Реферат тақырып :«Ақ сөзінің этимологиясы мен топонимикалық атауларының шығу тегі»



бет2/5
Дата14.02.2023
өлшемі81,88 Kb.
#67880
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
сөзжасам топпен

Негізгі бөлім
Ақорда- «Орда» деген топонимнен туындаған, яғни орын немесе орналасу деген түбірден тараған. «Орда» сөзі – көне түркі тілінде ертедегі тайпалардың, тайпалық бірлестіктердің хандары мен бектерінің, ұлықтарының билік жүргізетін жерін белгілеу үшін қолданылған ханның сарайы, ел билеушілер тұрағы. Дәл осы топоним дәл бүгінгі күні де өз мәнін жойған жоқ. Мысалы, «Отызыңда орда бұзбасаң, қырқыңда қамал алмассың» деген мәтел сөз, сондай-ақ «Орда бұзар отыз жас» деген сөз тіркесі осы сөзіміздің нақты дәлелі бола алады. тұрағы нақты дәлелі бола алады. [https://egemen.kz/article/38644-aq-orda-kok-orda-boz-orda]
Ақмешіт үңгірі. Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы.
Бұл атауға қатысты аңыз әңгімелер өте көп. Солардың бірі- Есіркеп Қойгелді батырға қатысты. Батыр қалмақтарға қарсы жорыққа шығар кезде, кенеттен жаңбыр жауып кетеді. Он мыңнан астам әскер пана іздеп, осы үңгірді паналайды да, өмірлерінде алғаш рет таңғы намазға жығылыпты. Атауы жоқ үңгірді жауынгерлердің бірі батырдың атымен атауға ұсыныс тастайды. Алайда батыр келіспей, «бұл үңгір бізді нөсерден аман сақтап қалды, сәждеге жығылып, намаз оқуымызға мүмкіндік берді. Үңгір ішіндегі тастары да ақ ұлпадай аппақ, керемет әсер қалдырады. Мұның қасиеттілігі де осы шығар. Сондықтан оны Ақмешіт деп атайық деп, осы атау қалыптасқан екен. [https://youtu.be/bBHbsMYKHvU]

Ақсу ауданы- Алматы облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. Жер аумағы 12,6 мың шақырым. Зерттеушілердің пікірінше: «Ақсу атауы судың ақ түсін білдірмейді, оның ағынын, тау басынан өз арнасымен төмен қарай ағып келетін қардың суы екендігін көрсетеді [18; 22]. «Ақсу» атауын талдай келіп, біздің пікірімізше,– деп жазады этимолог Телғожа Жанұзақ – атаудың негізгі мағынасы «судың, өзеннің ақ ботала боп аққан түсіне байланысты [А.Кендірбекұлы «Алматы облысының елді мекен атаулары» (этимологиялық сөздік) Алматы 2016\13-бет]
Ақөзек разъезд – Матай ауылдық округіне қарасты әкімшілік – аумақтық бірлік. Атау ақ және өзек сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Көне түркі oz – «аңғар», «алқап» мәнін білдірсе, ozak - «таудағы қыспақ жер, таудың қылтасы», «сай» мәнін білдіреді. Демек, «ақ, таза, сай», «ақ тасты аңғар», «құрғақ аңғар» деген мағынаға сәйкес қойылған. [А.Кендірбекұлы «Алматы облысының елді мекен атаулары» (этимологиялық сөздік) Алматы 2016\12-бет]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет