Реферат Тақырыбы:Қарым-қатынас-педагогикалық іс-әрекеттің негізі Тапсырған: Амангелдіқызы Аружан мдожТ 11


Қарым-қатынас субьектілері өзіндік функционалды жүктемені алып жүреді және бұрыннан бері қарым-қатынастың түрлі функцияларын жүзеге асырушылар ретінде қарастырылады



бет2/3
Дата04.03.2023
өлшемі20,85 Kb.
#71535
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
Реферат Та ырыбы арым- атынас-педагогикалы іс- рекетті негізі

Қарым-қатынас субьектілері өзіндік функционалды жүктемені алып жүреді және бұрыннан бері қарым-қатынастың түрлі функцияларын жүзеге асырушылар ретінде қарастырылады.
Қарым-қатынас функциясының неғұрлым жеке талдауы контактілік,ақпараттық,түрткі болушы,үйлестіруші,түсіну функциясын,қатынастар орнатудың эмотивті функцияларын және әсер ету функцияларын сараптап жіктеуге мүмкіндік береді.
Қарым-қатынасты,қалай дегенмен де бір-бірімен психологиялық қатынаста байланысқан адамдар арасындағы мақсатты,тура немесе қайсы бір құралдармен жанамаланған контакт орнату және қолдау процесі ретінде анықтай отырып,А.А.Леонтьев оның келесі сипаттамаларын бөледі: контактілік, бағдарлағандық, бағыттылық, арнайы семиотикалық пен процестің психологиялық динамикасы. Соңғы редакцияда олар, А.А.Леонтьев бойынша,арнайы семиотикалық және жанамалылық дәрежесі,қарым-қатынас бағдары мен психологиялық динамикасы ретінде анықталған.Бұл жерде бұрынырақ аталған сипаттамалардың кейбіреуін ол жаңа мазмұнға толтырады.

2.Педагогикалық қарым-қатынас негіздері.
Педагогикалық қызметпен байланысты қарым-қатынас-бұл оқытудың міндеттерін шешудің құралы,әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етілген білім беру процесі,педагог пен балалардың оқыту мен тәрбиенің жетістікке жетілуіне жағдай жасалуы.
Педагогикалық қарым-қатынас мұғалім мен оқушылардың оқудағы өзара әрекеттесу, ынтымақтастық формасы. Бұл – аксиалды-ретиалды, тұлғалық және әлеуметтік бағдарланған өзара әрекеттесу. Педагогикалық қарым-қатынас вербалды, бейнелі, символдық және кинетикалық құралдардың бүкіл жиынтығын пайдалана отырып, бір мезгілде коммуникативтік, перцептивтік және интерактивті функцияларды жүзеге асырады.
Педагогикалық қарым-қатынастың негізгі функцияларын анықтау үшін жалпылай қабылданған классификацияға сүйенгеніміз дұрыс болады.Педагогикалық қарым-қатынас функцияларын анықтау көбінесе оқытушының өз қызметінде алға қоятын мақсатына байланысты: а) оқу-тәрбие материалдарын білім алушының дара ерекшеліктеріне қарай іріктеу, құру және олардың жеке тұлғалық үлгісін жобалау секілді конструктивтік қабілеті; ә) білім алушыны әр түрлі оқу әрекетіне қатыстырып, ұжымда тұлғаның белсенділігін көтеру сынды ұйымдастырушылық қабілеті; б) білім алушылармен жақсы қарым-қатынаста болу, олардың даму деңгейіне, талабына сай болу секілді коммуникативтік қабілеті.
Педагогикалық қарым-қатынас субьектілері-адамдардың жас, тұлғалық ерекшеліктерімен, өмірлік тәжірибесімен, ұстанымдарымен сәйкес ерекше сипатқа ие педагогикалық қарым- қатынасты ұйымдастыру міндеті оқытушының кәсіби, әлеуметтік, психологиялық мәдениетінің жоғары болуын ғана емес,тұлғалық кемелденуін де талап етеді. Педагогикалық, психологиялық зерттеулерде педагогикалық қарым-қатынас тұлғаның қалыптасуы онсыз жүзеге аспайтын тұтас категория ретінде қарастырылады.
Педагогикалық қарым-қатынас технологиясының жоспардағы ерекше шығармашылық типі ретінде ақпарат бере алуда, оқушының жағдайын түсінуде,балалармен өзара қарым-қатынас ұйымдастыруда,қарым-қатынас серігіне әсер ету өнерінде,өзінің психикалық жағдайын басқара алуында көрініс табады.
Педагогикалық қарым-қатынастың өзгешелігі ең алдымен, оның көп объектті бағыттылығынан көрінеді. Ол тек үйренушілердің өзара әрекеттесуінің өзіне олардың тұлғалық дамуы мақсатына бағытталмаған, сондай-ақ, педагогикалық жүйенің өзіне негіз болып табылатын, оқу білімдерін игеруді ұйымдастыруға және осы негізде шығармашылық іскерліктерді қалыптастыруға бағытталған. Осыған орай, педагогикалық қарым-қатынас кем дегенде үш бағыттылықпен сипатталады: оқудағы өзара әрекеттесудің өзіне, үйренушілерге (олардың қазіргі жағдайлары, дамудыңболашақтағы бағыттары) және игеру пәніне (меңгеру).
Қарым-қатынас көпжақты және көпфункционалды құбылыс, оның сипаты өзара әрекеттесудің өзін анықтайды. Қарым-қатынасты қарастырудағы түрлі келістерді талдау негізінде қарым-қатынастың неғұрлым сәйкес стилі іс-әрекетшіл, демократиялық, достық стилі болып табылды.
Педагогикалық тәжірибені талдай отыра,тәрбие және оқыту міндеттерін шешуде туындайтын қиындықтар қарым-қатынасты дұрыс орната алмаудан туындайтынын көрсетеді.Педагогикалық қарым-қатынас құрылымы(Г.М.Андреевна бойынша:)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет