.
Танымның философиялық тұғырнамаларда дәстүрлi екi түрiн белгiлейдi: сезiмдiк және рационалды танымдарды. Олар бiр-бiрiмен тығыз қатынаста болады және әр қайсысы өзiнiң формаларына ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет