Тілімізді сақтау үшін жасалынған ұсыныстар
Мемлекеттiк органдарда iс қағаздарын жүргiзуде қос тiлдiлiктен, бiр тiлдiлiкке, яғни қазақ тiлiнде жүргiзуге көшу керек. Ол үшiн тiл туралы Заңның тиiстi баптарына өзгерiс енгiзу қажет.
Ата Заңымыздың 7-шi бабының «Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады» деген 2-шi тармағын алып тастау қажет.
Тiл туралы Заңның 24-шi бабында «Қазақстан Республикасының тiл туралы Заңының бұзылуына кiнәлi мемлекеттiк органдардың, кез келген меншiк нысанындағы ұйымдардың 1-шi басшылары, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жауапты болады» делiнген. Заңның осы қағидасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қажет.
Аталған Заңның 25-шi бабына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң биылғы жылғы 8-шi қаңтардағы №16 Қаулысымен бекiтiлген Ережеге сәйкес, тiлдер туралы Заңдардың сақталуына бақылау жасауды өз әөзыретiнiҰ шегiнде Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық келiсiм Министрлiгi жүзеге асырады.
Мемлекеттiк органдарда бос лауазымдарға қызметкерлер қабылдағанда, олардың бiлiктiлiк талаптарының тiзбесiне мiндеттi түрде қазақ тiлiнде iс қағаздарын жүргiзе алатындығы енгiзiлуi тиiс.
ІІІ Қорытынды
Бүгінгі таңда қоғамда қабылданған жаңа «Қазақстан-2050» Стратегиясына сәйкес Қазақстан тұрғындарының тек қазақ емес, орыс және ағылшын тілдерін дамытуға бағытталған үштілділік саясаты белсенді жүргізілуде. Қазақстандағы тілдердің үштұғырлығы туралы Н.Ә.Назарбаев әр түрлі ресми басқосу кезеңдерінде бірнеше рет атап өтті. Алғаш рет бұл идея 2006 жылдың қазан айында Қазақстан халқы Ассамблеясының XII сессиясында жарияланды. Қазіргі кезде қазақ мектептерінде қазақ және орыс тілдерімен қатар республикада тұратын халықтардың 10-нан астам ұлттық тілдері оқытылуда. Бұл Қазақстанның барлық ұлттық азшылықтарының өкілдеріне ана тілінде білім ала отырып, өздерінің мәдениеті мен тарихын жетік меңгеруіне мүмкіндік береді.2009 жылғы ұлттық санақ бойынша Қазақстанның жалпы халқының 84,8% -ы орыс тілін, 62% -ы қазақ тілін, ал ағылшын тілін тұтынушылар халықтың 7,7% -ын құраған.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы. Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар: Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға; Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға; қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi.
ІV Пайдаланылған әдебиеттер
1.Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». ҚР Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Егемен Қазақстан, 15 желтоқсан 2012 ж.
2.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі – Мәңгілік Елдің Ұлы тарихы. Тәуелсіздік күніне орай салтанатты шарада сөйлеген сөзі. - Егемен Қазақстан, 16 желтоқсан 2014 ж.
3.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму. Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша. – Егемен Қазақстан, 1 желтоқсан 2015 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |