-Коммуникативті; -Интерактивті; -Перцептивті; Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас – бұл педагогтар мен тәрбиеленушілердің әлеуметтік психологиялық өзара әрекеттесу жүйесі,оның мазмұны ақпарат алмасу,тәрбиелеуші әсер жасау коммуникативті құралдар көмегімен өзара қарым-қатынаста орнатуға бағытталады. Педагогикалық іс-әрекеттегі қарым-қатынас – бұл оқу міндеттерін шешу құралы,оқу процесін әлеуметтік психологиялық қамтамасыз ету;оқыту мен тәрбиенің тиімділігіне әсер ететін педагог пен балалардың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру. Кәсіби педагогикалық қарым-қатынаскоммуникативті міндеттер түрінде жүзеге асады.Коммуникативті міндеттер дегеніміз бұл коммуникация тіліне аударылған педагогикалық міндеттер. А.А.Леоньтев коммуникативті міндетті приблемалық ситуатцияларды бағыттау нәтижесі деп анықтаған.
Қорытынды. Іс-әрекет пен қарым-қатынас бірлігі жайлы пікір,сонымен бірге, осы құбылыстар байланысының сипатын түсіндірулерінің біржақталығын ұйғармайды. Олар адамның әлеуметтік болмысы жағынан, қарым-қатынас іс-әрекет түрі сияқты тек-түр қатынасында болатын құбылыс ретінде қарастырылуы мүмкін. Соңғы жағдайда ол қандай іс-әрекет, даралық па әлде ұжымдық па деген сұрақ туындайды. Біз іс-әрекеттің екі формасы да мүмкін дегенді негізге аламыз, бірақ қарым-қатынастың өзі іс-әрекет емес, ол қоғамдық-еңбектік қатынаста әр түрлі іс-әрекетпен айналысатын адамдардың өзара әрекеттесу формалары болып табылады. «Қарым-қатынас-бір-бірімен қатарлас дамушы іс-әрекеттердің бірінің үстіне бірі қосылуы,жапсырылуы емес, ол оған серіктестер ретінде қатысушы субьектілердің өзара әрекеті.» (Б.Ф.Ломов)
Пайдаланылған әдебиеттер. 1.Айтмамбетова Б. «Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері» 2.Әбенбаев С. «Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі» 3.Интернет желісі