Реферат тақырыбы: Туристік формальдылықтың мәні және классификациясы Дисциплина: Туристік формальдылықтар Қабылдаушы аға оқытушы магистр: Ондасинова А. А. Тапсырушы: Төребек Ж. А. Мамандығы және тобы: Туризм және сервис 201
Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті
«Жаратылыстану ғылымдары факультеті»
«География және туризм кафедрасы»
РЕФЕРАТ Тақырыбы: Туристік формальдылықтың мәні және классификациясы
Дисциплина: Туристік формальдылықтар
Қабылдаушы аға оқытушы магистр: Ондасинова А.А.
Тапсырушы: Төребек Ж.А.
Мамандығы және тобы: Туризм және сервис 201, 6В11101
Атырау 2023
Туризм өзінің кең масштабтылығымен, көпшілігімен, халықаралық және әлеуметтік сипатымен қоғам өмірінің түрлі жағдайларына әсер етеді.
Туризмнің дамуы қазіргі өте жылдам және оның шаруашылық саласы ретінде дамуы мемлекеттердің тұрақты даму стратегиясымен тығыз ұласалы. Қазіргі таңда туризмде ғаламдандыру процесі жүріп жатыр, оған Қазақстан да еніп отыр. Туризм сонымен қатар, халықаралық байланысты да күшейтеді. Өзінің өте жылдам темпте өсуімен байланысты экономикалық феноменге айналып отыр. Туризм тек халықаралық байланысты ғана күшейтіп қоймай, сонымен қатар халықты жұмыспен қамту, елге кірістің көптеп кіруінің қайнар көзім болып табылады.
Туризммен айналысу үшін кәсіпкерлердің көп инвестиция салуының қажеті жоқ болғандықтан, көптеген кәсіпкерлердің назарын аударады. Аз инвестиция салғанымен, аз уақыт ішінде көп пайда табуға мүмкіндік бар.
Туризмде әрине тыныш, уайымсыз демалу үшін, туризмнің маңызды элементтерінің бірі – құжаттарды даярлау керек.Құжаттар, яғни төлқұжат(паспорт), виза толтыру, мұның бәрі өте маңызды. Себебі барлығы да заңды түрде болуы керек. Құжаттар мен жолдамаларда туристердің жасына, әлеуметтік жағдайына, денсаулығына байланысты түрлі жеңілдіктер қарастырылады.
Бұл баяндамада сіздер төлқұжат (паспорт), визаның толтырылуы, кедендік бақылау және валюталық бақылау жайлы толық ақпарат ала аласыздар.Себебі мұндай формальдылықтарды әрбір туризм маманының білуі міндетті.