Реферат Тақырыбы: "Тіл туралы заңның қабылдануы"


Ү тарау. Тілді құқықтық қорғау



бет5/7
Дата31.01.2023
өлшемі38,77 Kb.
#63971
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Ү тарау. Тілді құқықтық қорғау
23-бап. Тілді мемлекеттік қорғау Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл және барлық басқа тілдер мемлекеттің қорғауында болады. Мемлекеттік органдар бұл тілдердің қолданылуы мен дамуына қажетті жағдай жасайды. Тілдің дамуы мемлекеттік тілдің басымдығын және іс қағаздарын жүргізуді қазақ тіліне кезең-кезеңмен көшіруді көздейтін Мемлекеттік бағдарламамен қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде және біліктілік талаптарына сәйкес білуі қажет кәсіптердің, мамандықтардың және лауазымдардың тізбесі Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі терминология, ономастика жөніндегі тиісті мемлекеттік комиссияларды және қажет болған жағдайда басқа да құрылымдарды құрады. 24-бап. Тіл туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарының бұзылуына кінәлі мемлекеттік органдардың, кез келген меншік нысанындағы ұйымдардың бірінші басшылары, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. Лауазымды адамның мемлекеттік тілді білмеу желеуімен азаматтардың өтініштерін қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ мемлекеттік тілде және басқа тілдерде қызмет атқарылатын салада олардың қолданылуына кез келген кедергі келтіру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеліп соғады. 25-бап. Уәкілетті мемлекеттік орган. Қызметі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тиісті Ережемен реттеліп отыратын уәкілетті орган өз құзыреті шегінде: тілді дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясаттың жүргізілуін қамтамасыз етуге; тілдерді қолдану мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуге, оның орындалуын жүзеге асыруға; тіл туралы заңның орындалуын бақылауға, оны бұзу фактілерін қарауға және олар бойынша шешім қабылдауға; Қазақстан Республикасында ономастикалық және терминологиялық жұмысты үйлестіруге міндетті. Уәкілетті орган: өз құзыретіне сәйкес тіл туралы заңның орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға; министрліктерден, ведомстволардан, орталық және жергілікті атқарушы органдардан, меншік нысанына қарамастан ұйымдардан заңдардың, тілдерді қолдану мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының орындалуы жөнінде ақпарат, мәліметтер, құжаттар сұратып алуға; заңдарда белгіленген өзге де функцияларды атқаруға құқылы. 26-бап. Осы Заңның орындалуын қамтамасыз ету Осы Заңның ережелерін іске асыруды кадрлар, материалдық-техникалық, қаржы, оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Үкіметіне және өзге де мемлекеттік органдарына жүктеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет