Аққұдық ауылы – Көктал ауылдық округіне қарасты әкімшілік –аумақтық бірлік. «Суы мол, сыртына тасып жатқан» деген мағынаны білдіреді.Ауыл аумағындағы көне құдықтың атауына байланысты қойылған тарихи атау. 1993 жылы 26 ақпанда Талдықорған облыстық кеңесінің қаулысымен бекітілген. Бұрынғы көшпелі кезеңде е Ұлы Жібек жолының бойындағы 2-3 шақырым жердегі Құмтөбені қыстайтын ауыл адамдары құдық суын пайдаланыпты. Соған байланысты бұл өңірдегі елді мекенді халық «Аққұдық» деп атап кеткен[А.Кендірбекұлы «Алматы облысының елді мекен атаулары» (этимологиялық сөздік) Алматы 2016\96-бет]
Ақасык (Акасык) — тау, биік. 366 м. Қарағанды обл. - Жезді ауданында. Атаудың бірінші сыңарындағы «ак» сезі географиялык термин ретінде «ақ түс», «мөлдір», «үлкен, кең, жазық» мәндерінде жиі қолданылады. Ал екінші сынарындағы асық сөзі көптеген түркі тілдерінде «өзен алаптарынын кең де жазық тұсын» білдіреді. Алт. диалект ажык - «асу», хакас. - азых — «жазық, жайдақ асу» (Э.Мурзаев, 1984, 40). Бұл мағұлұматтарға және таудың аласа болуына (366 м. ғана) қарағанда, Ақасық атауы жайдак, аласа асу» деген мағынаға ие екенін көреміз.[Т.Жанұзақ «Тарихи жер-су аттарының түптөркіні»\Алматы 2010\28-б]
Ақбас (Акбас) сай, с., Баянауыл ауд., Павлодар обл. - Баянауыл ауданының Жосалы с/о қарасты село. Атаудың бірінші сыңарындағы ақ сөзінің топонимдік мағынасын бұған дейін де талай рет айтқанбыз. В.Н. Попова Павлодар облысының солтүстік аудандарында қыпшақтар тұрғандығын, оның бір атасы айбас-акбас аталғанын, ал 28 сай атынын сол атаумен аталуы мүмкіндігін, олай болса, Акбас «этнотопоним болуы мүмкін» екенін топшылайды (В.Попова, 1994, 24 б.). Ақбас деген атаудың басқа облыстарда кездесетінін ескерер болсак, пікір жанасымды сиякты.[Т.Жанұзақ «Тарихи жер-су аттарының түптөркіні»\Алматы 2010\28-б]
Ақдомбак (Акдомбак) - сай, с., Май ауд., Павлодар обл. Бұл елді мекеннің осы сай атымен аталғаны белгілі. Атаудың бірінші сыңарының мағынасы белгілі болғанмен, екінші сынарындағы домбақ сөзінің түркі, фин-угор, үндіеуропа тілдеріне ортақ домба, томба, тумб, тумп тұлғаларында кездесетін сөз екенін, оның «жота, төбе,биіктік, шоқы» мағыналарында қолданылатынын сол тілдердін сездік- терінен анық көреміз. Э.Мурзаев көрсеткендей, әзербайжан тілінде де солай, қазақ тіліндегі томпақ, төбе сөздері де осы мағынаға ие. Демек, Акдомбак атауы - «ак тебе, ак шоқы» деген мағынаға ие деп білеміз. Тіліміздегі Ақтөбе, Ақшоқы атауларымен төркіндес, мағыналас. .[Т.Жанұзақ «Тарихи жер-су аттарының түптөркіні»\Алматы 2010\29-б]
Ақдым (Акдым) тар., тау, биік. 879 м. Ер.-тау ауд. - Тура, дұрыс тұлғасы, бастапқы қалпы Акдің не Акдын болуы керек. Мағынасы: «ақ шоқы», «ақ биік», «ак төбе». Бұл атау орысша Белая сопка деп аталып, одан кейін казактын «дін», «дың» сөзі орысша «дым» сөзіне айналып, қазақша Акдым болып өзгеріске ұшырап қалыптасып кеткен. Осы жасанды Ақдым атауы қайтадан орысшаға аударылып Белодым түрінде қолданып жүр. Ал дің, дын сездері түркі, иран тілдерінде дын, тын, тон, тум тұлғаларында кездеседі де — «тау, дөң, шоқы, жота, биік, төбе» мағыналарын білдіреді. Ғ.Қоңқашбаевтың пікірінше: дің сөзі - дөң, биік жота дегенге сай. .[Т.Жанұзақ «Тарихи жер-су аттарының түптөркіні»\Алматы 2010\29-б]
Достарыңызбен бөлісу: |