Реферат Тақырыбы: "Тіл туралы заңның қабылдануы"


ІІІ тарау. Тіл – білім беру, ғылым, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары саласында



бет4/7
Дата31.01.2023
өлшемі38,77 Kb.
#63971
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
тіл туралы заң (1)

ІІІ тарау. Тіл – білім беру, ғылым, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары саласында
16-бап. Тіл – білім беру саласында. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілде, ал ұлт топтары жинақы тұратын жерлерде солардың тілдерінде жұмыс істейтін мектепке дейінгі балалар мекемелерін құру қамтамасыз етіледі. Балалар үйлерінде және оларға теңестірілген ұйымдарда оқыту, тәрбие беру тілін жергілікті атқарушы органдар олардағы балалардың ұлттық құрамын ескере отырып белгілейді. Қазақстан Республикасы орта, арнаулы орта және жоғары білімді мемлекеттік тілде, орыс тілінде, ал қажетіне қарай және мүмкіндігі болған жағдайда басқа да тілдерде алуды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік те, мемлекеттік емес те оқу орындарында мемлекеттік тіл мен орыс тілі міндетті оқу пәні болып табылады және білім туралы құжатқа енгізілетін пәндер тізбесіне кіреді. 17-бап. Тіл – ғылым және мәдениет саласында Қазақстан Республикасында ғылым саласында, диссертацияларды ресімдеу мен қорғауды қоса алғанда, мемлекеттік тіл мен орыс тілінің қолданылуы қамтамасыз етіледі. Мәдени шаралар мемлекеттік тілде және қажет болған жағдайда басқа да тілдерде жүргізіледі. 18-бап. Баспасөз бен бұқаралық ақпарат құралдарының тілі Қазақстан Республикасы баспа басылымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілдің, басқа да тілдердің қолданылуын қамтамасыз етіледі. Қажетті тілдік ортаны жасау және мемлекеттік тілдің толыққанды қолданылуы мақсатында, олардың меншік нысанына қарамастан, телерадио арналары арқылы берілетін мемлекеттік тілдегі хабарлардың көлемі уақыт жағынан басқа тілдердегі хабарлардың жиынтық көлемінен кем болмауға тиіс.
ІҮ тарау. Тіл – елді мекен атауларында, жалқы есімдерде, көрнекі ақпаратта
19-бап. Топономикалық атауларды, ұйымдардың атауларын пайдалану тәртібі. Елді мекендердің, көшелердің, алаңдардың, сондай-ақ басқа да физика-географиялық объектілердің дәстүрлі, тарихи қалыптасқан қазақша атаулары басқа тілдерде транслитерация ережелеріне сәйкес берілуге тиіс. Мемлекеттік ұйымдардың, олардың құрылымдық бөлімшелерінің атаулары мемлекеттік тілде және орыс тілінде беріледі. Бірлескен, шетелдік ұйымдардың атаулары мемлекеттік тілде және орыс тілінде транслитерация арқылы беріледі. 20-бап. Кісі есімін, әкесінің есімін және тегін жазу Кісі есімін, әкесінің есімін және тегін ресми құжаттарда жазу Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес келуге тиіс. 21-бап. Деректемелер мен көрнекі ақпарат тілі Мемлекеттік органдардың мөрлері мен мөртабандарының мәтінінде олардың атаулары мемлекеттік тілде жазылады. Меншік нысанына қарамастан, ұйымдардың мөрлерінің, мөртабандарының мәтіні мемлекеттік тілде және орыс тілінде жазылады. Бланкілер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткіштері, басқа да көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде және орыс тілінде, ал қажет болған жағдайда басқа да тілдерде жазылады. Қазақстанда өндірілетін тауарлардың арнайы мәліметтер көрсетілген тауарлық жапсырмаларында (этикеткаларында), таңбаламаларында, нұсқаулықтарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде қажетті ақпарат болуға тиіс. Шетелде өндірілген тауарлардың арнайы мәліметтер көрсетілген тауарлық жапсырмалары (этикеткалары), таңбаламалары, нұсқаулықтары импорттаушы ұйымдардың қаражаты есебінен мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі аудармасымен қамтамасыз етіледі. Көрнекі ақпараттың барлық мәтіні мынадай ретпен: мемлекеттік тілде – сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тілінде оң жағына немесе төменгі жағына орналасады, бірдей өлшемдегі әріптермен жазылады. Қажеттігіне қарай көрнекі ақпараттың мәтіндері қосымша басқа да тілдерге аударылуы мүмкін. Бұл жағдайда қаріп өлшемі нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардан аспауға тиіс. Ауызша ақпарат, хабарландыру, жарнама мемлекеттік тілде, орыс және қажет болған жағдайда, басқа да тілдерде беріледі. 22-бап. Почта-телеграф жөнелтілімдерінің тілі Почта-телеграф жөнелтілімдері Қазақстан Республикасының шегінде мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде, ал республикадан тыс жерлерге белгіленген халықаралық ережелерге сәйкес жіберіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет